Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет222/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   264
34-36-PB (2)

Key words: Turkic-mongols, Kazakhs, Konyrats, Huns, Huyan, etymology, traditional worldview
traditions of statehood.


ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
Отан тарихы №1 (97) 2022
202
Кіріспе. Қазіргі түркі-моңғол халықтарының түгелінде дерлік кездесетін қоңыраттар көп санды, 
тарихы терең тайпа. Қоңыраттар ерте замандардан бері Орталық Азия, Кавказ, Иран, Ауғанстан 
және Шығыс Еуропа халықтарының этногенезінде маңызды роль атқарып, олардың ұлт ретінде 
ұйысуына қатысты. Ғұн империясы ыдыраған соң, ұзақ ғасырлар бойы бұрынғы ғұн бірлестігінің 
құрамындағы тайпалар, Еуразияның түкпір-түкпіріне тарады. Алтайдағы қоңыраттар Түркі 
қағанатын құруға ат салысып, кейін Еуразия далаларында пайда болған өзге де мемлекеттердің 
дамуына тікелей ықпал етті. 
Қазақ халқының құрамындағы қоңыраттар барша қоңыраттың шағын бір кесегі ғана. 
Қоңыраттар қазіргі өзбек, қарақалпақ, қырғыз, ноғай, қырым татарлары, гагауз, Солтүстік Кавказ 
түркілері т.б. арасында да бар. 
Қарақалпақтардың құрамындағы негізгі екі арыстың бір арысы осы қоңыраттар болса, екінші 
арысы – он төрт ру деп аталады. Қазақ шежіресіндегі «Нағанай бидің отыз баласы болыпты» деген 
аңыз қарақалпақтарда да бар. 
Қырғыздардың қырық тайпасының құрамында аталатын тайпалардың бірі осы қоңыраттар. 
Ата тегін Нұхтан тарататын қырғыз шежіресінде қоңыратты Оғыз ханнан таратады. Оғыз ханның 
бірінші әйелінен Күнхан, Айхан, Жұлдызхан, ал екінші әйелінен Көкхан, Таухан, Теңізхан туады. 
(Теңіз ханнан Қырғыз, одан өрбіген Баяндұр, Бегене, Жайылдыр, Жебе) Көк тәңірінің ұлдары деп 
аталған. Жебе батырдан Қоңырат, Тайшық өрбиді (Бейшенбиев, 2002:8).
Қоңырат өзбек арасында да ең саны көп рулардың бірі. Өзбекстанның оңтүстігіндегі Сұрхандария 
облысы қалың қоңырат жайлаған жер. Ол аймақта Байсынтау атты жота, Байсын атты кент бар. 
Қоңыраттар көп қоныстанған бұл өңір кеңес өкіметіне дейін Бұхар хандығына қарайтын Байсын 
бектігі, Шерабад бектігі деп аталған. Олардан әрі қарай Ауғанстан, Тәжікстан жеріндегі өзбектердің 
басым бөлігі осы қоңыраттар.
Башқұрт халқының құрамындағы қоңыраттардың тәңгәуір тайпасы туралы академик Р.Г. Кузеев 
«тәңгәуір башқұрттары өздерінің тегін көне түркі ханзадасы Күлтегінмен байланыстырады. Рулық 
ұрандары «Қоңырат» болып табылатын тәңгәуірлердің этникалық тарихында қоңыраттардың 
маңызы зор болды» деп жазады (Сулейманов, 2006:68), 
Қоңырат тайпасына қатысты атаулардың географиясы да ауқымды. Айталық, қоңырат тайпасына 
қатысты жер атаулары қоңыраттардың дәстүрлі аймағы, Қазақстанның оңтүстігінде ғана емес
Қазақстанның орталық, шығыс және солтүстік аудандарында да молынан кездеседі.
Атап айтқанда Жаманбай, Құрбансай, Қараша, Қырғызалы, Жауғашты, Ноғай, Қира, Қарамойын, 
Баян, Киікші, Сасық, Тіней, Жартыбастау, т.б. атаулар сияқты осы аймақтардың жер су атауларында 
сақталып қалған.
Қоңыраттарға қатысты, олардың атымен тығыз байланысты жер-су атаулары Перекоп 
уездіндегі Ташқазған қоңырат, Алғазы қоңырат, Евпаторийдегі Тәтіш қоңырат, Молдовадағы 
Гагауз автономиялы обылысының орталығы Қомрат қаласы және т б. бұрынғы ғұн империясының 
түкпір-түкпірінде шашыла орналасып жатты.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   218   219   220   221   222   223   224   225   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет