«Физика» пәні бойынша 3 тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары
Хемилюминесценциясына 2 мысал келтрініз. [2]
2. Абсолют қара дене деген не? [1]
3.т1900 жылы 14 желтоқсанда Макс Планк Берлин физикалық қоғамының мәжілісінде баяндамасында гипотезаны алға тартты. Кейінірек Планк гипотезасы деп аталатын бұл гипотеза келесідей тұжырымдалған:
(i) Классикалық физикада кез келген жүйенің энергиясы ____________. Ал Планктың кванттық гипотезасы бойынша энергия __________түрде ғана шығарылады. [2]
(ii) Энергияның бір үлесін ________деп атайды. [1]
(iii) Энергиясы 3 эВ фотонның электромагниттік толқынының ұзындығы қандай. Бұл сәулеленуді электромагниттік толқындардың қандай түріне жатқызу керек? [4]
4 (а). Электромагниттік сәулеленудің шкаласында алты түрлі толқын ұзындығының диапазонын ажырату болады.
(i) Электромагниттік толқындарды ұзындықтарының кему ретімен жазыңыздар. [1]
(ii) Электромагниттік толқындардың әр түрлі ұзындықтағы сәулеленуінің болу себебі неде? [1]
(iii) Әр түрлі диапазондағы электромагниттік толқындардың заттармен өзара әрекеттесуіндегі (жұту және шағылу) айтарлықтай айырмашылықтың себебі неде? [1]
4 (в). Монохроматтық жарық мырыш тақтасына түсіп, фотоэффект тудырады.
(i) Фотоэффект деп не аталады? [1]
(ii) Шығу жұмысы деп не аталады? [1]
(iii) Мырыш үшін шығу жұмысы Aш= 4 эВ. Фотоэлектрондардың максималды жылдамдығы 760 км / с. Монохроматтық жарықтың толқын ұзындығын табыңыздар. [2]
4 (c). 3-суретте фотоэффектке тән вольт - ампер графигі көрсетілген.
(i) Тежеу кернеуі деп не аталады? [1]
(ii) Монохроматтық сәулеленудің әсерінен мырыш бетінен шыққан фотоэлектрондардың тежегіш кернеуін анықтаңыз (4 (в) тапсырманың шарттары бойынша). [3]
3-сурет.
5. Радиоактивті радон газының жартылай ыдырау периоды 4 тәулікке тең. Ғимарат ішіндегі ауа сынамасында 6 мг радон бар.
(i) Радиоактивті заттың жартылай ыдырау периоды дегеніміз не? [1]
(ii). 8 тәуліктен кейін сынамада қалған радонның массасы қанша? [1]
6. Кез-келген ядролық реакцияда масса саны мен заряд санының сақталу заңдары орындалады.
(i) Ядролық реакцияларды жазу кезінде масса мен заряд сандарының сақталу заңдарын тұжырымдаңыздар. [1]
(ii) Ядролық реакцияның жетіспейтін элементін көрсетіңіздер: 94Be + 42 a → 126? +10 n.
73 Li + p 42He + ? [2]
7. Зарядталған бөлшектер үдеткіштерінде, термоядролық реакцияларды жүзеге асыратын тәжірибелік қондырғыларда зарядталған бөлшектер магнит өрісінде қозғалады.
(i) Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектерге қандай күш әсер етеді? [1]
(ii) Магнит өрісіндегі зарядталған бөлшектердің қозғалу сипатын түсіндіріңіздер. [1]
8. Наноматериалдарда физикалық қасиеттердің өзгеруі байқалады: магниттік, жылу өткізгіш және электрөткізгіш.
(i) Наноматериалдардың физикалық қасиеттерінің ерекшеліктері немен түсіндіріледі? [1]
(ii) Наноматериалдарды алудың қандай әдістері қолданылады? [1]
Достарыңызбен бөлісу: |