Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет172/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   264
34-36-PB (2)

ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
158
болды. Бірақ, 1950 – жылдардың соңына дейін бұл проблемалардың шешілуі өте баяу жүрді. 
Суретшілер Одағының үлкен кемшілігін бұрынғысынша облыстық суретшілермен байланыстың 
баяу жолға қойылуы құрады. Мысалы, 1955 жылы бір ғана суретші, Одақтың іс-сапарымен 
Шымкент облысында болып қайтты (ҚР ОМА, 514:49).
Кеңестік өркениет типі Суретшілер Одағының шығармашылығына кері әсерін тигізбей қойған 
жоқ. Қазақстан суретшілері туындыларының басым көпшілігі кеңестік тақырыптарға «Кеңестік 
Қазақстан», «Социалистік құрылыстар», «Халықтар достығы», «Социалистік еңбек» тағы басқаларына 
арналды.
Живопись, кесіндеме, мүсін шығармашылық секцияларында Социалистік еңбек ерлері мен 
еңбек одақтарының, өнер шеберлерінің портреттері, мүсіндері, кескіндері талқыланды. Бейнелеу 
құралдары арқылы кеңестік өмір салтының дәріптелуі обьективті түрде тоталитарлық қоғамдық 
санының нығаюына қызмет етті. «Кеңес суретшілері өнер шығармаларында партия мен үкіметтің 
кеңес адамдарына деген қамқорлығын бейнеледі» (Осипов, 1960:12). 1960-жылдардың басында 
Қазақстан суретшілері Одағының жұмысында бұрынғы жылдармен салыстырғанда оң өзгерістер 
байқалды. Одақтарда шығармашылық секциялардың отырыстары жиі өткізіліп, оның тиімділігі 
артып отырды. Әсіресе, живопись, кескіндеме, мүсін секцияларының жұмысы нәтижелі болды. 
Қазақстан сурет көрмелерінде негізінен осы секциялар мүшелерінің туындылары көрсетіледі. 
1960-жылдары кеңестік бейнелеу өнерінде «қатаң стиль» дейтін бағыт үрдіс алып (Искусство 
народов СССР, 1977:211), шығармашылық секцияларда бұл бағытты талқылау ұйымдастырылды. 
«Қатаң стильге» кеңес адамдарының өмірін, еңбектегі ерлік романтикасын қатаң да суық етіп 
бейнелеуге ұмтылыс байқалды.
Қазақстан суретшілері К. Телжановтың «Бейбіт оттар» (1961) картинасында, Н. Гаевтың «Иін 
тіресіп», «Жорық», «Нан мен тұз» линогравюларында өмірді, еңбек пен қуанышты, тұрмыстың 
қарапайымдылығы мен қаталдығы көрсетілді. «Бейбіт оттар» картинасы қоғамдық үлкен ойларға 
толы болды. 1961 жылы бүкіл Одақтық көрмеде картина жоғары бағаланып, мемлекеттік Третьков 
галлереясына қойылды.Суретші Н. Гаев «Тың» сериясын 1962 жылы аяқтады. 
1961-1962 жылдары шығармашылық секцияларда Қарағанды суретшісі В.И. Крыловтың, 
Н. Нурмухамедовтың, К. Шаяхметовтың, мүсінші А. Исаевтың, Н. Гаевтың және басқаларының 
жаңа туындыларын талқылау ұйымдастырылды. В. Крыловтың «Индустрияльды Қарағанды таңы» 
(1960) – Қарағанды шахтерлерінің өміріне, Н. Нурмухамедовтың «Қазақстан магниткасында» 
шығармасы – құрылыс тақырыбына арналды. К. Шаяхметовтың «Бригадир Сәуле» атты балықшы 
қыз портреті (1962) аса тартымды болды. Бұл жылдары мүсінші Х. Наурызбаев социалистік еңбек 
ері атағын алған шопандар: А. Нұрмағанбетовтің, Б. Шаяндиннің, Е. Шайкеновтың, Д. Серіковтың 
портреттерін салды.
1962 жылдың 19-20 ақпанында Қазақстан суретшілерінің VІ-сьезі шақырылды. Одақтың 
төрағасы С. Мәмбеевтің есепті баяндамасында, шығармашылық секциялардың жұмысына тоқтала 
келіп, әсіресе сын секциясының қанағаттанғысыз жұмысы аталып көрсетілді. Сьезд делегаттары 
әсіресе, баспа органын құруды, бейнелеу өнеріндегі жаңа әдістерді игеруді, суретшілердің еңбек 
ақысын төлеудегі келеңсіздіктерді жоюды күн тәртібіне қойды. С. Мәмбеевтің баяндамасында 
«Кеңес бейнелеу өнерін дамытудағы белсенділікті көтеру үшін бүкіл одақтық және республикалық 
маштабта суретшілердің туындыларының көрмесін мезгіл-мезгілімен ұйымдастырып отырудың 
қажеттілігі» (ҚР ОМА, 701:26) айтылды. Сьезд Қазақстан суретшілерінің туындыларын 
насихаттауға көп көңіл бөлді. Ол үшін колхоздар мен совхоздар, мектептерде картина галлереяларын 
ашуға ұсыныс жасалды.
Сьезден кейінгі жылдары Қазақстан суретшілерінің ұйымдастыруымен сурет көрмелерінің 
ұйымдастырылуында ілгері жылжушылықтар болды. 1962-1963 жылдары шығармашылық 
секциялар Бүкіл одақтық «Колхоз жері гүлдей бер» көрмесін өткізуге қызу дайындық жұмыстарын 
жүргізді. 1964 жылы Алматы қаласында «Тың игерудің 10 жылдығына» арналған бүкіл одақтық 
көрме ұйымдастырылып Қазақстан суретшілері айрықша белсенділік көрсетті. 1965 жылы өткен 
Қазақстан суретшілерінің VІІ-сьезінде баяндама жасаған И.Гаев 1962-1965 жылдар аралығында 
200 көрменің ұйымдастырылғаның атап көрсетті (ҚР ОМА, 816:164).
1960-жылдардың орта шенінде Алматы мен облыс орталықтарында Кеңес халқының Ұлы 
Отан соғысында жеңісінің 20 жылдығына, Қазан төңкерісінің 50 жылдығына орай сурет көрмелері 
жиі өткізілді. Кеңестік мүшелтойлардың жиілеген тұсында, әсіресе монументтік өнерге айрықша 
орын берілді.Осыған орай 1966-1967 жылдары Қазақстан Суретшілері Одағының монументтік 
өнер секциясы ұйымдастырылды. Оның құрамына Мәскеу мен Ленинград жоғарғы көркем 
сурет училищелерін бітірген жас суретшілердің үлкен тобы кірді (Қазақстан монументтік өнері, 
1989:5-6). Бұл жылдары Қазақстан суретшілер Одағында мүсін, өнертану, театр, плакат, живопист,
қолданбалы өнер, монументтік өнер, жас суретшілер секциясы және қазақ көркем өнерін насихаттау 
комиссиялары жұмыс істеді.
1968 жылы 24 қаңтарда өткен суретшілердің VІІІ-сьезіне республика суретшілері үлкен 


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
159
дайындықпен келді. Бұл кезде Одақ мүшелерінің саны мейлінше қомақты болып, шығармашылық 
секциялар мен комиссиялардың саны 10-ға жетті. Қазақтың ұлттық кәсіпқой суретшілерінің 
қалыптасуы біржолата аяқталды. Сьезд делегаттары қазақтың қолданбалы өнеріне, қазақ көрме 
өнерін насихаттау ісіне айрықша көңіл бөлді. Осы орайда Қазақстан суретшілерінің баспа 
органының жоқтығы, сурет галлереяларының сын көтермейтін жағдайы, жоғары арнайы оқу орнын 
құрудың қажеттігі туралы ойлар көкейтесті шығып жатты. Сьезд жұмысына қатысқан Мәдениет 
министрі И. Омаров: «Одақ басқармасының үлкен кінәсі, мен тіпті айтар едім, қателігі бұл – 
қолданбалы өнердің ұмытылуы» (ҚР ОМА, 900:51) деді.
1968-1970 жылдары Қазақстан суретшілері Кеңес қарулы күштерінің 50 жылдығына, 
В.И. Лениннің туғанына 100 толуына орай республиканың жер жерлерінде сурет көрмелерін 
ұйымдастырды. Бұл жылдары көрнекті қазақ суретшісі Ә. Қастеев өзінің атақты «Түрксиб» (1969), 
«Аманкелді сарбаздары» (1970) атты туындыларын өмірге әкелді. Ал, мүсінші Х. Наурызбаевтың 
«Ш. Уәлихановтың ескеркіші» (1969) – монументтік өнердің жетістігі болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет