Оқыту процесі-тұтас педагогикалық процестің бір бөлігі.Оқыту процесінің айқындалған құрылымы бар. Ол бірнеше элементтерден тұрады.
а) Бірінші құрылым – мақсат. Ұстаз оқу процесін ұйымдастырушы, жүргізуші ретінде балаға білім беру, үйрету, берілген тақырыпты өту, түсіндіру сияұты алдына мақсат қояды.Осы мақсатты тек ұстаз ғана ұстамау керек,оны шәкірт те сезініп,оқу,оқыту процесіндегі қызметтес болуы тиіс.
б)Екінші құрылым-білімді баланы оқыту.Баланың өмірден алған әлеуметтік тәжірбиесі арқылы немесе оқу процесінің жүруі баланың біліміне байланысты.Көзі ашық,көкіргі ояу,білімді баланы оқыту да ұстазға оңайға түседі.Яғни,екінші құрылым-білімді бала.
в)Оқыту немесе оөыту процесінің үшінші құрылымы-ұстаз.Оның білімі, тәжірбиесі,балаға деген көзқарасы,қатынасы,сыйпайлылығы,мінезі,іс-әрекеті,ұстаздық қабілеті, т.б.
г)Оқыту процесінің төртінші құрылымы-шәкірт.Оның обьект-субьект ретіндегі қатынастары (ұстазбен,қоршаған ортамен ).Оқу-оқыту процесіндегі оөушылардың іс-әрекеті.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру
А) Білім – объекивтік дүниені бейнелейтін адам баласының мол тәжірибесі. Білім арқылы жеке адам табиғаттың және қоғам құбылыстарының объективтіік жақтарын зерттейді, түсінеді, ұғады. Ғылыми білім – қалыптасудың және дүниетанымның дамуының ғылыми үлкен тірегі. Міне осының нәтижесінде ғылыми білім әр адамның көзқарасына, сеніміне айналады.
Б) Дүниетаным – жеке адамның табиғи және әлеуметтік құбылыстарын түсіндіру туралы пайымдауы, ой тұжырымы. Адам баласының пайда болу тарихы туралы түсіндіруде әр түрлі көзқарастар бар екені мәлім. Материалистер мұндай ммәселені ғылыми дұниетаным (материаистік) тұрғысынан дәлелдесе, идеалистер идеалистік тұрғысынан дәлелдейді, яғни бірінші кезекте идея ма, жоқ материя ма деген сұрақтарға жауап іздейді.
Жалпы дүниетанымға сенім керек.
В) Сенім – терең тиянақты ойланып айтылған идеялар жиынтығы. Сенім жеке адамның өірлік ұстанымының беріктігін анықтайды, мінез- құлқын сипаттайды. Әр түрлі идея адам сенімінің негізі – шындықты терең тану, оның соңынан еріп отыру. Сенімде эмоцияналдық толқу, интеллектуалдық сезім, бірбеткецлік, қайсарлық, теориялық ой үлкен орын алады. Сенімге мұрат керек.
Г) Адам мұраты – жете түсінудің жоғары кемелі, адам баласының жоғаы мұрат – мақсаттары өмірге ұтылушылығы, талпынушылығы. Мұрат – жеке адамның немесе қоғамдық талаптардың талаптардың мінез- құлқымен арман- тілектердің сипаты мен көріністерні айқындайтын рухани бейне, үлгі, белгілі мақсатқа бағытталған адам қызматінің жалпы формасы.
Оқытуды ұйымдастырудың түрлері:
а) Жұптық – бала мен бала бірігіп оқиды,жауап береді;
б) Топтық – сынып бірнеше топқа бөлініп жаттығулар орындайды,сабақты талдайды,есеп шығарады;
в) Ұжымдық - әрбір топтық жұмыс қорытындысы ұжымда талқыланады;
г) Дербес түрі - әрбір оқушы тапсырмаалып оны өз бетінше орындайды,компбютермен жұмыс істейді;
д) Өз бетімен ізденіс – жоғары сынып оқушыларының зерттеушілік жұмысы.
Достарыңызбен бөлісу: |