Физика пәні бойынша 10-сыныпқа арналған емтихан билеттері.
Билет № 1
1. Молекулалық –кинетикалық теория негіздері.
2. Плазма деген не?
3. 26,5 кПа қысымдағы сутегі молекуласының орташа жылдамдығы 2400 м/с, көлемі 1 м3 сутегі молекуласының санын анықта.
Билет № 2
-
Мольдік масса. Зат мөлшері. Авогадро саны.
-
Газдардағы электр тоғы.
-
Көлемі 0,04 м3 газдың қысымы 200 кПа, ал температурасы 240К . Ондағы зат мөлшері қандай?
Билет № 3
-
Броундық қозғалыс.
-
Электролиз заңы.
-
Массасы 10-8 г тозаң түйіршігі 5000 В кернеу түсірілген жазық конденсатор астарларының арасында тепе- теңдікте тұр. Астарлардың ара қашықтығы 5 см. Тозаң түйіршігінің зарядын анықта.
Билет № 4
-
МКТ-дағы идеал газ.
-
Сұйықтардағы электр тоғы.
-
Зарядтары 2*10-8 Кл және 3*10-8 Кл болатын бірдей екі шар бір-бірінен 6 см ара қашықтықта тұр. Олардың арасындағы тартылыс күшін анықта.
Билет № 5
-
МКТ-ның негізгі теңдеуі.
-
Вакуумдегі элекр тоғы. Диод.
-
ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар.
Билет № 6
-
Температура. Термометр.
-
Термисторлар мен фоторезисторлар.
-
6,4*10-2 Кл зардяты өрістің бір нүктесінен екінші нүктесіне көшіргенде 9,6 Дж жұмыс істеледі. Осы нүктелердің арасындағы потенциалдар айырымын есепте.
Билет № 7
1. Штерн тәжірибесі.
2. Транзисторлар.
3. Кедергісі 0,5 кОмнан және әрқайсысы 120 В кернеуге есептелген қосылған он шам реостат арқылы кернеуі 220 В желіден қоректенеді. Реостаттағы электр тогының қуаты қандай?
Билет № 8
-
Идеал газ күйінің теңдеуі.
-
Жартылай өткізгіш диод.
-
ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар.
Билет № 9
-
Газ заңдары
-
Жартылай өткізгіштегі электр тогы.
3. Батареяның ЭҚК-і 6В. Тізбектің сыртқы кедергісі 11,5 Ом, ал ішкі кедергісі 0,5 Ом. Тізбектегі ток күшін, батарея қысқыштарындағы кернеуді және батарея ішіндегі кернеуді анықта.
Билет № 10
-
Қаныққан бу.
-
Өткізгіштіктің кедергіге тәуелділігі. Асқын өткізгіштік.
3. Өзара параллель қосылған кедергілері 10 Ом, 20 Ом екі өткізгіш кернеуі 100 В электр тогына жалғанған. Электр тогының әр өткізгіште 10 мин жасайтын жұмысы неге тең?
Билет № 11
-
Кризистік температура.
-
Әртүрлі ортадағы электр тоғы. Металдағы электр тогы.
-
ЭҚК-і 2 В, ішкі кедергісі 0,8 Ом ток көзі ұзындығы 2,1 м, ал қима ауданы 0,21мм2 никель сыммен тұйықталған. Тізбектегі ток күшін тап. Батарея қысқыштарындағы кернеу неге тең?
Билет № 12
-
Ауа ылғалдылығы.
-
Заттың магниттік қасиеттері.
-
Кедергілері 10 Ом және 23 Ом өзара параллель жалғанған екі өткізгіш керннеуі 100 В болатын электр торабына қосылған. Секунд сайын әр өткізгіште қанша жылу мөлшері бөлінеді?
Билет № 13
-
Кристалл денелер. Аморф денелар.
-
Лоренц заңы, оны қолдану.
-
Кедергісі 84 Ом-ға тең реостаттың орамы көлденең қимасының ауданы 1мм2 болатын никель сымнан жасалған. Сымның ұзындығы қандай?
Билет № 14
-
Деформация, оның түрлері.
-
Ампер заңы, оны қолдану.
-
Ток күші 1 А болғанда қимасы 1,4 мм2 алюминий өткізгіштегі өрістің кернеулігі қандай?
Билет № 15
-
Қатты денелердің механикалық қасиеттері. Пластикалық және морттық.
-
Электр өлшеуіш приборлар.
-
Әрқайсысы 6 кОм үш реостат арқылы қандай кедергі алуға болады?
Билет № 16
-
Ішкі энергия. Жылу мөлшері.
-
Магнит индукция векторы. Магнит индукция сызықтары.
-
ЭҚК-і 12 В-қа тең және ішкі кедергісі 1 Ом ток көзіне кедергісі 5 Ом-ға тең кедергі қосылған. Тізбектегі ток күшін және ток көзінің қысқыштарындағы кернеуді табыңдар
Билет № 17
-
Термодинамика. Термодинамиканың 1-заңы.
-
Магнит өрісі.
3. Кедергісі 0,5 кОмнан және әрқайсысы 120 В кернеуге есептелген қосылған он шам реостат арқылы кернеуі 220 В желіден қоректенеді. Реостаттағы электр тогының қуаты қандай?
Билет № 18
-
Термодинамиканың 1-заңын әртүрлі процеске қолдану.
-
Толық тізбек үшін Ом заңы. ЭҚК.
-
Массасы 2 кг азот көлемі 2 м3 ыдыста тұр. Азот ыдыс қабырғасына 1,5*105 Н/м2 қысым түсіреді. Ыдыстағы газ молекуласының орташа кинетикалық энергиясын анықта?
Билет № 19
-
Термодинамиканың 2-заңы.
-
Токтың жұмысы мен қуаты. Джоуль-Ленц заңы.
-
56 г азотта неше молекула бар?
Билет № 20
-
Жылу двигательдерінің ПӘК-і. Карно циклі.
-
Өткізгіштерді тізбектеп, параллель қосу.
-
Газдың қысымы 0,2 МПа және температурасы 15о С болғандағы көлемі 5 л осындай массасы бар газдың қалыпты жағдайлардағы көлемі неге тең?
Билет № 21
-
Электродинамика деген не?
-
Тізбек бөлігі үшін Ом заңы. Кедергі.
-
Қандай қысымда 1 моль газдың температурасы 77о С болады.
Билет № 22
-
Электр заряды. Зарядтың сақталу заңы.
-
Электр тогы. Ток күші
-
Қысымы 150 кПа және температурасы 27о С болғанда 2 м3 газда қанша молекула бар?
Билет № 23
-
Кулон заңы.
-
Конденсаторлар. Конденсатор энергиясы.
-
Ішкі энергиясы U=300 Дж тең көлемі V=2 л болса, 1 атомды газдардың қысымы неге тең болады?
Билет № 24
-
Электр өрісі. Электр өрісінің кернеулігі. Суперпозиция принципі
-
Милликен –Иоффе тәжірибесі.
-
Сыйымдылығы 10 мкФ конденсаторға 4 мкКл заряд берген. Зарядталған конденсатордың энергиясы қандай?
Билет № 25
-
Электр өрісіндегі өткізгіштер. Диэлектриктер.
-
Электр сыйымдылық.
-
Ток күші 10 А болғанда индуктивтілігі 0, 2 мГн контурда қандай магнит ағыны пайда болады?
Достарыңызбен бөлісу: |