Айныған газ деп металдағы электрондарды айтуға болады, олар Максвелл-Больцман классикалық статистикасына бағынбайды..
МОЛЕКУЛА ЭНЕРГИЯСЫ. МОЛЕКУЛАЛЫҚ СПЕКТРЛЕР. ЖАРЫҚТЫҢ КОМБИНАЦИЯЛЫҚ ШАШЫРАУЫ
22.1. Химиялық байланыстар
22.2. Молекула энергиясы.
22.3. Молекулалық спектрлер.
22.4. Жарықтың комбинациялық шашырауы
22.5. Еріксіз сәуле шығару. Лазер.
Химиялық байланыстар. Молекула – біртүрлі немесе әртүрлі атомдардың химиялық байланысынан құралған заттың ең кіші бөлшегі, ол заттың негізгі химиялық және физикалық қасиеттерін тасушыбөлшек. Атомдарды молекулада ұстап тұратын күштер сыртқы валенттік электрондардың әсерлесуінің салдары. Атомдардан молекула құрылғанда ішкі қабық-шалардың электрондары бұрынғы күйлерінде қалады. Молекулада атомдар арасындағы байланыстың екі түрі бар. Байланыстың бірінші түрінде молекуладағы электрондарды екі группаға бөлуге болады, группаның әрқайсысы өз ядросының төңірегінде орналасқан, мысалы, екі атомды молекулалардағы сияқты. Электрондардың осылай орналасуының арқасында бір ядроның қасында электрондар саны артық болады да, екінші ядроның төңірегінде электрондар саны кем болады. Былайша айтқанда, молекула таңбалары қарама-қарсы бірін-бірі тартатын екі ионнан құрылған сияқты. Байланыстың бұл түрін гетерополярлық (немесе иондық) байланыс дейді. Гетерополярлық байланысы бар молекулаларға мыналар жатады: NaCl, KBr, HCl және басқалары.
Молекулалардағы байланыстың екінші түрінде кейбір электрондар екі ядроның төңірегінде де қозғала алады. Мұндай байланыс гомеополярлық (немесе коваленттік) байланыс деп аталады. Ол спиндері қарама-қарсы бағытталған қос электронмен жасалады. Бұл типке жататын молекулалардың кейбіреуі біртүрлі ядролардан тұрса ( ), ал, кейбіреуі әртүрлі ядролардан (мысалы, CN) тұрады. Молекулалардың бірінші түрінде электрондар симметриялы түрде орналасады. Молекулалардың екінші түрінде электрондардың орналасуында ассимметрия байқалады, соның арқасында ондай молекулалар дипольдық моментке ие бола алады. Коваленттік байланыс теңбе-тең бөлшектердің ажыратылмаушылық приципі негізінде түсіндіріледі, оған сутегі молекуласын мысалға келтіруге болады. Бөлшектерді ажыратылмаушылық олардың арасында әсерлесудің ерекше түрі бар екенін көрсетеді, мұндай әсерлесу алмасу әсерлесуі деп аталады. Бұл нағыз кванттық эффект, оның классикалық аналогы жоқ, дегенмен, сутегі молекуласындағы әрбір атомның электроны бір мезгіл басқа атомның ядросының төңірегінде бола алады, сөйтіп, екі атом арасындағы байланыстың себебін осылай түсінуге болады.
Достарыңызбен бөлісу: |