Күй теңдеуін тәжірибе жүзінде тексеру.Герметикалық кеңірдектегі ыдыс, өзінің ішіндегі қысымды көрнектеп тұратын манометрлермен қосылған. Винтті айналдырып,ыдыстың көлемін өзгертеміз. Көлемді сызғыштың көмегімен анықтауға болады. Ыдыстағы газдың температурасы айнала қоршаған ауаның температурасына тең және оны термометр көрсетіп тұрады.
Газдың бастапқы күйіндегі қатынасын есептеуге болады( Т – абсолют температура).
Осыдан кейін ыдыстың көлемін өзгерту және ыдысты ыстық суға салып, газды қыздыру керек. Енді газдың қысымын, көлемін және температурасын тағы да өлшеп, қатынасын есептеуге болады.
Тәжірибелік қондырғы анықтап беретін дәлдік шектеріне қарай, күй теңделуі орындалады. Тек жүздеген атмосфералық қысымда ғана идеал газ күйі теңдеуінің эксперимент нәтижелерінің алдын ала болжанған мөлшерден едәуір ауытқуы байқалады. Тығыз газдарды тіпті жуықтап болса да идеал деп есептеуге болады.
Идеал газ күйі теңдеуінің көмегімен газ массасы және үш параметрдің – қысым,көлем немеса температура – біреуі өзгермей қалған жағдайдағы процестерді зерттеуге болады. Газдың бір параметрлерінің мәні тағайындалып, қалған екі мәні арасындағы заңдарды газ заңдары деп атайды.
Параметрлерінің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. Изопроцестер табиғатта кең таралған және техникада жиі пайдаланылады.
Шынында да, ешбір процесс қандай да болмасың қатаң тағайындалған бір паратметрдің мәнінде жүрмейді. Температураның, қысымның немесе көлемнің тұрақтылығын бұзуға әсер ететін қандай да бір жағдайлар болады. Тек лабораториялық жағдайларда ғана қайсыбір параметрлердің тұрақтылығын тым дәлірек сақтауға болады, бірақ жұмыс істейтін техникалық құрылғыларда және табиғатта бұл іс жүзінде әсте мүмкін емес. Изопроцесс – бұл нақты процестың идеалдандырылған моделі. Ал шындықты тек жуық қана белнелейді.
Изотермиялық процесс.Температура тұрақты болғанда макроскопиялық денелердің термодинамикалық жүйесі күйінің өзгеру процесін изотермиялық деп атайды.Газ температурасын тұрақты етіп ұстау үшін ол температурасы тұрақты болып тұратын үлкен жүйемен – термостатпен - жылу алмасатындай болуы қажет. Өйткені сығылғанда немесе ұлғайғанда газдың температурасы өзгеретін болады. Егер атмосфералық ауаның температурасы бүкіл процесс барысында елеулі өзгермесе, онда ол термостат қызметін атқара алады.
Идеал газ күйінің теңдеуіне (3.4) сәйкес тұрақты температурадағы кез келген күйде газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты болады, яғни T = const болғанда:
pV=const (3.6)
Достарыңызбен бөлісу: |