Физика • КҮштер • ньютон заңдары 1 1-бөлім: Ньютонның бірінші заңы



Pdf көрінісі
бет3/10
Дата24.11.2022
өлшемі0.78 Mb.
#465685
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
kktwig-nyuton-zadary

ФИЗИКА • КҮШТЕР • НЬЮТОН ЗАҢДАРЫ
3
2-бөлім: Ньютонның екінші заңы
• Ньютонның екінші заңы қандай?
Ньютонның екінші заңы денелерге түсетін күш әсерін сипаттайды. Күштен пайда болған үдеу дене массасына 
бөлінген күш мөлшеріне тең деп тұжырымдалады. Бұл масса көбейген сайын, күштен туған үдеу азая түсетіндігін 
білдіреді.
Сонымен қоса, бұл заң импульс арқылы да сипатталады. Бұл тұрғыдан біз 
түсірілген күштің импульстің өзгеру жылдамдығына тең екенін көреміз. Күш 
артқан сайын, секундына өзгеретін импульс те арта түседі. 
Ұсынылатын фильм
- Ньютонның қозғалыс заңдары
• Импульс деген не?
Дене импульсі оның массасының жылдамдығына көбейтіндісімен анықталады. Бұл – уақыт өтісімен денеге күш 
әсер еткенде өзгеретін сан. Сол себепті, ешқандай сыртқы күштер әсер етпегенше, бұл шама сақталып тұрады. 
Барлық денелердің соқтығысқа дейінгі және кейінгі толық импульсі сыртқы күштердің әсерінсіз тұрақты болып 
қалады. 
Соқтығыс кезінде импульс сақталатындықтан, егер басқа қатысушы денелердің жылдамдықтары мен массалары 
белгілі болса, соқтығыстан кейінгі дене жылдамдығын есептеуге болады. Импульс үнемі сыртқы күштер 
болмағанда, тіпті, кинетикалық энергия болмайтын жағдайларда да сақталады. 
• Ұсынылатын фильм
- Импульс
• Жылдамдық пен үдеу арасындағы айырмашылық қандай?
Дененің векторлық жылдамдығы – дене орын ауыстырғанда, яғни 
бастапқы нүктеден қашықтығы өзгергендегі шапшаңдық. Дене неғұрлым 
тез қозғалған сайын, соғұрлым секундына көп арақашықтықты өтеді. 
Әдетте векторлық жылдамдық метр секундпен (м/с) өлшенеді. Орын 
ауыстыру секілді жылдамдық та вектор болып саналады. Ол оның 
абсолют мәнімен қатар, оған қатысты бағыты да бар дегенді білдіреді. 
Сызықтық жылдамдық пен векторлық жылдамдық терминдері қатар 
қолданылғанымен, физикада олар әртүрлі мағынаны білдіреді. 
Сызықтық жылдамдық – вектор емес, скалярлық шама. Бұл оның 
бағыты жоқ екендігін білдіреді. 
Үдеу – векторлық жылдамдықтың өзгеру шапшаңдығын анықтайтын 
шама. Ол метр секунд квадратпен өлшенеді. Векторлық жылдамдық 
вектор болғандықтан (өзіне қатысты бағыты бар), үдеу өзгере алады
бірақ оның шамасы тұрақты болып қалады. Дөңгелек бойымен 
қозғалатын дененің векторлық жылдамдық бағыты тұрақты түрде өзгеріп 
отырады, бірақ жылдамдықтың абсолют мәні (сызықтық жылдамдық) 
өзгермейді. Тұрақты күш әсер ететін денелер бірқалыпты үдеумен 
қозғалады. Еркін құлап бара жатқан дене ауырлық күшінің әсерінен 
шамамен 9,8 метр секунд квадрат үдеуімен қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет