Финансовая математика



бет1/7
Дата19.02.2024
өлшемі229.5 Kb.
#492470
  1   2   3   4   5   6   7
1 дәріс АЖҚМ


І бөлім


АйқындАлҒАН ЖАҒДАЙДАҒЫ
қаржылық есеп айырЫСу

1-тарау. Ақшалай сомаларды арттыру және дисконттау


2-тарау. Төлемдер ағыны, рента
3-тарау. Несиелік есеп айырысулар
4-тарау. Инвестициялық процесстердің талдауы
5-тарау. Қаржы операциялар табыстылығының жалпы ұғымы
6-тарау. Қаржы құралдарының сипаттамалары


І бөлімнің ТОЛЫҚТЫРЫЛУЫ
7-тарау. Индивидтің қалаушылық жүйесі және қаржы операцияларын өткізуде есепке алу
8-тарау. Сауда моделдері

Айқындалған жағдайдағы қаржылық есеп айыру келесі екі аксиомаларға негізделеді:


1. Егер S(T)=S(t)(1+i)(T-t) болса, онда Т уақыт мезетінде ақшалай сома S(T) мен t уақыт мезеттегі S(t) ақшалай сома i пайыз мөлшері бойынша эквивалентті болады.
2. Қаржылық есеп айырулардың схемалары эквивалентті болған жағдайда, олар бірін-бірі ауыстыра алады.
Бұл аксиомалар болашақта нақты мазмұнмен толықтырылады.

1-тарауда жай және күрделі пайыздардың теориясы айтылған, 2-тарауда – төлемдердің ағындары, негізгі рента, содан соң 3-тарауда қарыздарды өтеудің түрлі әдістері баяндалады, 4-тарауда – инвестициялық процесстерді талдау. Соңғы екі тарау пайдалылықтың есептелуіне, жалпы қаржы операцияларымен қатар нақты қаржы құралдарына арналған.


Бірінші бөлімді меңгеру үшін жоғарғы оқу орнындағы математикалық анализ курсының білімі жеткілікті және аздап ықтималдықтар теориясын меңгеру қажет.


1 тарау


Ақшалай сомаларды арттыру
және дисконттау

Ақшалай сомалар уақытқа байланысты өзгереді. Болашақта өздерінің тұрмыс жағдайларын жақсартуға (немесе басқа мақсаттар үшін) үміттенген адамдар банктерден несие алады және өздері ақшаларын қарызға береді (мысалы, ақшаларды банктерге салады). Осындай жағдайда олар қандай болса да нақтылы әрекетті ойланады, мысалы, олар дүкен сатып алып, жұмыстан жасаған пайда есебінен қарызға алған ақшаны төлеп немесе машинаға ақша жинап, онымен жағымды саяхаттарды жасауға оқталады. Басқа адамдарды қажетті ақшаны қарыз беруге ынта қою үшін оларға болашақта үлкен сомаларды қайтаруға міндет артады. Бұл – пайыз теориясының негізі.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет