Ғылымдар бойынша ХХV республикалық студенттік ғылыми конференциясының



Pdf көрінісі
бет157/292
Дата06.12.2022
өлшемі5.25 Mb.
#466590
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   292
ЖТ ЮМ сборник

Бірінші себепте, ата-аналар тәрбиесінің жеткіліксіз болуы. Жеткілікті болғанның өзінде тәрбиенің дұрыс 
берілмеуі. Қазіргі ата-аналардың тәрбиесі бұрынғымен салыстырғанда мүлдем өзгеше. Нәтижесінде ата-аналар 
балаларына кері тәрбие береді, яғни атап айтатын болсақ көшеде келе жатып бір-бірімен соқтығысып қалған жағдайда, 
кешірім сұрап әрі қарай кете берудің орнына, олардың ата-аналары оларға тек өзінікін дұрыс, өзгенікін бұрыс деп 
тәрбиелейді. Ал сол тәрбиені көріп өскен жас бала ертеңгі күні біреуге жамандық жасаса да өзінікін дұрыс деп санайды. 
Сол кезде ол жасы кәмелетке толмаған балаға тәрбие беру өте тым кеш болады. Әрине тәрбие ошақ басынан, содан 
кейін қазіргі таңда мектептегі мұғалімдерінің беделінің төмен түскендігі де байқалады. Бұл да қазіргі таңдағы өзекті 
мәселелердің бірі болып табылады. 
Екінші себеп – қоғамдағы қылмыстың артуына нашақорлық пен алкоголизмнің салдары болып тұр. Әрине, 
ішкен адам өзінің жасаған әрекетіне, мінезіне жауап беруі өте қиын және ол мас күйінде ненің дұрыс, ненің бұрыс 
екенін тіпті ойламайды. Сондықтан аталған мәселені шешпейтін болсақ, біз жасөспірімдер арасындағы қылмыстың 
санын азайту мүмкін емес. 
Үшінші себеп – құқық қорғау органдарындағы заңсыздық мәселесі. Бір бала қылмыс жасаса және оны бәрі 
біледі. Ал осы кезде құқық қорғау органдары әлгі балаға жаза қолданудың орнына басқа заңдылыққа жатпайтын 
шараларды қолданып, көз жұмып отыра береді, ал бұл жағдай келесі балаға теріс әсер етеді. Осы оқиғаны көрген жастар 
жазадан құтылуға болады деген ойға келеді. Нәтижесінде жасөсіпірімдер арасында заңға сенімсіздік пайда болады [2]. 
Қазіргі таңда жасы кәмелетке толмағандардың қылмыстылығына дұрыс әлеуметтік құқықтық баға беріп, дұрыс 
түсіну үшін ерекше криминологиялық проблема болып табылатын барлық қылмыстылықтың арнайы құрылымдық 
бөлігі ретінде қарастыру қажет. Жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының негізгі көрсеткіштерін талдау 
барысында әйел және ер жынысындағы құқық бұзушы жасы кәмелетке толмаған топтарды атап көрсеткен жөн. Олар 14-
15 және 16-17 жастағылар болып келеді. Сондай-ақ қоғамға қарсы әркеттері үшін жасы 14-ке толмағандардың да 
қылмыстылығын көрсеткен жөн. Жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының ресми қылмыстық статистикалық 
көрсеткіштерін бағалай отырып, жасөспірімдердің қылмыстылығының шын мәніндегі сандық көрсеткіштерін толық 
көрсетпейтінін айта кету керек. Яғни, қазіргі таңда жасы кәмелетке толмағандар қылмыстылығының латенттілігі өте 
жоғары деп бағалануда. Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықты талдау нәтижесінде қылмыстылықтың 
басқа әлеуметтік құбылыстармен байланысы анықталады, яғни әрқилы түрлерінің өзара әрекеттестігі айқындалады, 
сапалық сипаттың сандық жағы, қылмыстылықтың өзгеру бағыты ашылады. Айта кететін болсақ ішкі істер оргадары 
қызметкерлерінің қылмысты жасыруы да кәмелетке толмағандар қылмыстылығының латенттігін көтереді. Жасы 
кәмелетке толмағандар қылмыстылығының құрылымын меңгеруде және олардың әртүрлі қылмыс қатарын жасаудағы 
ерекшелігін оқып-білуде олармен жасалатын ұрлық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, күш көрсетіп жасалатын 
қылмыстарға тән сипаттамаға және жасөспірімдік мотивацияға көңіл бөлген жөн [3].
Мысалы соңғы жылдары Қазақстанда кәмелетке толмағандардың ересектермен бірлесіп жасаған қылмыстарың 
саны күрт өсуде, яғни 35%-ға дейін өсті. Көп жағдайда ішкі істер органдарының қызметкерлері кәмелетке 
толмағандардың қоғамға қауіпті іс-әрекеттерін тіркеуге формальды қарайды. Сақтандыру жұмысының тиімділігіне 
ықпал ететін екінші бір жағдай-кәмелетке толмаған құқық бұзушылармен айналысатын мекемелер арасында тығыз 


178 
байланыстың болмауы, ондағы қызметкерлердің білім, тәжірибесінің жеткіліксіздігі, жасөспірімнің әрекетіне тиісті баға 
бере алмауы мүмкін. Мысалы төменде келтірілген Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының құқықтық 
статистика комитетінің арнайы есебінің мәліметтері бойынша 2009-2014 жылдар аралығындағы кәмелетке 
толмағандардар арасында жасалған қылмыстар өрши түсті. 
Кәмелетке толмағандар қылмыстылығының бір ерекшелігі оның топтық сипатында, яғни кәмелетке 
толмағандардың арасындағы кісі айтқысыз қатыгездік те жатады. Кәмелетке толмағандардың қоғамқа қауіптілігі сонда, 
олар өз мақсаттарына қалай да жету үшін ату және суық қару қолданады [4]. 
Осы жоғарыда айтылған мәселелерге байланысты мән-жайлар – қылмыстылық пен қылмыстық-құқықтық күрес 
саласындағы гуманизм әділеттік принципімен тығыз байланысты, сондықтан да қылмыс жасаған адамға қолданылатын 
қылмыстық сипаттағы шаралар мен тәсілдер қылмыстық сипаты мен қоғамға қауіптілік дәрежесіне, оның жасалу мән-
жайына және жасаған адамның жеке басына сәйкес болуға тиіс. Статистикалық мәлметтерге байланысты қазіргі таңда 
қыздар арасындағы қылмыстылық та өсу үстінде.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   153   154   155   156   157   158   159   160   ...   292




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет