Физикалық сапаны дамытуға арналған жаттығулар жиынтығы: күш
Дене шынықтыру мен және спортпен шұғылдану кезіндегі дене шынықтыру тәрбиесін физиологиялық негіздерге арналған өзіндік білім алу деңгейін көтеру бойынша білім беру және дағдыландыру.
Денсаулықты күшейтудің, дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезіндегі жұмысқа қабілеттілікті арттырудың физиологиялық механизмдері туралы ғылыми дүниетаным қалыптасады.
Тиімді дене шынықтыру құралдарымен әдістерімен қоршаған орта факторларымен дене жұмысқа қабілеттілікті сақтау мақсатында барлық адамдардың бойында қимыл қорын қалыптастыру негіздерінде, дене жүктемелеріне төтеп беру – машықтандыру құралдарын және дене шынықтырумен шұғылданатындардың дамуындағы бақылаудың физиологиялық әдістерін қолдану бойынша дағдыларды қалыптастыру. Әртүрлі биоэнергетикалық дене жаттығуларының әсер ету ерекшеліктерінде дұрыс бағдарлануға үйретіп, бұл білімдерін оқыту машықтандыру және дене шынықтыру сабақтарында оқыту. Бұл пәнді сапалы меңгеру үшін студенттер сіздер анатомия, спорттық морфология, биомеханика, дене жаттығулары және спорт биохимиясы, жалпы және жас ерекшеліктері физиологиясы, дене шынықтыру және спорт теориясы мен әдістері, гигиена сияқты пәндерден алған білімдерің жоғары болу керек. Осы пәнді оқу сендерге келешекте бапкерлік іс-тәжірибеден өту үшін қажет.
Физиология спортының денсаулығын сақтай отырып, оның спорттық іс-әрекетінде үлкен нәтижелерге жетуіне мүмкіндік беретін білімнің негізін құрап, дене тәрбиесі мен спорт ілімінде маңызды орын алады. Спорт физиологиясы негізінен: қимыл әрекеттерін қалыптастыру механизмдерін; машыққандығы мен жұмыс қабілеттілігін сипаттайтын көрсеткіштерді; машыққандығын дамытатын механизмдерді; спортшы ағзасының физиологиялық резервтерін зерттейді.
Келешек бапкерлер мен дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушылары спорт физиологиясынан мемлекеттік емтихан тапсырып, мамандығын жетілдіру факультетінің тыңдаушылары өз білімдерін жаңартуымен айқындалады. Бапкерлер мен дене тәрбиелеу мәдениеті оқытушылары үшін спорттық әрекеттің физиологиялық заңдылықтарын білу мынадай мақсаттарда қажет:
Машықтанушылардың денсаулығына нұқсан келтірмеу;
Машықтану процесін сапалы құру \құрылысы бойынша қатаң емес\;
Машықтану процесінде зорықтырмау, зорығу қалған жағдайда машықты тоқтату;
Жауапты жарыстарға спортышыларды іріктеудің негізі;
Машықтану процесін жетілдіру үшін спортшы ағзасында машықтану және жарыс кезіндегі қызметтік жағдайды түсіну;
Адам ағзасында машықтану және жарыс кездерінде өтіп жатқан өзгерістерді өз шәкірттеріне дұрыс түсіндіріп, өзінің тапсырмалары мен ұсыныстарын дәлелдеу.
Спорт физиологиясының заңдылықтарын білу бапкерлермен дене тәрбиелеу оқытушыларының өзіндік іскерлігі мен жеке мақсаттардағы көзқарасын кеңейте түседі және ұжымда өзіндік бедел алады.
1. Дене жаттығуларының адам ағзасының физиологиялық жүйелеріне әсері.
Физикалық жаттығулар бірқатар белгілері бойынша мынадай топтарға бөлінеді. 1. Бұлшық ет массасы көлемінің белсенділігіне байланысты:
І\ бұлшық еттің 1\3 бөлігінен азырақ қатысуымен орындалатын жергілікті жаттығулар \садақпен ату\; 2\ аймақты жаттығуларда бұлшық еттер массасының 1\2 бөлігіне шейін қатысады. \қолдың көмегімен жасалынатын гимнастикалық жаттығулар\; 3\ бұлшық еттердің 1\2 бөлігінен көбірек бөлімі қатысатын кең аймақты жаттығулар.
ІІ. Бұлшық ет қызметінің тәртібіне байланысты: 1\ изометриялық тәртіпте бұлшық ет қызметінің басым болуы жөніндегі статикалық жаттығулар \жүкті ұстап тұру\; 2\ ауксотониялық тәртіпте бұлшық ет қызметі басым болатын – динамикалық жаттығулар.
ІІІ. Физиологиялық сапаның қайсібірі басым болуына байланысты: 1\ жылдам күш жаттығулары, бұл кезде бұл кезде бұлшық еттер бір уақытта үлкен күш пен жиырылу жылдамдығын көрсетеді \секіру,\лақтыру; 2\ бұлшық еттер аз ғана күш пен жылдамдықта ұзақ уақыт жұмыс қабілеттілігін сақтайтын төзімділікке жаттығулар \ұзақ қашықтыққа жүгіру, шаңғы тебу\.
ІҮ. Уақыт бірлігінде орындалатын жаттығуларда жұмсалатын энергия мөлшеріне байланысты: І\ жеңіл; 2\ орта; 3\ сылбыр; 4\ ауыр; 5\ өте ауыр жаттығулар.
Ү\ Энергияны қамтамасыз ету механизмінің басымдылығына байланысты: І\ анаэробты; 2\ аралас; 3\ аэробты.
3. Қимыл бірліктері және дағдылары – спорт техникасының негізі. Қимылдарды басқарудың рефлекторлық механизмдері.
Қозғалыстардың орындалуына байланысты стандартты \стеротипті\ және стандартсыз \ситуациялы\ болып екіге бөлінеді.
Стандартты жаттығулар шартты қимыл рефлекстерін жүзеге асыруда белгілі реттілікпен пайда болып, қимыл динамикалық стеротипті түрде қалыптасады. Стандартсыз жаттығулар қарсыласы мен серігінің әрекеті арқылы сипатталады.
Стандартты циклді қозғалыстарды қуатына байланысты барынша жоғарғы, соған тете үлкен және сылбыр деп бөледі.
Жоғарғы қуат аймағында – жұмыс қарқыны 5-тен 30 сек-ке дейін созылады. 60,100,200,400 м жүгіру. 25,50 м жүзу. Қозғалыстар жоғарғы жиілікпен сипатталып, жүгіру жылдамдығы 10м\с болады да, олар АТф, КФ және 3% глюкоза көмегінің қатысуы мен анаэробтың жағдайларда атқарылады. Сүт қышқылы қанға шығып үлгермей, бұлшық еттерде шоғырланады. Оттегінің қарызы 100м жүгіру кезінде 7-8 л, тыныс жиілігі аз өзгереді де, жүректің соғу жиілігі сөреге жақындағанда 180-190 соғ\мин-ке жетіп, артериялық қысым көтеріледі. Систолалық қысым 180-200 мм сынап бағанасына жетсе, диастолалық қысым өзгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |