Ғылыми журнал үш айда бір рет шығатын ғылыми журнал



Pdf көрінісі
бет223/264
Дата30.04.2023
өлшемі4.7 Mb.
#473044
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   264
34-36-PB (2)

Материалдар мен әдістер. Қазiргi әлемде орын алып отырған жахандану, өркениеттер 
қақтығысы кезеңiнде жүргiзiлiп жатқан шетелдiк зерттеушiлердiң еңбектерiнде осы зерттеушiлерге 
тән мәселеге еуроцентристiк көзқараспен қарау үрдiсi өз белсендiлiгiн одан әрi арттыру 
маңыздылығын жоғалтпай отыр. Әсiресе, белгiлi бiр идеялық бағытты бағдар еткен топтардың 
келесi бiр құндылықтарды ұстанатын бөлiкке қарсы идеологиялық шабуылдары күш алып 
отырған кезiнде осындай көңiл күйде жасалған зерттеулерге байыптырақ қарауды талап етедi. 
Сондықтан да бiз өз зерттеуiмiзде осындай еңбектерге объективтi сыни көзқараспен қарау 
қажеттiлiгi туындады.
Қоңырат тайпасының көне тарихына жаңаша көзқарас тұрғысынан саралау, қалыптасқан 
қазiргi кезеңдегi объективтiк және сыншыл талдау мен сараптау принципi басты ұстанымда болды. 
Әдiстемелiк негiзi тарихи-объективтiлiк және жүйелiлiк болып табылады. Зерттеудегі кейбiр 
мәселелердi нақтылай түсу үшiн проблемалық-хронологиялық, салыстырмалы-тарихилық тәсiлдерi 
қолданылды.
Талқылау. Қоңырат тайпасының көне және ертеортағасырлық тарихы әлi күнге дейiн 
әлемдiк тарихтың аз зерттелген бөлiмi болып табылады. Осыған қарамастан соңғы он жылдағы 
археологиялық ашулар мен тарихи-филологиялық зерттеулер арқылы бұл тайпаның Еуразияның 
тарихи және мәдени дамуына айтарлықтай үлес қосқаны белгiлi болып отыр. 
Негiзiнен, мәселеге қатысты дереккөздерiн шығу тегiне байланысты: шежірелер, көне түркi 
жазба ескерткiштерi, эпостық жырлар, қытай, араб-парсы және моңғол тiлдерiндегi шығармалар
Еуропа саяхатшыларының еңбектерi деп топтарға бөлiп қарауға болады.
Зерттеу жұмысына негізгі дереккөз, зерттеу өзегі болған көне түркі жазба ескерткіштері қытай,
араб-парсы, моңғол және еуропа тiлдерiнде жазылған еңбектермен, археологиялық қазба 
мәлiметтерiмен салыстырыла отырып қарастырылуды талап етедi.
Зерттеу жұмысында дереккөздерi ретiнде түркi халықтарының эпикалық жыр-дастандары 


Отан тарихы №1 (97) 2022
ISSN 1814 - 6961 E-ISSN: 2788-9718
203
да кеңiнен қолданылды. Қазақ ауыз әдебиетiнiң үлгiлерi, туысқан қырғыз, түркiмен, өзбек 
халықтарының жыр-дастандарындағы мәлiметтер терең талданды. Солардың бiрi «Алпамыс», 
‘‘Оғызнама’’, «Манас» жырлары қоңыраттардың көне тарихынан хабар бере алды. 
Ортағасырлық қоңыраттар туралы мәлiметтер бере алатын деректерге Әбiлғазы Бахадүр 
ханның еңбектерi де жатады. Әбiлғазы жазған ‘‘Шежiре–и-Таракима’‘ (Түрiкмен шежiресi, 
1661 ж.) және ‘‘Шежiре-и Түрк’‘ (Түрiк шежiресi, 1665 ж.) атты тарихи екi шығарма шығыстануда, 
оның iшiнде түркiтану мен қазақтануда кеңiнен танымал болды.
Араб-парсы авторларының еңбектерi бәрiбiр мәселеге қатысты еңбектердiң ең бастылары 
болып саналады. Қоңырат тайпасының тарихы туралы дереккөздердiң алдыңғы қатарында Рашид 
ад-диннiң ‘‘Джами ат-тауарих’’, Ата Мәлiк Джувейнидiң ‘‘Тарихе Джахангуша’’, Хондмирдiң 
‘‘Тарихэ әл-Асир’’, Шахаб ад-дин ан-Нисавидiң ‘‘Сират Джалал ад-дин Минкбурни’’, т.б. сияқты кең 
танымал шығармаларындағы мәлiметтер кеңiнен пайдаланды.
1240 жылы жазылған ‘‘Моңғолдың құпия шежiресi’’ эпикалық жырлардың шынжыры ХII-ХIII ғ.ғ. 
Шыңғыс үйiнiң тарихы, оның руы мен дала өмiрiн суреттеген. Моңғол мәтiнi қытай иероглифiмен 
жазылып, бұл күнге екi қытайша аудармасы жеттi. 
Қоңыраттардың ортағасырлардағы түркi мемлекеттерiндегі саяси, рухани-мәдени маңызы 
туралы деректердi ортағасырлық еуропалық саяхатшыларының еңбектерiнен де кездестiруге болады.
Плано Карпини ХIII ғ. екiншi жартысында түркi, моңғол тайпалары мен Шыңғыс иелiгiндегi 
жерлерге саяхаты нәтижелерi ‘‘Монгалдар тарихы’’, Гильом Рубруктың ‘‘Шығыс елдерге саяхат’’ атты 
кiтапқа жинақталып, бүгiнгi күнге жеттi. Бұлардан кейiн далаға саяхат жасаған Марко Поло да өз 
‘‘Кiтабында’’ қоңырат тайпасына қатысты біршама мәліметтер береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   264




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет