Финансовый анализ


Қазақстан Республикасының білім жүйесі



бет4/8
Дата19.05.2022
өлшемі345.5 Kb.
#457886
1   2   3   4   5   6   7   8
Сәтбек Қ.Ж. Жас ерекшелік педагогикасы

Қазақстан Республикасының білім жүйесі


Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдени дамудың жоғары деңгейін және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз процесі.
Осы көрсетілген заңда білім беру жүйесімен қатар, білім берудің міндеттері, жолдары, оқу орындарының мемлекеттік түрін, білім берудің принциптері, олардың мемлекет талаптарына сай болуды көздеген.
Дүниежүзіндегі әрбір мемлекет білім жүйесініңнегізін бастауыш мектептен бастаған, бастауыш білім берген. Себебі бұл мектеп жүйелі оқытудың, үйренудің, дағдылардың нәтижесін беріп, халық ағарту жүйесінің аса маңызды буыны болып табылады.
Алғашқы кезде бастауыш мектепте баланың тек сауатын ашумен шектелсе, қазір бұл мектепте оқу, жазу, математика, жаратылыстану, жағрапия, отан тарихының мәліметтері, сурет, ән- күй, қол еңбегі, дене шынықтыру, информатика, шет тілі, дүниетану пәндері бойынша бастауыш білім беруде.
Қазақстанда бастауыш мектептің еуропалық түрін алаш рет қазақтың белгілі ағартушысы Ыбырай Алтынсарин ХІХ ғасырдың соңында ненгізген.
Ал бүкіл дүниежүзінде де бастауыш мектеп ХІХ ғасырдың аяғына дейін бірден- бір оқу жүйесі болып келген.

Шет мемелекеттердегі ерекшеліктері мен даму факторлары


Бірінші факторға қоғамдық өндірістің даму деңгейі, оның ғылыми- техникалық негізін жетілдіру жатады. Ғылыми- техникалық процесс білімге, білім жүйесіне әсер етсе, білім, білім жүйесі ғылыми- техникалық прогреске әсер етеді.
Екінші факторға әлеуметтік саясат, ел басшыларының біліміне деген қызғушылығы, көзқарасы жатады. Білімге халық атынан тапсырыс беретін солар. Бірақ тапсырыс объективті болуы керек.
Үшінші факторға тарихи тәжірибе жәе ұлттық ерекшелік жатады. әр ұлттың өзінің ерекшеліктері бар. Мәселен қазақ қанша жапон немесе орыс боламын дегенмен бола алмайды.
Төртінші факторға педагогикалық факторлар жатады. Мәселен, алғашқы кезде балабақша аналарға көмек етінде ашылса, азір ол мектепке дайындаушы оқу- тәрбие орны болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет