Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет151/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

 
Әдебиеттер 
1. 
«ҚР Кедендк реттеу туралы» Кодексі: Алматы – 2018ж. «ЮРИСТ» 
2. 
Қазақстан Республикасының кеден құқығы оқулық.: Алматы: Нұр-пресс, 2007. 
3. 
Жақашев, Д.С. Кеден органдарының құқықтық мәртебесі: - Алматы: Жеті жарғы,. 2003.ж 
ӘОЖ341.24 
 
МЕМЛЕКЕТТІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕСУДЕГІ ҚҰҚЫҚТЫҚ КӨРІНІСІНІҢ ӨЗЕКТІ 
ПРОБЛЕМАЛАРЫ 
 
Жеңісбек Ә., Нагимова С. - ЮМ-20-1к3 тобының студенттері 
Имашев Б.Е. – з.ғ.к., доцент 
Қазақстан Республикасы Ата Заңында еліміздің зиялы, демократиялық қоғам және құқықтық мемлекет құру 
жолында халықаралық нормаларды ұстанатындығы айқын көрсетіліп, республиканың дүниежүзілік қоғамдастықтың 
толық құқылы, бөлінбес бөлігі екендігі жария етілген. Мемлекеттік қызмет мүдделеріне қарсы қылмыстарға қатысты 
проблемалардың бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес болып саналады. Оның мақсаты – азаматтардың құқықтарын 
қорғауға, ҚР Ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын-


171 
алу анықтау, олардың жолын кесу және ашу, зардаптарын жою және кінәлілерді жауапқа тарту, сондай-ақ 
жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгілейді. Осы мәселелердің жүйелі орындалуына және оған қарсы күрес 
жүргізу – құқық қорғау органдары, Ішкі істер министрлігі қызметкерлерінің заман талабына сай, нәтижелі еңбектерінің 
арқасында орындалады деп сенім артылуда. Қол жеткен табысқа тоқмейілсімей, талапты күшейте отырып, осы 
бағыттағы жүйелі талапты күшейте отырып, осы бағыттағы жүйелі жұмыстарды белсенділікпен жалғастыру – қазіргі 
таңдағы аса жауапты міндет.
Қазіргі таңда еліміздің өркениеттер мемлекеттер қатарынан өзінің лайықты орын алуға ұмтылып отырғанда 
азаматтардың құқықтары мен еркіндігін қорғау – мемлекетімізді нығайтудың маңызды мәселесіне айналып отыр. 
Әлеуметтік құбылысқа айналған қылмысқа тосқауыл қою бағытында атқарылар жұмыстардың ірілі-ұсақтығы жоқ 
екенінөзі де айқындады. Бұл ретте қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтудің маңызы жоғары. 
Сыбайлас жемқорлық негізінен, көзге көріне бермейтінқылмыс. Сондықтан да оның ізіне түсіп, қолға ұстап алу 
қиын. Ол табиғатында құпия түрінде жүзеге асырылатын жымысқы қылмыстар қатарына жатады. Ұстала қалған күннің 
өзінде сан алуан түлкі бұлтаңға салып, жазадан сытылып кетудің, сан түрлі айлаларын іздейді. Бірақ не нәрсенің де шегі 
бар, қанша жерден құтылып кетуге тырысса да жұртшылық алдында бетпердесі ашылады. Бұл арада БАҚ арқылы 
беріліп жататын қылмысты хроникалар, жемқорлық тақырыбындағы түрлі жанрлы хабарлар, мерзімді басылымдардағы 
әшкерелеу мақалаларын ресми семинарлар мен басқа да басқосуларда осы мәселелер төңірегінде ой бөлісу-саяси ерік-
жігерді арттыра түседі. Бірақ бұл арада “жемқорлық – қоғамдық дерт, онымен баршамыз аяусыз күрес жүргізуіміз 
қажет” – деген сияқты үндеулерден гөрі сыбайлас жемқорлық нақты адамдарға қандай нақты кеспатын, зиянын тигізеді 
деген сұрақтарға жауап іздеген әлдеқайда ұтымды болмақ[1].Өйткені парақорлықтың әсерінен әлеуметтік нысандар, 
яғни мектеп, аурухана салынбай жатады. Салықты бұрынғыға қарағанда көп төлейді, жұмыс орындары азаяды, жалақы 
төмендейді. Қысқасы, қоғамдағы әлеуметтік қырсыықтардың басым көпшілігі осы қолы таза емес жемқорлардан келіп 
жататыны айтпаса да түсінікті.Әрине жемқорлықтың қандай дәрежеде қоғамдық ашу туғызатынын айту қажет. 
кейбіреулер оп-оңай айта салатын болса “ашу-ызаны” лауазымдарын асыра пайдалану арқылы меншікке қол сұққандар 
туғызып жатса жұртшылық бұл астамшылыққа бей-жай қарай алмайды. Мемлекет қаражатын қалағанынша қарпып 
алудың қарапайым азаматтардың қалтасына түсумен бірдей екенін терең сезінетін жұртшылық мұндайда үлкен күшке 
айналады. Отандық заңнаманың жетілмегенін пайдаланып, қоғамның сыбайлас жемқорлыққа малынған “бетке 
ұстарлары” республика бюджетінің кірісіне шамалас қисапсыз капиталды шетелдерге жібергенін естіп жүрміз. Оларды 
қайтару оңайға түспесі анық. Ал, ҚР Үкіметі Халықаралық валюта қорынан жылда несие сұрайды.ол өзінің беретін 
несиесінің есесіне Қазақстанның реформа жүргізуіндегі өз дербестігін жоғалтуына дейін талап қойып отыр. Батыстың 
біздің экономикамызды қаржыландыруы біз үшін арзанға түспейтіндігіне жыл асқан сайын көзіміз жетуде. 
Экономикалық қауіпсіздік проблемасына мән бермесек, ұлттық тәуелсіздігімізді жоғалтып алуымыз әбден мүмкін[2]. 
Сондай-ақ, парақорлыққа да ерекше көңіл бөлу қажет. ол да мемлекеттік қызмет мүддесіне қарсы қылмыстардың 
ең жаман түрі. Парақорлық жөніндегі көптеген қылмыстық істердің әр түрлі, қисынсыз себептер мен ұзақ уақыт 
қаралмай немесе Қылмыстық кодекстің басқа баптарына негізсіз дәрежеленіп, бұрмалайтын жағдайлары да бар. Әсіресе, 
кейбір соттар өздерінің әріптестеріне қатысты істерге “түсіністікпен” қарайтын сәттері де жоқ емес[3]. 
Билік органдарындағы сыбайлас жемқорлықпен күрестің жолындағы тосқауылдардың бірі – экономикалық және 
саяси (немесе мемлекеттік) элиталар арасында тығыз өзара байланыстың бар екендігі. Экономикалық мемлекеттік және 
жеке секторлардың үйлесіп кетуі қазіргі кезде қиын боп тұр. Жек сектордың жедел дамуы үшін қатаң заң енгізу керек, 
сол арқылы оны мемлекеттің араласуынан қорғауға және жеке сектордың заңдылықты сақтауын бақылауға мүмкіндік 
тудыру қажет. 
Соңғы бірнеше жылдарға созылып келе жатқан мәселелердің бірі – бюджеттің кіріс бөлімін орындау және оның 
шығыс бөлімін бақылау. Мұның екеуінде де сыбайлас жемқорлықты кездестіруге болады. Бюджеттің салық бөлімін 
орындау үшін көп нәрсенің керегі жоқ – өндірістік кәсіпорындардың дамуына мүмкіндік беретіндей салық заңнамасын 
қабылдау және салық төлеуден жалтаратындарға қатаң санкция белгілеу. Сонымен қатар, қолма-қол ақша айналымын 
біртіндеп шектеу, ол үшін ақша қаражатын қолма-қолданушылықтан қаптаған ұйымдардың арылу және сыбайлас 
жемқорлыққа дем беріп отырған өзара есептесу дегенді мүлде азайту.Сондай халықтың маңдай теріммен, қиындықпен 
жиналатын бюджет қаражатының өз мақсатында жұмсалатындығына бақылаудың болмауы да көңіл алаңдатады. 
Мысалы, жергілікті әкімшілікке, мектепке немесе кәсіпорынға мемлекет бөлген субвенциялар нақты алушыға жеткенше, 
жол-жөнекей жарым-жартылай, кейде көп бөлігі талан-таражға түскенін хабарлардан көріп, естіп жүрміз. Оған 
әкімшілік шенеуніктері тікелей қатысады. 
Cыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызушылар заң бойынша жазаға тартылуы тиіс. Заңда көрсетілген лауазымды 
адамдардың басқа мемлекеттік органдардың, ұйымдардың қызметіне заңсыз араласуына және мүдделеріне өздерінің 
қызметтік өкілеттіктерін пайдалануына, жоғарыда тұрған ресми адамдарға сыйлықтар таратуға және қызметтен тыс 
қызмет көрсетуіне, қызметі мен жұмысы жөнінен лауазымды адамдармен немесе мүлік салынатын құмар ойындар 
ойнауға қатысуға, сондай-ақ ҚР-ның жеке және заңды тұлғаларының есебінен мемлекеттік және шетелдік туристік, 
емдеу және сауықтандыру және өзге де шақыруды қабылдауға, өзге де мүлікті сатып алуда заңдарда көзделген 
артықшылықтарды пайдалануға, өзге де мүлікті сатып алуда заңдарда көзделген артықшылықтарды пайдалануға тиым 
салынып, кінәлі адамдар тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылады. Ал, заңсыз алынған 
сыйақылар мемлекеттік бюджетке табыс етіледі[4]. 
Аталмыш қылмыстардың алдын-алу және онымен күрес жүргізу мақсатында мына іс-шараларды жүзеге асыруды 
басты назарда ұстау керек: 
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істерді айрықша назарда ұстап, ай сайын осындай тұрпатта 
қаралған істердің қорытындысын шығарып отыру; 
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істерді сотта қарау тәртібі мен реттеріне нұқсан келтірген 
судьялардың тәртіптік жуапкершілігін қатайту; 
Мұндай істердің барысын қадағалап отыратын судьяны бөлу; 
Сыбайлас жемқорлық сипатындағы қылмыстық істерді қарау мерзімін нақты белгілеу. 
Қазіргі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты 
назары экономикалық даму процестерінің басқарылуына, ұйымдық – құрылымдық буындардың тиімді жолдарына, ішкі 
өзін-өзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға аударылуы тиіс. 


172 
Қорыта айтар болсақ, сыбайлас жемқорлықты азайту мақсатында шет мемлекеттердің тәжірибелерін бөлісу 
қажет. Сингапурдың мемлекеттік қызметшілердің жалақысы көлемінде есептеуді, мемлекеттік лауазымды тұлғалардың 
мүлкі, активтері т.б. есеп жүргізуді , сыбайлас жемқорлық жағдайлары жайында хабарлаған адамдар туралы құпия 
ақпараттарды қатаң сақтау, мемлекет қызметкерлеріне жеке және заңды тұлғалардан сыйлық алуға тыйым салу. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   147   148   149   150   151   152   153   154   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет