Форма 12 Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік фармацевтика академиясы Техникалық және кәсіби білім беру факультеті



бет3/4
Дата08.07.2016
өлшемі0.86 Mb.
#185595
түріСабақ
1   2   3   4

СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ


Алматы облысының Жамбыл ауданы, Қарақыстақ ауылында дүниеге келген, сонда қайтыс болды. Қазақ халқының ақыны, айтыс өнерінің шебері.

Ол айбынды айтыскер ақын және батырлық эпостарды жырлаудың шебері болған. Өтеген, Қарасай, Сұраншы, Саурық сынды қазақ батырлары турасында қаһармандық дастандарын дүниеге келтірді.


АБАЙ ҚҰНАНБАЙҰЛЫ


Абай Құнанбайұлы - қазақтың ұлы ақыны, сазгер, философ, қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы және оның алғашқы классигі. Шын аты - Ибраһим. Туған жері - бұрынғы Қарқаралы ауданына қарасты Шыңғыс тауының баурайы. Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ-даңқы алысқа кеткен беделді адамдардың бірі болған. Патша өкіметі ХІХ ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан - Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл-әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы.

ЖАМБЫЛ ЖАБАЕВ


Жамбыл Жабаев - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы. Туған жері - Жамбыл облысындағы Жамбыл тауының етегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі - Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы. Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық-жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың "Қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды" деуінде үлкен тарихи себеп бар.

ӘБІЛХАН ҚАСТЕЕВ


Әбілхан Қастеев - қазақтың әйгілі кескіндемешісі, график-суретші, қазақ бейнелеу өнерінің негізін салушылардың бірі. Туып-өскен жері - Алматы облысына қарасты Жаркент төңірегі. Топырақ бұйырған жері - Алматы қаласы. Қазақстанның халық суретшісі (1944). Қазақстан Суретшілер одағы басқармасының төрағасы (1945-1956). Еңбек жолын Түрксіб темір жол құрылысында жұмысшы болып бастады.

РОЗА БАҒЛАНОВА


Роза Тәжібайқызы Бағланова (01.01.1922 ж. т.) - қазақ әншісі (сопрано), КСРО халық әртісі (1967), Халық қаһарманы (1996), Қызылорда облысының Қазалы қаласында туған. 1939-1941 ж. Қызылорда педагогика институтында оқыды. 1941-1949 ж. Ташкент филармониясындағы мемлекеттік әйелдер ән-би ансамблінде әнші-солистік қызмет атқарды.

Конец формы


Грамматикалық тақырып: Сілтеу, өздік ,белгісіздік есімдіктері
Сілтеу есімдіктері мыналар : бұл, осы, ол, ана, анау, мына, мынау,сонау, осынау, әне, міне.

Сілтеу есімдіктері нәрсені,құбылысты, уақиғаны, нұсқап, сілтеп көрсетеді. Олар қай? деген сұраққа жауап береді.

Бұл, мына, мынау, осы, міне деген сілтеу есімдіктері сөйлеушіге жақын заттарды көрсетеді. Мысалы: Мына үйде тұрады. Мұндағы сөз болып тұрған үй деген зат сөйлеуші мен тыңдаушының көз алдындағы жақын зат.

Анау, ана, сонау, әне сілтеу есімдіктері алыстағы нәрсені нұсқайды. Мысалы: Сонау алыста жүрген ұшқыштардың ерлігін айт. Мұндағы сонау есімдігінің алыстық мәні анық көрініп тұр.

Сілтеу есімдіктері зат есімнің орнына қолданылғанда көптік, тәуелдік, септік жалғаулармен түрленеді. Мысалы: бұлар, осылар, аналарың, мынауың,осымыз т.б.

Өздік есімдігіне бір ғана өз сөзі жатады. Бұл сөз тәуелденіп,3 жақта, жекеше, көпше, сыпайы, анайы түрде қолданылады: өзім, өзің,өзіңіз, өздеріміз, өздеріңіз, өздері.

Өздік есімдігі әр субьектіні өзгеден бөліп көрсетеді. Өздік есімдігіне септік жалғауы тікелей жалғанбайды. Ол тәуелденіп барып, септеледі.

Белгісіздік есімдіктері мыналар: әркім, әрқалай, әрқашан, әрбір, әрқайсы, әрне, әлдекім, әлдене, әлдеқашан, әлдеқалай, біреу, кейбіреу, кейбір, қайсыбір, бірнеше, бірдеме. Белгісіздік есімдіктері түрлі сөз табының орнына жүреді.Зат есімнің орнына қолданылатын белгісіздік есімдіктер мыналар:әркім, әлдекім, әрне, әлдене, біреу, кейбіреу, бірдеме, бірдеңе, кімде-кім; Сын есімнің орнына қаолданылатындар: әр,әрбір, кейбір, қайсыбір, қайбір; сан есімнің орнына қолданылатындар: әлденеше, біраз, бірнеше; үстеудің орнына қолданылатындар: әрқашан, әрқалай, әлдеқашан, әлдеқалай, әлдеқайдан.



12. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

рпотпрьл

13. Сабақты қорытындылау. 10 мин (7 %)

1.Қазақстандық жазушылар туралы айт

2. Қазақ өнерінің дамуы

3. Өздік есімдіктердің жасалуы



14. Үйге тапсырма беру:

Қазақстандық ақын –жазушылар жөнінде мәліметтер



14-Cабақ


  1. Сабақтың тақырыбы: Болымсыздық, жалпылау есімдіктері.




  1. Сағат саны: 3 (100%)




  1. Сабақ түрі: тәжірибелік




  1. Сабақтың мақсаты:


оқыту: Болымсыздық, жалпылау есімдіктері туралы білімдерін толықтыру.

тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.


  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар
7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин. (7%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Өткен тақырыптарға шолу жасау: 35 мин (26% )
1.Қазақстандық жазушылар туралы айт

2. Қазақ өнерінің дамуы

3. Өздік есімдіктердің жасалуы

14. Үйге тапсырма беру.



10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)
Грамматикалық тақырып: Болымсыздық, Жалпылау есімдіктері
Болымсыздық есімдіктер мыналар: ешкім, ештеме, ешбір, ешқандай, ешқашан,ешқайдан,ешқайда, ешқайсысы,дәнеме, дәнеңе.

Болымсыздық есімдіктерінің сөз табына қатысы түрлі. Зат есім орнына қолданылатын болымсыздық есімдіктер: ешкім, ештеме, ештеңе, ешнәрсе, ешқайсысы, дәнеме; сын есім орнына : ешқандай,ешбір; үстеу орнына: ешқашан, ешқайдан есімдіктері қолданылады.

Зат есім орнына қолданылатын болымсыздық есімдіктері зат есім сияқты түрленеді: септеледі, тәуелденеді кейде көптік жалғауын да қабылдауы кездеседі, бірақ жіктелмейді.

Жалпылау есімдігі мыналар: бәрі, барлық, бар, барша, күллі, бүкіл,бүтін, түгел.

Жалпылау есімдіктері бірнеше зат, құбылыстарды жалпылама түрде атау мақсатымен қолданылады. Мысалы: Барлық халық бейбітшілікті қалайды. Мұнда түрлі халықтардың аттарын атап жатпай, оларды жалпылама түрде бір ғана сөзбен ( барлық) атаған.

Барлық, барша, бәрі, деген жалпылау есімдіктері тәуелденеді: барлығымыз, баршаларың, бәрің т.б.

Тәуелденген жалпылау есімдіктері септеледі: барлығымызға, барлығымыздан, барлығымыздың т.б.
12. Жаңа тақырыпты бекіту: 25 мин (19 %)

апрпар

13. Сабақты қорытындылау: 10 мин (7 %)

Кеспе қағаздармен жұмыс


14. Үйге тапсырма беру:

Мәтін жазып есімдіктердің астын сызу.


15-Cабақ


  1. Сабақтың тақырыбы:Қазақтың ұлттық аспаптары мен ойындары.Зат есімді, есімдікті тіркестер, олардың синтаксистік қызметі.




  1. Сағат саны: 3 (100%)




  1. Сабақ түрі: тәжірибелік




  1. Сабақтың мақсаты:


оқыту: Ұлттық аспаптар мен ойындар туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.

тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.


  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар
7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.

  2. Ж.Бектұров., А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.
8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин. (7%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Өткен тақырыптарға шолу жасау: 35 мин (26% )

1. Болымсыздық есімдігінің жасалуы

2. Жалпылау есімдігі дегеніміз не?

3. Жалпылау есімдіктерін ата


10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)

Лексикалық тақырып: Қазақтың ұлттық аспаптары мен ойындары
Қазақтың музыкалық аспаптар (домбыра, қобыз, сыбызғы,даңғара, үскірік, кепшік, шаңқобыз, жетіген т.б.) ғасырлар бойы ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келе жатқан мәдени мұра. Қазақстанда ұлттық музыкалық аспаптарды жетілдіру мақсатымен бірнеше шеберханалар ашылып (1932 ж. Алматыда, 1947 ж. Осакаровкада, 1957 ж. Алматы мемлекеттік консерваториясы жанында), осылардың негізінде А.Жұбановтың басшылығымен қазіргі Қазақтың мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі құрылды. Қ.Қасымов, А.Ермеков, Э.И. Романенко, О.Бейсенбаев, А.Ауқадиев, Д.Шоқпаров, т.б. шеберлер әр түрлі музыкалық аспаптар үлгілерін жасады.

Начало формы

Домбыра -қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы. Ол – қазақтар өмірінде маңызды орын алатын, өзіндік музыкалық сипаты бар аспап. Алғаш эпикалық дәстүр шеңберінде жыр, толғау, термелерді сүйемелдеуге қолданылған домбыра кейін аспаптық шығарма – күй жанрының қалыптасуына ықпал еткен. Қазіргі кезде домбыра жеке әнді сүйемелдеуге, күй тартуға, халықтық-фольклорлық музыкада, классикалық шығармаларды орындауға қолданылатын, мүмкіндігі кең музыкалық аспап болып табылады.

Жетіген - қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады.


Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған.

Қобыз — таңқаларлық пішінді және ғажайып сазды, бай тембрлі аспап.

Саз сырнай, үскірік және тастауық. Саздан жасалынып, үрлеп тартылатын аспаптардың бірегей түрлері табылып отыр. Олар — саз сырнай, үскірік және тастауық. Бүл аспаптар «окарина» тектестер қатарына жатады. Мүндай аспаптар СССР-дің көптеген халықтарында кездеседі, оны марийлер — шун мушпык, чуваштар — там-шахлыча, там-шахран, там-шахаркач немесе там-кавалкал, эстондар — сави пиилу, латыштар — свилуе, литвалықтар — молинукас, армяндар — пепук, грузиндер — булбуль дейді. Бұл аспаптарды саздан жасап, кейін отқа күйдіреді. Олардың көлемі де, түрі де әр қилы келеді. Олардың сыртын көмкеріп ою-өрнек салған, кейде глазурьмен жылтыратады. Аталмыш аспаптардың ішінде диапазоны терция, одан да жоғары, кейде, тіпті, октаваға жететіндері кездеседі. Бағзы заманда бұл аспаптармен балалар халық әндерін орындаған. Мұндай аспаптардың бәрі де ысқырып ойналатын флейтаның тобына жатады. Кейбір халықтарда олардың ысқырғыш тетігі болмайды. Мысалы, қазақтың саздан жасалған аспаптарында ысқырғыш тетік жоқ. Бұл күнде окарина тектес аспаптар балалардың ысқырып ойнайтын ойыншықтары ретінде ғана қолданылып жүр. Олардың ішінде үш-төрт ойнау ойықтары барлары анағүрлым кең тараған.

Шертер – ежелгі шекті аспап. Шертерде домбыра сияқты ойнайды. Шертердің көлемі домбырадан көп кіші, бірақ сыртқы түрі қобызды еске салады, оған жұмыр түр беріп, сыртын терімен қаптайды, аттың қылынан екі шек тартылады. Аспап бір ғана бұрандалы болып келеді, шектің бір басы бұрандаға, екіншісі басына бекітіледі. Шертер аспабы аңыз, ән, ертегілерді айтқанда қолданылған. Ол бақташылар арасында кең тараған. Қазақтың көне музыкалық аспаптарының біріне жататын ол шертіп ойнау тәсіліне байланысты шертер деп аталған. Шертер екі немесе үш ішекті болып келеді. Ертедегі шертерлер ағаштан ойылып, шанағы көнмен (терімен) қапталған. Дыбыс күші қапталған терінің жұқа-қалыңдығына, ішегінің жуан-жіңішкелігіне байланысты. Пернесі болмайды, ішегіне ызған жылқы қылы тағылады. Жалпы тұрқы 650 — 700 мм. Ойнау тәсілі домбыраға жақын болғанымен, жасалуы жағынан қылқобызға көбірек ұқсайды.

Адырна -қазақтың көп ішекті шертпелі аспабы. Аспаптың шанағы қуыс, беті көн терімен қапталады. Б.з.б. аңшылар ұстанған көне аспап саналады. Оның көне үлгісі әуелде садақ тәріздес болған. Кейін бұғы, марал, киік, бөкен тәрізді аңдарға ұқсастырып жасап, мүйіз бен құйрықтың екі арасына ішектер тартып ойнаған. Адырнаны тізенің үстіне қойып, басын иыққа тіреп, ішектерін іліп тартып кейде шертіп ойнайды. Адырнаның ішегі шуда жіптен немесе тарамыстан тағылады, аспаптың тұрқы 48-50 см., қалыңдығы 8-10 см, 7-ден 13-ке дейін ішектер тағылады. Адырна қазіргі кезде фольклорлық әуендер мен шағын күйлерді орындауға қолданылады. 

Асатаяқ - қазақ халқының ежелгі музыкалық аспабы. Асатаяқты абыздар мен бақсылар ұстанған. Әдетте, олар асатаяқты қылқобыз бен даңғыраның үніне қосып қолданатын болған. Асатаяқ жасалу тәсіліне қарай "күмбезде, "жалпақ басты", "ай басты", "жылан басты", "сопақша", "қалақша", т.б. болып келеді. Оларды ырғақтатып, сілкіп, шайқап ойнайды. Асатаяқ емен, үйеңкі, қайың, долана секілді қатты ағаштардан жасалады. Бетіне әр түрлі салдыр-гүлдір, шулы дыбыс беретін темір салпыншақтар, сақиналар, шығыршықтар тағылады.

Дауылпаз – қазақтың ұрып ой-налатын көне саз аспабы. Ертеректе бұл аспап соғыс құралы ретінде айбар беріп, қыр көрсету үшін қолданған. Бертін келе дауылпазды аңшылық пен құсбегілікке де пайдаланатын болған. Оның жасалу әдісі күрделі. Дауылпаздың шапаты - өзегі алынған сырты жұмыр бітеу ағаштан ойып жасалған. Беті әбден иленіп, кеңкей шыңылтыр терімен қапталады. Жайға байлап немесе мойынға, иыққа іліп алып жүруге арналған аспалы бауы мен ұрып ойнайтын шағын таяқшасы болады. Дауылпаздың шанағының сыртын мүйізбен, түрлі тастармен, ою-өрнекпен безендіріп, сәндел жасайды.

Конец формы

Начало формы
Грамматикалық тақырып: Зат есімді,есімдікті тіркестер, олардың синтаксистік қызметі
Толық мағыналы кем дегенде екі сөздің өзара сабақтаса, бірі екіншісіне бағына байланысуын сөз тіркесі деп атаймыз. Тіркесті бағындырып тұрған сөз басыңқы деп, басыңқыға бағынып тұрған сөз бағыныңқы деп аталады. Мысалы: әдемі жігіт, сабақ оқу т.б. Осындағы басыңқы сыңарлары жігіт, оқу сөздері. Сөз тіркестері есімді және етістікті тіркестер болып табылады. Зат есімді есімдікті сөз тіркесті есімді тіркестерге жатады. Мысалы: алты сағат, темір күрек, оқыған өзі т.б. Есімдікті сөз тіркестері көбіне бағыныңқы болып келеді. Сөйлем ішіндегі олардың синтаксистік қызметі түрліше.
12. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

р

13. Сабақты қорытындылау. 10 мин (7 %)

Пнгпн
14. Үйге тапсырма беру

Ұлттық ойындар мақала жазып келу.

16-Cабақ


  1. Сабақтың тақырыбы:Тарихи тұлғалар. Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі. Олардың жасалу жолдары.




  1. Сағат саны: 3 (100%)




  1. Сабақ түрі: тәжірибелік




  1. Сабақтың мақсаты:


оқыту: Қазақ тарихындағы тарихи тұлғалар туралы білімдерін толықтыру, ойын ашық айтуға, сөйлесуге үйрету.

тәрбиелік: Тәуелсіздік туын жоғары ұстауға, тіл байлығын қадірлеуге, патриоттық, адамгершілік қасиеттерін бойларына сіңіріп, жеке тұлға етіп тәрбиелеу.

дамыту: оқушылардың ой өрісін дамыту, сөздік қорларын молайту, логикалық ойларын, шығармашылық танымдық қабілеттерін арттыру.


  1. Оқыту әдісі: шағын топпен жұмыс.




  1. Материалды-техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: мултимедиялық жабдықтар
7. Көрнекі және дидактикалық құралдар:

а) өзіндік жұмыстарға арналған кеспелер, тест, тапсырмалары.

б) оқыту орны: қазақ тілі дәрісханасы
Әдебиеттер:


  1. Ж.Доспанова., С. Сарсембекова., Г.Шаһарман. «Практикалық қазақ тілі" Алматы, 2002 ж.

  2. Ж.Бектұров, А.Бектұрова «Қазақ тілі для начинающих», А-1994, 345 б.

  3. Бектұров Ш., Серғалиев М. «Қазақ тілі» Алматы, 1994 ж.

  4. Оралбаева Н., Әбдіғалиева Г., Шалабаев Б, « Практикалық қазақ тілі» Алматы, 1993

  5. А.Жапбаров., Д.Р.Тайменова., С.Ә.Тұрмаханова. Қазақ тілі І бөлім. Шымкент, 2002.

  6. Мырзабеков С. Қазақ тілінің дыбыстық жүйесі.Алматы,1999ж.

б) Қосымша әдебиеттер:

1. Беріков Н. «Қазақ тілі сабақтары», Алматы-1997ж

2. Қожахметова Х. «40 уроков в казахского языка» Алматы, 1985

3. Молдабеков к. «Говарим по казахский». Для студентов русских отделений Вузов. Алматы 1992ж.

4. Түймебаев Ж. «Қазақ тілі», Алматы-1992ж.

5. Бектұров Ш. Бектұрова А. Қазақ тілі для начинающих, Алматы, 1994ж.

6. «Тіл туралы» Заң. 1997, 11 шілде.

8.Ұйымдастыру кезеңі: 10 мин. (7%)


  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру.

  • Оқытушылардың сабаққа дайындығын тексеру.

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті.


9. Өткен тақырыптарға шолу жасау. 35 мин (26% )

1. Сілтеу есімдігіне қандай сөздер жатады

2. Зат есімді тіркестер дегеніміз не?

3. Зат есімді тіркестердің синтаксистік қызметі.


10.Жаңа сабақты түсіндіру: 45 мин.(33 %)
Лексикалық тақырып: Тарихи тұлғалар
Тоныкөк есімі, ежелгі түрік руна жазулары мен ескерткіштері айғақтағанындай, Шығыс Түркі қағанатының қалануымен, Қытаймен күресте тәуелсіздігін орнатуымен байланысты.Тарихшы Ма-Шаңжудың айтуынша, Тоныкөк қарлұқ елінің сабек тайпасынан шыққан.Қытай астанасында 13 жыл тұрып, сонда білім алады.Өзінің ақылгөйлері - Елтеріс, Қапаған, Білге қағандардың кеңесшісі.Елтеріс қаған лауазымен қабылдаған Шығыс Түркі мемлекетінің қағаны реформатор Құтлықтың серігі болған.

Қорқыт - бағзы замандарда өмір сүрген бабаларымыздың бірі.

Ол - қобыз атасы, сазгер, жыршы, ақын, бақсылардың қамқоршысы.

Ұлы бабамыз шамамен VIII-IX ғасырларда Сыр бойында туып-өскен."Қорқыт ата кітабы" әдеби ескерткіштерінен, тегі түрік оғыз тайпасынан шыққандығын білуге болады.Ол - Орта Азия халықтарына және басқа түркі тектес халықтарға ортақ тұлға.Әкесінің аты - Қарақожа. Шешесі қыпшақ тайпасынан.

Әл Фараби 870 ж. Арыс өзенінің Сырдарияға келіп құятын жағасына орналасқан Фараб қаласында дүниеге келген. Толық аты-жөні әл Фараби Әбу Насыр Мұхаммед ибн Ұзлағ ибн Тархан, яғни әкесінің аты - Ұзлағ, ал арғы атасының аты - Тархан. Оның туған жері - ежелгі қазақ қаласы Отырарды арабтар Барфа, Фараб деп атаған, есімі осыдан келіп, Фарабтан шыққан Әбу Насыр болып аударылады. Қазіргіаты-жөні әл Фараби Әбу Насырысы, Шәуілдір ауданының аумағы.

Жүсіп Баласағұн өмірі жайында мәлімет мардымсыз.Ол 1017 жылы Қыз-Орду атымен белгілі Баласағұн қаласында дүниеге келген.Бұл қаланың орналасқан жері жөнінде түрлі пікір бар.Біріншісі Жетісуда, Шу жағалауында, Тоқмақ қаласынан алыс емес жерде десе, екіншісі Жамбыл облысының аумағында, Ақтөбенің жоғарғы жағы дейді. Кейбір деректерде Баласағұн қаласы Қарахан мемлекетінің қолөнер сауда орталығы болғанын айтады

Махмұд Қашқаридың толық аты-жөні Махмұд ибн Әл-Құсайын ибн Мұхаммед. Ол - XI ғасырда Қашқарда туып, Баласағұн қаласында өмір сүрген ғалым.Қарахандар ақсүйектері ортасынан шыққан.Әкесі Құсайын Мұхаммед Мавераннахрды жаулаушы Боғырханның немересі екен.Барыс ханның уәзірі болып (Ыстықкөлдің оңтүстік жағасы), кейіннен Қашқарға қоныс аударады.Сол жерде білім алып, әрі қарай Бұхара мен Нишапурде жалғастырады.
Грамматикалық тақырып:Сөйлемнің айтылу мақсатына қарай бөлінуі. Олардың жасалу жолдары
Қандай сөйлем болса да, сөйлеу процесінде белгілі бір мақсатпен айтылады. Адам не бірдеме жайында хабарлау мақсатын, не бірдеме жайында сұрау, білу,жауап алу мақсатынн немесе біреуге бұйыру мақсатын көздеп, болмаса бірдеме туралы өзінің ерекше көңіл-күйін білдіре айтады. Осындай мақсаттарға сәйкес, сөйлемдер төрт топқа бөлінеді: хабарлы сөйлем, сұраулы сөйлем, бұйрықты сөйлем, лепті сөйлем.

Айтылу мақсатына лайық әр сөйлем түрінің интонациясы болады.

Хабарлы сөйлем – Бір істің, құбылыстың не бір оқиғаның жай-жапсарын баяндау, хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейміз.

Сұраулы сөйлем- Біреуден бірдеме туралы білу, жауап алу мақсатымен айтылған сөйлемді сұраулы сөйлем дейміз.

Бұйрықты сөйлем- Біреуге бұйыру не бірдеңені талап ету мақсатымен айтылатын сөйлемді бұйрықты сөйлем дейміз. Бұйрықты сөйлем үндеу, шақыру, іске қосу, өтіну, жалыну, кеңес беру, тілек ету мағыналарында да айтылады.

Лепті сөйлем- Айтушының түрлі көңіл-күйін білдіру мақсатымен айтылған сөйлемді лепті сөйлем дейміз. Лепті сөйлемнің мағыналары қуаныш, сүйсіну, көксеу, аяу, өкіну, шаттану, ризалық білдіру сол сияқты мақсатта айтылады.


12. Жаңа тақырыпты бекіту 25 мин (19 %)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет