Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
Қарағанды «Bolashaq» жоғарғы білім беретін колледжі
Курстық жұмыс
Пәні: Қарапайым математикалық ұғымдарын қалыптастыру әдістемесі
Тақырыбы: «Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың даму тарихы»
Орындаған: М-21-5 (11) қ тобының
студенті Оспанова А.Қ.
Ғылыми жетекшісі: Мусина Г.Ғ.
Қарағанды – 2024 жыл
Мазмұны
Кіріспе..................................................................................................................
|
|
1. Мұғалімнің оқушыларды тәрбиелеу мәселесін теориялық тұрғыда негіздеу
|
|
1.1 Оқу-тәрбие процесіндегі педагог тұлғасына сипаттама
|
|
1.2 Мұғалімнің жеке және кәсіби сапалары
|
|
1.3 Педагогикалық қызметтегі педагогтың сөйлеу мәдениеті және оған қойылатын талаптар.
|
|
1.4 Мұғалімнің оқу және тәрбиелік іс-әрекетінің үйлесімділігі
|
|
2. Тәжірибелік-эксперименттік жұмыс
|
|
2.1 Зерттеу жұмысына сипаттама
|
|
2.2 Зерттеу нәтижелері
|
|
Қорытынды............................................................................................................
|
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі......................................................................
|
|
Қосымшалар.......................................................................................................
|
|
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі. Мектепке дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру
Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.
Мектепке дейінгі тәрбие беру ұйымдарында балалардың ой - өрісін, логикасын, тілін дамытуда, белгілі бір затты қабылдауын, есте сақтауын, оны қайта жаңғыртып көзге елестетуін, дүниетанымын дамытуда қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастырудың маңызы ерекше. Балаларда бар түсініктер өздігінен ұғымдарға айнала алмайды. Ұғымдарды және оларды қолдануға негізделген ойлаудың логикалық формаларын балалар ғылыми білімдерге негіздеу барысында меңгереді. Демек, мектепке дейінгі балалардың ақыл - ой қызметінің дамуы, логикалық ойлаудың дамуы қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында жүзеге асырылады.
Балаларды мектепке дайындауда математиканы оқыту тек сандық және кеңістік, уақыт жайлы түсінік қалыптастырып қана қоймайды, сонымен бірге олардың ойлау үдерісін дамытуға (анализ, синтез, индукция, дедукция) ықпал етеді. Арнайы ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінде баланың танымдық қызығушылығымен бірге жалпы даму қамтамасыз етіледі, яғни оқытудың дамытушылық қызметі жүзеге асырылып, баланың тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік ашылады.
Балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында оқытудың дамытушылық қызметіндегі бірқатар талаптар мен шарттар орындалуы қажет. Біріншіден, дамытушы орта қажет, ол үшін мектепке дейінгі кезеңнің өзіндік ерекшелігі мен құндылықтарын сақтай отырып, қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру барысында ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталуы шарт. Балалардың танымдық қызығушылығын дамытудың негізгі факторы олардың білімі мен дағдыларының дәрежесі ғана емес, сонымен бірге, баланың маңызды психикалық қызметтерін, ақыл - ой жұмысының тәсілдерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін оқу үрдісі болып саналады. Ойлауға үйрететін сабақтар дамыта оқыту сабақтары деп есептеледі. Дамыта оқытуды ұйымдастыру, балаға ақыл - ой әрекетін меңгеруге жағдай жасайды. Педагог бұл жағдайда дайын білімді түсіндіріп қоюшы, бағалаушы емес, танымдық іс - әрекетті ұйымдастыратын ұжымдық істердің ұйытқысы. Тек осындай оқыту ғана баланың интеллектісінің көзін ашып, шығармашылығын дамытады.
Екіншіден, соңғы жылдары бастауыш сынып пен балабақша арасындағы сабақтастық мәселесі жиі айтылып жүр. Бастауыш сыныпта математиканы оқытудағы қазіргі психологиялық зерттеулер балалар бақшасында да, мектепалды даярлықта да математикалық дайындықтың мазмұнын қайта қарауды талап етіп отыр. Бұған дейін көбінесе баланың психологиялық даму мүмкіншілігін ескермегендіктен, қолданылып жүрген көптеген әдіс - тәсілдердің ұтымдылығы аз екені байқалып отыр. Бір ғана заттарды, көрнекіліктерді пайдалану арқылы қарапайым қосу мен азайтуды меңгерумен шектелсе, онда баланы алғашқы математикалық түсінігі кеңімейтіндігі дәлелденген. Олай болса, бұл жерде де біздің зерттеуімізде қарастырылып отырған оқытудың дамытушылық қызметі ескерілмеген деуге болады.
Үшіншіден, қазіргі таңда білім беру жүйесінің негізгі мақсаты – білім беру, тәрбиелеу, дамыту арқылы жеке тұлға қалыптастыру. Бұл мақсаттар өзара тығыз байланыста болғанда ғана нәтижелі болады. Олай болса, мектеп жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсінігін қалыптастыру барысында баланы жеке тұлға етіп тәрбиелеу, өмірге дайындау мақсатында білім берудің дамытушылық қызметі жүзеге асырылуы қажет. Бағдарлама әр түрлі ұйымдастырылған оқу қызметінің қарым - қатынасының көмегімен жүзеге асырылуы мүмкін: құрастыру, музыкалық тәрбие, бейнелеу өнері, дене шынықтыру. Негізгі міндет дамытушы ойындарды қолдана отырып, балалардың қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру кезінде балалардың шығармашылық қабілеттерін дамытуға ыңғайлы жағдай жасау. Бұл бағдарламада Б. Н. Никитинің, В. В. Воскобовичтің, Овид Декорлидің, Золтон Дьенештің дамытушы ойындарын қолдану арқылы ұйымдастырылған оқу қызметтерінің жоспары берілген, бұл балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға көп септігін тигізеді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Мұғалімнің жеке басының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын теориялық тұрғыда негіздеп, жалпы білім беретін мектеп жағдайында тәжірибелік - эксперимент жүргізу.
Пәні: Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы.
Зерттеу нысаны: оқу-тәрбие үрдісі.
Зерттеу міндеттері:
1.Мұғалімнің іс-әрекеттерін сипаттау;
2.Мұғалімнің оқу-тәрбие іс-әрекетіндегі үйлесімділікті анықтау;
3.Мұғалімнің жеке және кәсіби қасиеттерін зерттеу;
4.Мұғалімнің педагогикалық шеберлігін арттырудың заманауи тәсілдерін белгілеу;
5.Білім берудің гуманистік парадигмасын анықтау;
Курстық жұмыстың құрылымы: Курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
I Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың ғылыми-теориялық негіздері
1.2. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру пәнінің тарихы даму кезеңдері
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі
пәнінің ғылым ретіндегі сипаттамасы
Білім беру жүйесінде болып жатқан өзгерістер мектеп жасына дейінгі
тәрбиеге ерекше мән беруді талап етіп отыр. Болашақ мамандарға мектеп
жасына дейінгі балалардың қарапайым математикалық түсініктерін
қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесін меңгертуде аталған
пәннің маңызы зор. Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру
пәні мамандыққа байланысты негізгі пән болып табылады. Бағдарлама
талаптарына сай әртүрлі жас топтарда оқытудың мазмұны мен формалары,
балалардың математикалық даму ережесін көрсете білу, осыған
байланысты өз жұмысын жоспарлай білу, болашақ тәрбиеші үшін ең
маңызды мәселенің бірі болып табылады. Қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру әдістемесі педагогикалық ғылымдар жүйесінде
мектеп жасына дейінгі балаларды мектептегі іргелі пәндердің бірі-
математиканы түсінуіне, ұғынуына, тұлғаның жан-жақты дамуына әсер
етеді.
Мектепке дейінгі педагогикадан бөлініп, қарапайым математикалық
түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз бетінше ғылыми, оқыту саласы
болып танылды. Бұл саланың зерттеу пәні – қоғамдық тәрбие жағдайында
қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістеме процесінің
негізгі заңдылықтарын зерттеу болса. Әдістеме шұғылданатын міндеттер
деңгейі өте кең, олар:
- Әр жастағы балалардың сандық, кеңістік, уақыттың т.с.с математикалық
түсініктерді даму деңгейіне қойылатын бағдарлы талаптарды ғылыми
түрде негіздеу;
- Балабақшада, мектепте математикаға балаларды дайындауға арналған
нақты материалдың мазмұнын анықтау;
-Балабақша бағдарламасындағы математикалық ұғымдарды
қалыптастырудың материалдарды жетілдіру;
- Әдістеменің жалпы міндеті-мектеп жасына дейінгі балалардың
қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру процесінің
дидактикалық негіздерін жасау және зерттеу[3,12б.].
Балабақша балаларында қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру әдістемесі басқа ғылымдармен тығыз байланыста, әсіресе,
зерттеу пәні - тұлғаның жан-жақты дамуы, оны оқыту және тәрбиелеу
процесі болып табылатын пәндермен байланыста. Қарапайым
математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі мектепке дейінгі
педагогика мен дидактикасының, өскелен ұрпақты оқыту, ақыл-ойын
тәрбиелеу міндеттеріне арналған жұмыстарына сүйенеді. Жалпы білім
беру және кәсіби мектептер реформасы барлық жалпы білім беру
пәндерімен қоса математика пәнін үйретудің сапасын жоғарылату
міндетін қойып отыр. Мектепке дейінгі дайындықтың жеткіліксіздігінен
мектеп қиындыққа кездесетіні баршылыққа мәлім. Мектеп математикасын
оқытудың мазмұны мен әдістерін жетілдіруі мектепке дейінгі
дайындыққа жаңа көзқарасты қажет етуі. Қазіргі уақытта мектеп жасына
дейінгі балалардың математикалық ұғынымдарын дамыту бағдарламасына
едәуір өзгерістер енгізілді. Оқытудың жаңа тиімді әдістері табылып олар
іс жүзінде тексеріліп келеді. Қарапайым математикалық ұғымдарды
қалыптастыру әдістемесі бір шама жас педагогиканың ғылым болып
табылады. Бірақ, сонымен қатар, бұл ғылым саласының терең тарихи
түбірлері бар екені шындық. Басқа ғылымдармен байланысу балаларда
математикалық ұғынымдарды қалыптастыру әдістемесін теориялық
негіздемемен қамтынады[4,11б.].
Математиканың дамуы басқа да ғылымдардың, мысалы, бес мың жыл бұрын
Вавилонда астрономияның дамуына мүмкіндік туғызды. Yш ғасыр бұрын
Галилей мен Ломоносов, Ньютон физиканы, химияны, механиканы
математикаландыра бастады. Ғылымдарды математикаландыру XXғасырдың
бас кезінен бастап әсіресе күшейе бастады. 50-жылдардан бастап ол қауырт
өрістеді. Tiптi таяу кезден бастап математикалық экономика, математикалық
лингвистика, математикалық биология, математикалық логика т. б. сиякты
ғылымдар пайда болды. Қазіргi кезде ғылым адамның білімін өлшеу және
оларды математикалық жолмен көрсете білу шеберлігін игеруге ұмтылады.
Мысалы, жақында ғана, біздің ғасырымыздың 40-жылдарында жаңа
математикалық пән-информация теориясы пайда болды. Ол алуан түрлі
хабарларда (баяндамада, лекцияда, көркем шығармада, әңгімеде т. б.)
берілетін информацияларды сан жағынан өлшеу мүмкіндіктері мен ә дістерін
зерттейді. Адамның білімі неғұрлым саяз болса, соғұрлым қабылданатын
ақпараткөлемі үлкен болады. Ақпаратты сандық көрсеткішпен көрсете білуге
үйрену өте маңызды: бұл ақыл-ой жұмысын өте ықшамдауды қамтамасыз
етеді, «ойлағыш машиналарды» дәлірек конструкциялауға мүмкіндік
туғызады, «ойлағыш машиналардың»:іс-әрекетін ықшамдайды.
Экономика мен мәдениет дамыған сайын өте күрделіесептеулер жасау
қажеттілігі артады. Көптеген ғылыми және шаруашылық міндеттерді шешуде
есептеулер күрделі және көп еңбек етуді тілейді. Мәселен, ертеңгі күнгі ауа
райының қандай болатынын алдын ала болжау үшін, есептеу бюросына
айлап жұмыс жасауы қажет болар еді. Есептеу техникасы неғұрлым аз
жетілдірілген болса, соғұрлым қате көп кетеді. Осылайша адамның барған
сайын қажеті арта 6epin, оның қолында бар шын мүмкіндігіне сәйкес
болмады. Ал адамның балық сияқты жүзгісі, құс сияқты ұшқысы, алысырақ
және тереңірек көретін көзге ие болғысы, басқа әлем дүниесімен танысқысы
келді. Солайша, барған сайын көбейе берген жаңа қажеттіліктің туып
отырғандығынан, адам ерте кезден-ақ әр түрлі есептеу құралдары мен
машиналар ойлап шығара бастаған.
Әр түрлі халықтар әр кезде есептеуге көмектесетін приборлар ойлап
шығарған. Мысалы, Қытайда ерте кезден бастап-ақ «сван-пан» деп аталатын
құрал жасап шығарылған, мұнықытайлықтар осы кезге дейін пайдаланады.
Русьта есепшот («орыс есепшоты») жасалған еді, оны 6iз осы уақытқа
дейін пайдаланамыз. Keйінірек басқа да есептеу машиналары, мысалы, 1874
жылы орыс инженері В.Т.Однер жасап шығарған «Феликс атты» арифмометр
жасап шығарылды. Осы арифмометрмен белгілі 6ip мерзім ішінде 10—12
адамқағазға сол мерзімде жасайтындай мөлшерде есептеуге болады. Орыс
есепшотында да, қосу мен азайтуды орындай отырып, шамамен сондай
жылдамдықпен жұмыс істеуге болады, бірақ есепшотта басқа амалдарды
орындау, арифмометрге қарағанда, қиынырақ[5,32
Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі өз дамуына ұзақ шыңдалу жолынан өтті деп айтуға болады. Оның қайнар көзі халық ауыз әдебиеті болып табылады. Көптеген сан алуан санамақ, жаңылтпаш, жұмбақтар, мақал-мәтелдер, нақыл сөздер балалардың санау дағдысына, есептеу әрекетіне деген қызығушылықтарын оятты, балада сан туралы алғашқы ұғымдар қалыптаса бастады. Жаттығулар арқылы баланы санауға үйрету туралы алғашқы ой-пікілерді тұңғыш баспагер Иван Федоров айтып, ол өзінің Ресейдің алғашқы баспадан шыққан оқулығы «Әліппеде» (1574) айтты.
XVII-XIX ғасырларда балаларды арифметикаға үйрету әдістемесінің мазмұны мен барысы туралы мәселелер Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци К.Д.Ушинский, Л.Н.Толстой т.б. ой-пікірлерінде айтыла бастады.
Ол дәуір педагогтары балалардың қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру тек жүйелі оқыту әрекетінде ғана жүзеге асырылады депой-пікірлерін ортаға салды. Отбасы жағдайында да алғашқы математикалық ұғымдарын қалыптастыру мәселелері қолға алына бастады.
Ол дәуір педагогтары тек жүйелі оқыту негізінде ғана математикалық ұғымдарды меңгерту мүмкіндіктері туралы баса айтты. Чех педагогы Я.А.Коменский (1952-1670) «Аналар мектебі» (1632) ұйымдастыру барысында арифетика бағдарламасына және геометрия негіздеріне алғашқы екі ондық көлемінде сандарды меңгерту (4-6 жастағылар) үшін, сандарды ажырату, заттардың әркелкі жиындарын салыстыру, геометриялық фигураларды салыстыру, аз және көп ұғымдарын табы, өлшеудің жалпыға ортақ өлшемдерін оқып үйрену (адым, пұт, фент).
И.Г.Песталоцци (1746-1827), ұлы швейуар педагог-демократ және бастауыш мектепте оқытудың негізін салушы, ол өз заманындағы оқыту мазмұны туралы олардың мазмұндарының өте шағын көлемде жеткіліксіз дәрежеде екендігін баса атап көрсетті. Ол ұсынған қарпайым математикалық түсініктерді қалыптастыру әдістемесі жеңілден ауырға, қарапайымнан күрделіге қарай ауысу мәселелерін қарастырды. И.Г.Песталоццидің идеялары кейін орта мектептерде математиканы оқытудың негізгі формаларына бастау бола алды. Ұлы орыс педагог-демократ, Ресейден ғылыми педагогиканың негізін салушы К.Д.Ушинский (1824-1871) де мектепке дейінгі арифметиканы үйрету мәселелері туралы нақты ұсыныстар айтты. Ол балаларға нақты заттар мен жиындарды санату, азайту, қосу амалдарын, он санының бірліктер құрамын түсіндіру туралы айтты.
Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру әдістемесі де өзге пәндер тәріздес даму кезеңдерінен өткен. (1.1.–кесте)
Бірінші кезең – әдістеменің эмпирикалық дамуы. Балалардың матемтикалық қабілеттерін дамытудың түп тамыры халықтық педагогикаға негізделген, яғни санамақтар, жаңылтпаш, мақал-мәтелдер. Қазақ әдебиетінің құралдарын балаларды санауға үйретуге, заттың көлемі мен пішінін таныстыруда ұтымды пайдалана білген.
Осы кезеңде Ресейде педагогиканың негізін салушы Я.А. Коменский, И.Г. Песталоций, Л.Н. Толстой, Ф.Фребель алдын ала даярлықсыз мектептегі математика пәнінің бағдарламасын меңгерудегі қиындықтарды анықтаған.
Екінші кезең – ХХ ғасырдың 20-30 жылдары мектепке дейінгі қарапайым математиканың әдістеме ретінде қалыптасу кезеңі. Әдістеменің балаларды оқыту мазмұнын, әдіс-тәсілдерін анықтауда Е.И. Тихеева, Ф.Н. Блехер, Л.В.
Глаголеваның еңбектерін атап өткен жөн. ХХ ғасырдың басынан мектепке дейінгі балаларды оқытудың ғылыми негізделген дидактикалық жүйесі құрастырыла бастады. Бұл революцияға дейінгі кезеңде Ресейде әдістемелік құралдар отбасы мен балабақшадағы математиканы оқытуға бағытталған. Ата-аналар мен тәрбиешілер математиканы оқытудың мазмұнынмен таныстырылды.
1912 жылы В.А.Кемництің «Математика в детском саду» атты әдістемелік құралы жарық көрді. Оның мазмұны: ойындар, әңгімелер, жаттығулар, 1-ден 10-ға дейін санау, пішін, көлем оның өлшемі [3,66].
1939 жылға дейін Ленинград балабақшасы санауға Л.В. Глаголеваның әдістемесіне негізделіп, таныстырған. Оның сандарды санау және бейнелеу арқылы үйретуге сүйенуді ұсынды. Сондай-ақ әдістерді бірнеше түрлерін ұсынған:
- тәжірибелік әдіс;
- иллюстрациялық;
- зерттеушілік;
- көрнекілік;
- ойын әдістері.
Үшінші кезең – ХХ ғасырдың 50 жылдарынан бастау алды. Мектепке дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың ғылыми дидактикалық негізделген жүйесі құрылды. Оның мазмұнын анықтау, балалармен жүргізілетін жұмыстардың әдістері мен тәсілдері, дидактикалық материалдар жинақтала бастады. Балаларды оқыту үрдісінде А.М. Леушина сан және санау түсініктерін дамытудың теориясы мен әдістемесін ұсынды.
Төртінші кезең – ХХ ғасырдың 60-70 жылдары. Сан және санау әрекеттерінің даму заңдылықтары зерттелініп, балаларды ерте жастан бастап таныстыруды психологиялық-педагогикалық тұрғыдан негіздей бастады. Ерте жастан бастап балалардың қабылдау ерекшеліктерін ескере отырып педагог- психологтер оқыту материалдар, дамытушылық ойындар, әдістемелік құралдар жазды. Бұл кезеңнің негізгі зерттеушілері: И.А. Френкель, Н.А. Менчинская, Н.Н. Лежавы, А.М. Леушина, Н.Г. Бакст. Ал, ХХ ғасырдың 80 жылдары қарапайым математикалық үғымдарын қалыптастыру әдістемесінің түрлі мәселелері зерттелінді. Келесі зерттеушілерді атап айтсақ, Т.В. Тарунтаева, В.В. Данилова, Г.А. Корнилова, Т.Д. Рихтерман еңбектерінде баяндалды.
Бесінші кезең – ХХ ғасырдың 80-90 жылдары. Білім беру жүйесіндегі өзгерістерге сәйкес мектепке дейінгі қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастырудың біршама жаңашыл идеялары ұсынылды. 80 жылдардан бастап әдістеменің мазмұнын жаңарту жолдарымен қатар, жаңашыл әдістерді қарастыру басталды. Қазақстандағы математиканы зерделеуші ретінде педагог
Енді алтыншы кезең ретінде ХХІ ғасырдың педагог-зерттеушілердің қосып жатқан үлестерімен бөліскіміз келеді. Атап өтсек, Құрманалина Ш.[13], Оспанов Т.Қ.[17], Абдрахамонов Қ., Ермекбаева А.[1], Баймұратқызы Б.[6], Сансызбайқызы М., Қосанов Б.[14], Акпаева А.Б., Лебедева Л.А.[2], Балабаева А.И. [7] және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |