Дәріс 14. Қазақстанның саяси жүйесі мен трансформация тәжірибесі. Қазақстан саяси жүйесінің бейімделу механизмдері
Қазақстанда посттоталитарлы модернизацияның негізгі кезеңдері. Модернизация кезеңдерінде даму парадигмалары. Қазақстанда саяси биліктің жүзеге асу механизмдері. Саяси реформалардың жалпы ұлттық бағдарламасы – мемлекеттік, саяси және қоғамдық институттарды реформалауға бірегей және біртұтас ұстаным. ҚР Конституциясын келешекте қолдану әлеуеті. Атқарушы биліктің реформалары. Заң шығарушы биліктің саяси беделін нығайту. Азаматтарды құқықтық қорғау және сот жүйесінің реформалары. Азаматтық қоғам институттарының таңдауы және дамуы. Жемқорлық пен қылмыстылықпен күрес.
Жалпы ұлттық саяси реформа бағдарламасын жүзеге асыру негізінде саяси жүйені нығайтуда Н.Ә. Назарбаевтың ұлт Лидері ретіндегі рөлі.
Дәріс 15. Қазақстанның саяси жүйесі мен қоғамның ұлттық бірігу мәселесі
Кеңес Одағы ыдырасымен 1990 жылғы 25 қазанда қабылданған «Қазақ ССР Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация елімізде тұңғыш құжат еді.
1995 жылы қабылданған Негізгі Заңда елімізде демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет орнату мақсаты қойылды. Мемлекетті басқару нысаны 1990 жылы 24 сәуірде президенттік институт белгіленді. Конституцияның 40-бабында «Қазақстан Республикасының Президенті – мемлекеттің басшысы, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғарғы лауазымды тұлға» деп атап көрсетілді.
Қазақстан Республикасы Конституциясында Қазақстан Республикасның Парламенті – Заң шығару қызметін жүзеге асыратын Республиканың ең жоғары өкілді органы. Парламент екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады. Сенаттың он бес депутатын Республика Президенті тағайындайды. Мәжіліс конституциялық заңда белгіленген тәртіппен сайланатын жүз жеті депутаттан тұрады. Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі - алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі – бес жыл екендігі атап көрестілген.
Сол сияқты Конституцияда Қазақстан Республикасының Үкіметі атқарушы билігін жүзеге асырады, атқарушы органдардың жүйесін басқарады және олардың қызметіне басшылық жасайды, өзінің бүкіл қызметінде Республика Президентінің алдында жауапты, ал Конституцияда көзделген жағдайларда Парламент мәжілісінің және Парламенттің алдында жауапты екендігі көрсетілген.
Сот билігі жайында Конституциямызда Қазақстан Республикасында сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының төрағасын және судьяларын жоғарғы сот кепілдемесіне негізделген Республика Президентінің ұсынуымен Сенат сайлайды. Жоғарғы Сот Кеңесі Республика Президенті тағайындайтын Төрағадан және басқа да адамдардан құралтындығы жазылған.
Қазақстанда бүгінде 9 партия тіркелген. Бұл саяси партиялардың басты мақсаттары: демократиялық қоғамды құру, әділеттілік қоғамын құру елдің егемендігін нығайту, экономиканы көтеруге бағытталған. Біздің Қазақстандық саяси партиялар бағдарламаларындағы мақсат-міндеттері ұқсас деуімізге болады.
Ішкі саяси тұрақтылықты сақтау, нығайту және қоғамның бірігуі өмірге ұлттық стратегияны алып келу шарты ретінде. Әлеуметтік-экономикалық өсімнің шынайы, нық және артушы қарқынға жетуі. Экономиканың басты секторларының дамуы, кәсіби мемлекетті құру. Өмір жағдайын, денсаулықты, білім беруді, қоршаған экологиялық ортаны жетілдіру. Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және Қазақстанның тәуелсіз зайырлы мемлекет ретінде дамуы.
Достарыңызбен бөлісу: |