Физика-2 курсы бойынша 2006-2007 оқу жылына арналған тірек конспектілері


ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТЕРДІҢ ФОТОӨТКІЗГІШТІГІ. ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДІҢ ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯСЫ



бет38/48
Дата14.09.2023
өлшемі6.81 Mb.
#477643
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48
Лекция Физика 2 - каз

ЖАРТЫЛАЙ ӨТКІЗГІШТЕРДІҢ ФОТОӨТКІЗГІШТІГІ. ҚАТТЫ ДЕНЕЛЕРДІҢ ЛЮМИНЕСЦЕНЦИЯСЫ

24.1. Өткізгіштіктің пайда болу механизмі


24.2. Фотоөткізгіштіктің түрлері.
24.3. Қатты денелер люминесценциясы
24.4. Жартылай өткізгіштердің түйісуі. Диод. Триод.
Жартылай өткізгіштердің фотоөткізгіштігі-жартылай өткізгіштердің электр өткізгіштігінің электромагниттік сәуле әсерінен арту құбылысы негізгі заттың, сондай-ақ ондағы қоспалардың қасиеттерімен байланысты. Бірінші жағдайда фотон энергиясы рұқсат етілмеген зона еніне тең немесе үлкен болса , онда электрондар валенттік зонадан өткізгіштік зонаға ауыстырылып қосымша электрондар (өткізгіштік зонада) және кемтіктер (валенттік зонада) пайда болады. Нәтижесінде электрондар мен кемтіктер туғызған меншікті фотоөткізгіштік пайда болады.
Егер жартылай өткізгіште қоспа болса, онда фотоөткізгіштік болғанда да пайда бола алады; донорлы қоспалы жартылай өткізгіш үшін фотон энергиясы ал акцептрлі қоспалы жартылай өткізгіш үшін .
Сонымен меншікті жартылай өткізгіш үшін, қоспалы жартылай өткізгіштер үшін. Мұндағы –қоспалы атомдардың активация энергиясы.
Люминесценция – берілген температурада жылулық сәуле шығаруға қосымша тепе-теңдіксіз және ұзақтығы жарықтың тербеліс периодынан үлкен сәуле шығару. Жарық тербелісінің периоды шамамен , ал люминесценттік жарықтың ұзақтығы .
Қозу тәсілі бойынша: фотолюминесценция (жарық әсерінен), ренгенлюминесценция (ренген сәулесінің әсерінен), электролюминесценция (электр өрісінің әсерінен), радиолюминесценция (ядролылық сәуле - –сәуле, нейтрон, протон әсеріне), хемилюминесценция (химиялық түрлену кезінде), триболюминесценция (кейбір кристалдарды, мысалды қантты үйкегенде немесе шаққанда). Жарқырау ұзақтығы бойынша флуоросценцияны ( ) және фосфоросценцияны – қоздырушы әсер тоқтаған соң біз жарқырауды ажыратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   48




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет