Ғылыми жобаның бағыты: Математика және экология арасындағы пәнаралық байланыс Ғылыми жобаның мақсаты: «Математика және экология»


Математика мен табиғат қызықтары және табиғатты қорғау



бет6/8
Дата11.03.2024
өлшемі37.87 Kb.
#494970
1   2   3   4   5   6   7   8
Тексеруге

3.1. Математика мен табиғат қызықтары және табиғатты қорғау

Әлемге әйгілі, философ, ойшыл математик Әл-Фараби: «Табиғат математикалық және геометриялық дәлдікпен жаратылған, оны орнынан сәл қозғасаң, дүниенің тас-талқаны шығады»-деп айтқан болатын. Әрбір табиғаттың құбылысынан математикалық заңдарды шығарып алуға болады деген. Математика ғылымы табиғатты адам игілігі үшін мәңгілікке сақтап қалуға көмектеседі. Математикалық білім негізі қандай сала мамандары үшін де табыс кепілі екенін өмірде дәлелденген. Математика-қоршаған ортаның әрі нақты дүниедегі барша заттардың сан түрінде бейнеленген қатынастарын және осы заттардың кеңістіктегі пішіндерін зерттеуге арналған жалпылама ғылым болып табылады. Табиғат өз заңдарын математика тілімен қалыптастырады-деп айтқандай біз күн сайын өмірде, өзімізді қоршаған табиғаттан әр түрлі өрнектерді кездестіреміз. Итальяндық математик Пизанолық Лео-нардо (Фибоначчи) (1180-1240) 1228 жылы өз есімімен аталған (Фибоначчи сандар) сандар тізбегін ойлап тапқан екен. Бұл сандардың әрбір келесі саны өзінен бұрынғы (алдында тұрған) екі санның қосындысына тең болатынын дәлелдеген.


1+1=2; 2+1=3; 3+2=5; 5+3=8; 8+5=13; 13+8=21; 21+13=34; 34+21=55; 55+34=89
Сонда ол сандар:1,2,3,5,8,13,21,34,55,89,….
Осы сандар тізбегінің заңдылығын өзімізді айнала қоршаған ортадан кездестіреміз. Фибоначидің қатарымен жылжып отырып біз көрші сандардың арасындағы арақатынас алтын бұрыштың шамасына жақындай түсетінін көреміз және өсімдіктердегі алтын бұрыш пен спираль сандардың арасындағы бұл қызықты математикалық байланыс бізге табиғатты кездестіріп жүрген өрнектеріміздің кездейсоқ пайда болмағанын көрсетеді. Олар барлығы ойластырылып бір заңдылыққа бағындырылып отыр. Егер осы өрнектермен танысу үшін уақыт тапсақ бізді таңдандырмай қоймайды, яғни олардың тамаша шебері жаратушы Аллаһтың, оның көрінбейтін сапалықтары әлемнің жаратылуынан көрініп тұр, өйткені олар неден жаратылған болса сол арқылы танылып тұр. Теректердің жапырағы ағаш бұтақтарындағы екі жапырақтың арасына спираль тәрізді оралып орналасады екен: Фибоначчи санын көптеген өсімдіктерден анықтап қараған. Күнбағыста 34 спираль бір бағытта оралған және 50-і басқа бағытта оралған екен. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді 7 cанымен атап отырады. Жетіқарақшы – аспанның солтүстік жарты шарындағы орналасқан шоқжұлдыз бірі. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдызының сыртқы пішіні шөміш тәрізді келеді. Оның шеткі екі жұлдызы арқылы Темірқазық жұлдызын табуға болады. Күз айларында бірінің соңынан бірі тізбектеле ұшатын қаздың керуеніне қай-қайсымыз да бір рет қызықтап қарап таңқалатынымыз сөзсіз. Сүйір бұрыш түрінде ұшу кезінде әр құс қанат қаға отырып, арт жақта келе жатқан құстың ұшуын жеңілдететіндей әуе дәлізін жасап ұшады. Осындай пішінде ұшатын қаздар тобы ұшу қашықтығын 70 пайызға дейін соза алады екен. Мәселен, жеке қаз 70 шақырым ұша алса, топ қаз сондай уақытта 170 шақырымға жете алады. Бұл есепте жалғыз ұшқаннан гөрі топ күйінде ұшу шамамен екі еседен де артық пайдалы дегенді көрсетіп отыр. Осыншалықты өте нәзік есепті қаздар қайдан үйренді десеңіз-ші?! шіркін! Олай болса, қаздардың бұндай ұшуынан біз мынадай сабақ ұққандаймыз: демек, қандай да бір мақсатқа қол жеткізуді көздегендер өзара бас біріктіргенде ғана сол мақсаттарына анағұрлым оңайырық және тезірек жетеді деген сөз. Математика және табиғат жайында біршама ой зерделегенде, адам, табиғат, қоғам және олардың өзара байланысында қаншама таусылмайтын құпияға толы ғажап дүние бар екеніне көз жеткіземіз. Біздің тұратын өңірдің өндіріс көздері мен орналасу жеріне сай түрлі экологиялық мәселелер баршылық. Ғалымдар «Жақсы ізгі қоғам құру үшін ең алдымен сол қоғам мүшелерінің денсаулығынан бастап көңіл аудару керек» дейді. Мысалы, математикалық тұрғыдан пайызбен есептегенде, ғылымдардың деректері бойынша Қазақстанда 180 млн. га мал жайылымының 30 млн. га алқабынан мал тұяғынан тозаңы шықса, 50 млн. га жер су тапшылығынан жарамсыз күйге ұшырап отыр. Бірнеше жылдың ішінде біздің солтүстік аймақтардың шұрайлы жерлері эрозияға (желдің әсерінен) ұшырап, не егін егуге, не мал жайылымына жарамай қалғаны белгілі. Бұл мысалдарды Жер шарының басқа аймақтарынан да байқауға болады. БҰҰ сарапшыларының мәліметі бойынша, Жер шарындағы құрлықтың 30% алқабы қазіргі кезде техногендік әсерден шөлді аймаққа айналса, бұл көрсеткіш жыл сайын 6млн. га-ға артып отырғаны да белгілі.
Өнеркәсіптің өркендеуіне байланысты пайдалы қазбаларды өндіру кезінде жылына 100 млрд т-дан астам тау жыныстары қопарылады. Сонымен қатар, осы жер қойнауынан алынатын шикізаттың бар болғаны 10%-ы дайын заттар жасалуға жұмсалады да, қалған 90%-ы жарамсыз қалдықтарға айналып отырады. Адамның ойланбай жасалған іс-әрекеттерінің әсерінен жануарлардың көптеген түрі жойылып кеткен. 1600 жылдан бастап қазіргі кезге дейін сүтқоректілердің 100-ге жуық түрі жойылса, құстардың 162 түрі біржола іс-түзсіз жойылып кеткен. Олардың көпшілігінің жойылуына тікелей адамдардың шектен тыс аулауы әсер еткен. Ресми деректер бойынша: Қазақстан жерінде түрлі зиянды қалдықтардың мөлшері 30 млрд. т-ға жеткен. Адам басына бөлгенде орта есеппен 2 мың т қалдықтан келеді. Осы қалдықтардың ішінде: 6,7 млрд. т-сы улы қалдықтар. Республикамызда жалпы радиоактивті қалдықтардың мөлшері 237млн. т-ға жетіпті. Ал түрлі өнеркәсіп орындарынан шыққан қалдықтар 20 млрд. т-ны құрайды екен. Соңғы 50 жылда адамның қатысуымен Жер бетіндегі ормандардың 2/3 бөлігі, ал соңғы 100 жылда жер бетіндегі орман массивтерінің 40% жойылған. Ақ қайың параллель түзулер сияқты екі-екіден өседі екен. Жапырақтары үшбұрышты немесе ромб тәрізді болып келеді. Биіктігі 20 м дейін жетеді. Ал, енді таулардың басына назар салайықшы, оларды призмаға ұқсатуға болады. Міне, осы жерде де математика мен табиғаттың үйлесімділігін байқауға болады. Ағаштардың жапырағы ағаш бұтақтарындағы екі жапырақтың арасына спираль тәрізді оралып орналасады екен: жаңғақ ағашының жапырағы - 1/3 айналыс жасайды екен. Еменнің жапырағы - 2/5 айналыс жасап, теректің жапырағы - 3/8 айналыспен, алмұрт жапырағы 3/8 айналыспен, талдың жапырағы-5/13 айналыспен, ананастың ұяшықтары, күнбағыстың дәндері спираль тәрізді айналып орналасады екен. Мен осы пәнді зерттей келе мынандай есептер ойдан шығарып адам баласының қолынан барлық нәрсе жасауға болатынына көзіміз жетіп отыр. Бұл есептерді құрастыру арқылы математикалық шамаларды тұрмыста орынды қолдана білуді үйрендік. Мысал келтірсек,

  1. Әсел 3 сағатта 60 алма ағашын суарды. Ол 1 сағатта неше алма ағашын суарды. Шешуі: 60:3=20

  2. Ағашта 30 бұтақ бар. Әр бұтақта 20 жапырақ бар. Барлығы неше жапырақ.

Шешуі: 30*20=600 Жайқала өскен жасыл өсімдіктер әлемі бай әрі сан алуан.
Табиғаттағы ең пайдалы тіршілік иесі-ара болып табылады. Аралар бүкіл өсімдікті тозаңдандырады, осылайша аралар өсімдіктердің өсіп-өніп, көбеюіне ықпал етеді. Егер жер бетінде аралар болмағанда, онда бүкіл өсімдіктер әлемі жойылып кететін еді. Мысалы, итмұрын гүлі таңғы 4-5-те ашылып, кешкі 7-8-де жабылады, ал өгейшөп гүлі ертеңгі 9-10-да ашылып, 5-6-да жабылады, ал тұңғиық гүлі таңертеңгі 6-7-де ашылып, кешкі 6-7-де гүлін жабады екен. Өсімдіктер әлемі үшін көптеген насекомдардың тарапынан да едәуір пайда тиеді. Бір қарағанда өте қорқынышты көрінгенімен, ормандағы адамдар бұларды өте жақсы көреді. Себебі көшпелі құмырсқа адамдардың бау-бақшасында еркінсіп, дәнді-дақылды ойрандап жүрген зиянды жәндіктің бәрін жылан жалағандай қылып әп-сәтте жеп тауысып кетеді. Олар бір айдың ішінде бір футбол алаңындай жердегі жәндікті түгелдей теріп жеп, азық қылады. Жүріп өткен жайлауында екінші мәрте қайта айналып соққанша адамдардың да бау-бақшасы жайқалып, көкөніс тамырлары жуандап қалады. Құмырсқалар сонымен қатар арифметиканы меңгерген және ойлау қабілеті жоғары жәндік. Құмырсқалар «орманның тәртібі» деп аталады, олар жәндіктер мен кішкентай жануарлардың мәйіттерін жинайды, осылайша ауру тудыратын бактериялардың көбеюіне жол бермейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет