ҰҢҒы профилемет- риясы



Дата09.11.2022
өлшемі322.18 Kb.
#464361
түріЛекция
ЛЕКЦИЯ 11


Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті Техникалық факультет “Мұнай - газ ісі” кафедрасы «Ұңғыны геофизикалық зерттеу әдістерінің теориялық негіздері» пәні
Лекция № 7 Ұңғы профилеметриясы
Ақтөбе,2022ж

Бұрғылау аяқталғаннан кейін, түсірілген тізбек сыртындағы кеңістікті, ұңғы оқпанын шегендеу мақсатында цементтейді. Цементтеу дұрыс жүргізілмесе коллектор қабаттарды су басып, мұнай және газ өнімдері өндірістік құндылықтарын азайтады.

Ұңғы профилеметриясы деп тереңдікке байланысты ұңғының көлденең қимасының өлшемі (размер) мен пішінін (формасы) анықтау әдісі.

Қолдану аймағы: - шегенделмеген ұңғы оқпанында. Қолдану мақсаты: - ұңғы оқпанының нақты көлемін анықтау; - ұңғы оқпанындағы науа қалыптасу интервалын анықтау; - науа өлшемдерін анықтау; - ұңғы оқпанының вертикальды литологиялық кескінін анықтау.

Саз, сазды алевролит, мергель жыныстарынан қалыптасқан қабаттарда науалардың қалыптасу мүмкіндігі 30—40%. Құмтас және әктас жыныстар аймағында науалар қалыптасуы 3—10%. Ангидрит, гипс, тұз аймақтарында науалар қалыптаспайды.

Ұңғы қимасының конфигурациясы

Ұңғы қабырғасындағы науа кескіні

Профилеметрияның екі түрі белгілі: - тік бағытты (вертикальды) - көлденең (горизонтальды) Вертикальды профилеметрия науаның (желоб) қалыптасу аймағын, ал горизонтальды профилеметрия өлшемі мен пішінін анықтауға мүмкіндік береді.

Профилеметрия процесін жүргізуде арнайы жабдықтар: ұңғылық (жерасты): төртаяқты (төртрычагты) профилемер (каротажды кабельмен түсіріледі); жерүсті: арнайы көлікте орнатылған кабель оралған шығыр (лебедка) және арнайы компьютермен, мәліметті қағазға түсіру аспаптарымен жабдықталған лаборатория көлігі .

Профилемер скважинный ПФ-80–8, ПФ-80–8Т

Каверномер - профилемер скважинный 4СКП

СКП – скважинный каверномер- профилемер. Тіркеу параметрі -ұңғы радиусы. СКП-Т – аномальды жоғары термобарлық жағдайда қолдану мүмкіндігі.

Профилеметрия ұңғы конструкциясына байланысты әр тізбек (бағыттауыш, кондуктор, аралық құбыр, пайдалану немесе шегендеу ) түсірілу барысында жүргізіледі.

Профилемер ұңғы жобалау (проектной) тереңдігіне дейін қазылып болғаннан кейін, науа (желоб) аймағын анықтап, қажетті цемент ерітіндісін есептеу үшін төменнен жоғары қарай көтереді. Процесс нәтижесінде профилеграмма, ұңғы диаметрінің сан мәні және цементтеуге қажетті ерітінді көлемі көрсетілген мәлімет алынады.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет