Форма 12 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті



бет1/4
Дата08.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#185595
түріСабақ
  1   2   3   4
Форма 12

Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы

Техникалық және кәсіби білім беру факультеті

Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы

КӘСІПТІК ҚАЗАҚ ТІЛІ ПӘНІ БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУЛЕР

Мамандығы: Стамотология

Курсы: ІІ

Семестрі: ІV

Құрастырған: А. С. Жакипова

Шымкент, 2012

Кафедра мәжілісінде қаралды және бекітілді

«___»_________

№ «___» хаттама

«Бекітемін»

Кафедра меңгерушісі: Е.Қ.Сәлім



1-Сабақ

Сабақтың тақырыбы:Менің Отаным– Қазақстан. Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстар.

  1. Сағат саны: 3 (100%)

  2. Сабақ түрі: тәжірибелік

  3. Сабақтың мақсаты:


оқыту: Қазақстан туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.

тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.


  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.

  2. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар

6. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы.

Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.



8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин (7%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Өткен тақырыптарға шолу жасау: 35 мин (26% )

1. Қиысу, матасу, меңгеру тәсілдері

2. Септік жалғаулы сөздердің септеуліктермен тіркесте болуы

3. Сөздік минимумдар


10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин (33 %)

Лексикалық тақырып:

Менің Отаным-Қазақстан

Қазақстанның жері кең- байтақ, табиғаты әр түрлі. Мұнда асқар тау да , өзен де, шөл де бар. Қазақстанда ірі қалалар көп.

Дүние жүзінде Қазақстан жер аумағы бойынша алдыңғы қатардың бірінде тұрады. Біздің Қазақстан- көп ұлтты мемлекет. Республикамызда тек қана қазақтар ғана емес, сонымен қатар орыс, ұйғыр, татар, кәріс, өзбек, қырғыз,түрік және тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Біздің республикамыздың өзінің анты, әнұраны, елтаңбасы, туы бар. Оны әрбір Қазақстанның азаматы білуі тиіс. Қазақстан республикасының астанасы-Астана қаласы. Ол өте әдемі қала. Қазір ол жерде биік ғимараттар, зәулім үйлер салынып жатыр.

Республикамыз табиғи қазыналарға өте бай. Бізде өсетін өсімдіктер денсаулыққа пайдалы. Қазақстанның жері пайдалы кендерге де толы. Мұнда жер шарындағы кез-келген байлықтың барлық түрі кездеседі: тас, көмір, мұнай, темір, мыс пен алтын тағы басқа қазба байлықтар өндіріледі.

Қазақстан –астыққа бай өлке. Мен өз елімді жақсы көремін. Оның көркейюіне бар үлесімді қосамын.

Қазақстанның тарихы өте терең. Отырар, Сауран, Шелек, Түркістан және тағы басқа да тарихи қалалар қазірге дейін адамдарды таң қалдыруда.Біздің ата-бабаларымыз бұл жерде ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғаған. Сондықтан да, біз елімізді қорғап, құрмет тұтуымыз керек. Егеменді еліміздің қадірін түсіне білуіміз керек.



Грамматикалық тақырып: Қазақ тіліне тән ерекше дыбыстар.

Қазақ тіліне тән, орыс тілінде жоқ 9 дыбыс барынан хабардар боларсыздар. Олардың түрлерін алдыңғы сабақтарымызда өткен болатынбыз. Енді соларды еске түсіріп, дауысты, дауыссызға бөліп дыбысталу ерекшеліктеріне тоқталыңыздар.

11. Жаңа тақырыпты бекіту: 25 мин (19 %)

1-тапсырма. Мәтінді оқып , мазмұнымен танысыңдар.

Еліміз тәуелсіздігінің он жылында «Болашақ» бағдарламасы бойынша 713 қазақстандық жастар өркениетті елдерде білім алыпты. Солардың жиырмасы туған тамырынан қол үзіп, Отан-Анасына оралмаған. Солардың бірде-біреуінен мемлекет қорынан бөлінген қаржыны өндіріп алу қарастырылмаған. Өткен жылы «Болашақ» бағдарламасы бойынша өткізілген конкурс қорытындысы негізінде биыл шетелдердегі беделді жоғары оқу орындарына үш мыңға жуық еліміздің жастары жіберілетін болды. Үкімет оқу кезеңіне жұмсалатын қаржы көздерін шешіп те қойды.

Сол сияқты былтыр Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытайдың ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасында білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Келісімге сәйкес, Қытай жағы Қазақстаннан 15 оқу озатын бакалавр бағдарламасы бойынша Қытайдың жоғарғы оқу орындарына оқыту үшін Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясының гранты бойынша 1,35 миллион АҚШ доллары шеңберінде жыл сайын 15 үміткер Қытайға оқуға жіберілетін болады.

Жалпы, біз қазақ жастарының шетелдерге білім алуына қарсы емеспіз. Бірақ әрнәрсенің қайтарымы болуы керектігін естен шығармағанымыз абзал.

2- тапсырма: Сөйлемдерді мәтін бойынша өзгертіп жазыңдар


  1. 713 қазақстандық өркениетті елдерде білім алыпты.

  2. Олардың отызы Отан-Анасына оралмаған.

  3. Шетелдік беделді ЖОО-на 2000-ға жуық жастар баратын болды.

  4. Білім саласында мәдениет туралы келісімге қол қойылды.

  5. Келісім бойынша 2 жыл сайын үміткерлер Қытайға оқуға барады

3- тапсырма: « Жастар – еліміздің болашағы » тақырыбына эссе жазыңдар.

4- тапсырма: Сұрақтарға «иә», «жоқ» деп жауап беріңдер.

  1. жастар туралы

  2. білімді ұрпақ туралы

  3. нарық туралы

  4. экология туралы

  5. тарих туралы

  6. жас ұрпақ туралы


12. Сабақты қорытындылау: 10 мин (7 %)

1. Қазақстан байлығы туралы

2. Отан отбасынан басталады.

3. Қазақ тіліне тән дыбыстарды ата

13.Үйге тапсырма беру.

«Менің елім-Қазақстан» тақырыбына мәтін жазып келу



2- Cабақ

1. Сабақтың тақырыбы: Орфография, Орфоэпия. Үндестік заңы.
2. Сағат саны: 3 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4. Сабақтың мақсаты:
Оқыту : орфография мен орфоэпия туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.

тәрбиелік: Тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
5.Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар


7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

6.Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:


  1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

  2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

  3. Молдабеков к. «Говорим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

  4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

  5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

  6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин. (7%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Өткен тақырыптарға шолу жасау: 35 мин (26% )

1. Қазақстан қандай мемлекет ?

2. Қазақ тіліндегі дыбыстар туралы

3. Қазақ тіліне тән дыбыстар


10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин (33 %)

Грамматикалық тақырып:

Орфография

Орфография-гректің дұрыс жазамын деген сөзінен шыққан. Барлық тілдерде айтылуы мен жазылуында айырмашылық бар сөздер болуы мүмкін. Солардың дұрыс жазылуын зерттейтін тілдің бір саласын орфография деп атаймыз.



Орфоэпия

Орфоэпия- гректің дұрыс сөйлеу деген сөздерінен алынған термин.

Орфография- дұрыс жазудың нормасы болса, орфоэпия- дұрыс сөйлеудің нормасы. Орфография заңдары сияқты, орфоэпияның да белгілі бір ізге түскен қағидалары бар. Жеке сөздермен сөз тіркестерін нақышына келтіріп дұрыс сөйлей білу айтайын деген ойды екінші біреуге анық, айқын етіп жеткізудің сөйлеуші мен тыңдаушының бір-біріне тез де мүлтіксіз түсінуінің кепілі болады.

Ауызекі сөйлеудің орын тәртібі мен жүйесі бар. Сөйлеу принцптері баршаға бірдей ортақ болады. Әркім әр түрлі сөйлемей, жалпы халық тілінде ежелден бері қалыптасқан сөйлеу нормаларын бұлжытпай қолдануға тиіс. Дұрыс сөйлеу нормаларын бұлжытпай қолдануға тиіс. Дұрыс сөйлеу нормалары-жеке дыбысты айтудан бастап бүтіндей сөйлемді, бүкіл бір мәтінді нақышына келтіріп, мәнерлі де әсерлі түрде айта да, оқи да білу деген сөз. Дұрыс сөйлеу, дұрыс оқу көп нәрсені жетік білуге байланысты.



Сөз ішіндегі, сөз аралығындағы дыбыстар бір-біріне әсер етеді.

Ала қарға-алағарға, Ақтау тасы- Ақтаутасы, Ібжан-Іпжан, қызша-қысша, Бейсенбі-Бейсембі т.б.

Екпін түсетін буындар мен екпін түспейтін буындар кейде сөз мағынасына да әсер етеді.

Алматыда алма бар. Алманы ал ! Бұл-кең бөлме. Әзірше қозыны енесінен бөлме


Үндестік заңы

Түбір мен қосымшаны, сөз бен сөздің аралығындағы көрші дыбыстардың бір-біріне ықпал етіп, ыңғайласып, үйлесіп қолданылуын үндестік заңы деп атайды. Мысалы: Бейсенбі сөзін айтқанда Бейсембіге айналады. Ондағы н дыбысы ықпалдың әсерінен м дыбысына айналып кетуі. Тарақ сөзіне тәуелдік жалғауы жалғанғанда тарағы болып өзгеріске түсуі соның айғағы.



11. Жаңа тақырыпты бекіту: 25 мин (19 %)

1- тапсырма. Мына төмендегі сөздерге қосымша жалғаңдар

Сабыр, мағына, сантиметр, манифактура , мазмұн, итарқа, бұқара, бүлдірген, қызметкер, балдыр, ахуал, аукцион, тұяқ, түндік, ұрыс, участок, фойе, футляр, шахта, реферат, оркестр.



12. Сабақты қорытындылау: 10 мин (7 %)

1. Орфография дегеніміз не ?

2. Орфоэпия дегеніміз не ?

3. Қазақ тіліндегі үндестік заңы


13. Үйге тапсырма беру.

Тақырыпқа байланысты мысалдар жазып келу.



3-Cабақ

  1. Сабақтың тақырыбы:Қазақстан көп ұлтты мемлекет. Зат есім және оның категориялары.




  1. Сағат саны: 3 (100%)


3.Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: Қазақстан қазақ ұлты және өзгеде ұлт өкілдері мен ұлыстары туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.

тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
5.Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.

6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар



7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

  1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

  2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

  3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

  4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

  5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

  6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин. (7%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин (26% )

1. Қазақ тіліне тән дыбыстар

2. Орфография,орфоэпия туралы түсінік

3. Үндестік заңы



10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)
Лексикалық тақырып: Қазақстан –көп ұлтты мемлекет
Аумағы мөлшері және халқының көп ұлттық құрылымы жөнінен Қазақстан ТМД-ға мүше елдер арасында алдыңғы орындардың бірінде. Алуан түрлі этникалық құрам Республиканың негізгі сипаттарының бірі. Халықтың этникалық құрам-Республиканың негізгі сипаттарының бірі. Халықтың этникалық құрылымының қалыптасуына хх ғасыр басындағы Стольпин реформасына , 20жылдардағы ұйымдастыру мен 30 жылдардағы этноцидке, 40 жылдардағы депортация мен әскери эвакуацияға 50-60 жылдардағы тың игеруге байланысты тұрақты миграциялық процестер елеулі әсер етті.

Қазақстан халқының саны 10997 жылғы 1 қаңтарда 15 млн. 860,7 мың адамды құрады.

Республикамыздағы саны жағынан ең елеулі этностарды құрайтындар: қазақтар: 50,6 пайыз, орыстар :32,2, украиндер 4,5 пайыз, немістер 1,9 пайыз.

Қазіргі уақытта Республиканың солтүстігінде еуропалық этностар өкілдері, ал, оңтүстігінде байырғы этнос пен бір кезде азия республикаларынан келіп қоныстанғандар басым.Начало формы


Грамматикалық тақырып: Зат есім және оның категориялары
Заттың, құбылыстың атын білдіретін сөзді зат есім дейміз. Мысалы : ағаш кітап, күн, үміт қайғы, қуаныш. Зат есімдер кім? не ? деген сұрақтарға жауап береді.

Қазақ тілінде кім? деген сұрау адамға қойылады. Оған кісі аттары, адамның кәсібімен байланысты атаулар жатады. Қорлан, Нұрлан, Болат, Күміс,Әлия

не? деген сұрау адамнан басқа заттардың бәріне қойылады. Оған жанды заттардың, жансыз заттардың атаулары жатады ағаш, қағаз, өсімдік, көше ауыл, қой, ешкі, құс т.б.

Зат есімнің құрамында көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын деректі заттардың атаулары да,оймен танылатын дерексіз заттардың атаулары да бар: адам, қол, көз, ақыл, сана ой, зейін, үміт талап т.б.

Зат есімнің категориялары дегенде оның түрленуін айтуымызға болады. Зат есімнің көптік,септік, тәуелдік, жіктік категорияларын қабылдауы деп түсінуіміз керек. Зат есімнің осы жалғаулардың барлығын қабылдауы грамматикалық түрден түрлене алады.
11. Жаңа тақырыпты бекіту: 25 мин (19 %)

1- тапсырма Мына сұрақтарды пайдаланып, бір-біріңмен сөйлесіңдер.

-Сен тұратын жерде қандай ағаштар өседі?

-Сен қандай гүлдерді білесің?

-Саған қандай ағаш, қандай гүл ұнайды?

-Қандай шөп атауларын білесің, біздің далада олардың қайсысы өседі?


2- тапсырма Мына сөздерді тәуелдік жалғауының 3-ші жағына қойып, қандай дыбыстар өзгеретіндігін көрсетіңдер.

Сабақ, жапырақ, бұтақ, жаңғақ, салмақ, терек, шөп, қабық.



12. Сабақты қорытындылау: 10 мин (7 %)

1. Қазақстан қанша ұлт өкілдері тұрады.

2. Қазіргі таңда қазақстан халқының саны қанша?

3. Зат есім дегеніміз не ?

4. Зат есімнің категориялары.
13. Үйге тапсырма беру:

Мәтінмен жұмыс жасап келу.


4-Cабақ


  1. Сабақтың тақырыбы:Мемлекеттік рәміздер. Етістік . Етістіктің дара және күрделі түрлері.


2.Сағат саны: 3 (100%)
3. Сабақ түрі: тәжірибелік
4.Сабақтың мақсаты:
оқыту: Мемлекетіміздің рәміздері туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.

тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.
5.Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.
6.Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар


7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.


8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин. (7%)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Өткен тақырыптарға шолу жасау: 35 мин (26% )

1. Қандай сөз табын зат есім деп атаймыз.

2. Зат есімнің категориялары туралы не білесіз?

3. Көптік категорияның жасалуына тоқталыңыз.

4. « Қазақстан –көп ұлтты мемлекет» тақырыбына шағын эссе жазу.
10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)
Лексикалық тақырып: Мемлекеттік рәміздер
Әрбір егеменді елдің өзіне тән мемлекеттік рәміздері белгілері болады. Оған ту, елтаңба, әнұран жатады.

Қазақстан республикасының азаматтары, сондай-ақ елімізде тұрып жатқан кез-келген адам Қазақстан Республикасының әнұраны мен елтаңбасын құрмет тұтуға міндетті.

Мемлекеттік ту Республика Президентінің сарайына, Парламенттің, Үкіметтің, Министрдің және басқа мемлекеттік мекемелердің, Қазақстанның шет елдегі елшіліктегі ғимаратына тұрақты орнатылады. Бұлардан басқа ту ұлттық мерекелер кезінде көтеріледі.

Мемлекеттік елтаңба мөрге, металл ақшаға, мемлекеттік ғимараттарға салынады. Елтаңбада көгілдір түс аясында шаңырақ бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған,оны аңыз пырақтар көмкеріп тұр. Елтаңбаның жоғарғы жағында бесбұрышты жұлдыз, а төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар. Реңі-алтын көгілдір түсті. Авторлары сәулетшілер : Ж.М.Мәліков, Ш.А.Уалихан.

Мемлекеттік әнұранды салтанатты жиналыстар мен мәжілістерде орындайды. Шет елдердің басшыларынт қарсы алғанда немесе шығарыпи салғанда оларға мемлекеттік әнқран әуендерімен, Қазақстан Республикасының әнұраны көпшілік алдында орындалған кезде , қатысушылар әнұранды тұрып тыңдайды. Әнұран мәтінін жаттап алып, салтанатты жағдайларда қосылып айту әрбір Қазақстан Республикасы азаматының міндеті. Әнұран авторлары : Ш. Қалдаяқов, Н.Нәжімединов,Н.Назарбаев .
Грамматикалық тақырып: Етістік. Етістіктің дара және күрделі түрлері
Заттың қимылын, амалын, жай-күйін білдіретін сөздерді етістік дейміз. Мысалы : Ол ән салды. Сен домбыра тарт.Етістік не істеді? Не істейді? Не қылған ? деген сұрақтарға жауап береді. Сөйлемнің баяндауыш, пысықтауыш қызметін атқарады.

Тұлғасына қарай етістік негізгі, туынды түбір болып бөлінеді.

Негізгі түбір етістіктер-құрамы бөлшектеуге келмейтін біртұтас морфемадан тұратын сөздер. Мысалы: ал. Кел, бар, оқы, жүр, тұр т.б.

Туынды түбір етістіктер сөз тудырушы жұрнақтар арқылы жасалатын құрамы ең кемі екі морфемадан тұратын сөздер. Мысалы : ақта ( ақ-та), жасар(жас-ар ), бірік ( бір-ік), сана( са-на)

Лексикалық мағынаны білдіретін етістіктің құрамы бір сөзден де, бірнеше сөзден де болады, Сондықтан етістіктер құрамына қарай дара және күрделіге бөлінеді.

Қимыл, амал-әрекетті бір ғана сөз білдірсе, ондай етістікті дара етістік дейміз. Мысалы: кел, оқы, кет, жүр, сөйле т.б.

Екі я бірнеше етістік біртұтас күрделі қимыл-әрекетті білдірсе, ондай етістікті күрделі етістік дейміз. Мысалы: келіп кет, барып қайт, алып кет, кіріп шық, бара кет, айта кел т.б.

Мұндай күрделі етістіктің құрамындағы сыңарлар лексикалық мағынаға бірдей үлес қосады. Басқаша айтқанда, күрделі етістіктің лексикалық мағынасы оның құрамындағы жеке сыңарлардың мағынасының жалпыланған жиынтығынан жасалады да, күрделі қимыл әрекетті білдіреді.


11. Жаңа тақырыпты бекіту: 25 мин (19 %)

1- тапсырма қ дыбысын дұрыс айтып үйреніңдер: қасқыр, қоян,борсық, сияқты, қырғауыл, жапалақ,



12. Сабақты қорытындылау: 10 мин (7 %)

1. Тест сұрақтары

2. Суретпен жұмыс

3. Слайд шоу

13. Үйге тапсырма беру.

«Туған жердің түтіні» шығарма жазу


5-Cабақ

  1. Сабақтың тақырыбы:Етістіктің жедел өткен шағы мен осы шағы.




  1. Сағат саны: 3 (100%)




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет