ҒТАМР 03.41.91 DOI 10.51943/1814-6961_2022_1_209
СЫҒАНАҚ ҚАЛАШЫҒЫНДА ЖҮРГІЗІЛГЕН АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ
ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ НӘТИЖЕЛЕРІ
Жетібаев Көпжасар Мұстафаұлы
1ID
, Сиздиков Багдаулет Сапарбайұлы
1*ID
,
Арынов Қуаныш Сүйіндікұлы
1ID
, Бахтыбаев Мэлс Маратұлы
1ID
1
Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Түркістан қ., Қазақстан
*Автор корреспондент
E-mail: kopzhasar.zhetibayev@ayu.edu.kz (Жетібаев), bagdaulet.sizdikov@ayu.edu.kz (Сиздиков),
kuanysh.arynov@ayu.edu.kz (Арынов), mels.bakhtybayev@ayu.edu.kz (Бахтыбаев)
Түйіндеме. Сығанақ қалашығының ежелгі тарихы топырақ астында жатқандығы баршаға мәлім.
Оның мұрағаты археологиялық деректер болып табылуда. Сондықтан да төл тарихымызбен мәдени
ескерткіштерімізді зерттей келе, өткен тарихымыз бен мәдениетімізді өскелең ұрпаққа және әлемге
таныта аламыз. Сонымен қатар, бүлініп жатқан тарихи ескерткіштерімізді қайта қалпына келтіре
отырып, келешек ұрпаққа сақтап, мұра етіп қалдыра аламыз. Осы мақсатта, тарихи деректерде
кездесетін Сығанақ қалашығында жүргізілген археологиялық ғылыми-зерттеу жұмыстарының
нәтижелерін талдап, ғылыми айналымға енгізуді жөн санадық.
Мақалада Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне қарасты
Археология ғылыми-зерттеу институтының ғылыми қызметкерлерінің ортағасырлық Сығанақ
қалашығында жүргізген далалық зерттеу жұмыстары баяндалады. Мақалада зерттеу жұмыстары
барысында №18 қазба және №1 кесіндіде жүргізілген қазба жұмыстарының нәтижесі және оның екі
құрылыс кезеңнен тұратындығы көрсетілген. Қазба барысында алынған заттай деректерге талдау
жасай отырып, жоғарғы қабатының XVII–XVIII ғасырлар аралығына жататындығы, ал төменгі
қабаттың XV–XVI ғасырлар аралығына жататындығы анықталды. Сонымен қатар, аталмыш
алаңда жүргізілген қазба жұмыстары барысында бір әулетке тиесілі жерлеу орны сипатталады. №1
кесіндіден алынған құмыралар мен керамика сынықтарына талдау жасай отырып, жоғарғы
қабатының XIX ғасырға жататындығы, ал төменгі қабаттың XVII–XVIII ғасырлар аралығына
жататындығы анықталды.
Кілт сөздер: Сығанақ, қақпа, қамал, Сырдария, ортағасыр, ортағасырлық қалалар.
Мақала «Тарихи-мәдени мұра нысаны – ортағасырлық Сығанақ қалашығында кешенді археологиялық
зерттеулер жүргізу» тақырыбындағы ғылыми жоба негізінде дайындалды (BR10965310, келісім
шарт № 376) ҚР БҒМ.
Достарыңызбен бөлісу: |