Француз ғалымы Р.Декарт аталған қасиеттерді түсіндіру үшін қозғалыс мөлшері деген түсінік енгізді. Ол кезде масса деген физикалық түсінік болмағандықтан, ғалым импульсті «дене шамасының оның қозғалыс жылдамдығына көбейтіндісі» ретінде анықтады. Кейінірек бұл анықтаманы И.Ньютон тереңірек нақтылады: «қозғалыс мөлшері дегеніміз – масса мен жылдамдыққа пропорционал өлшем»:
Дене импульсі - векторлық шама, оның бағыты дене жылдамдығының бағытымен сәйкес келеді:
Дене импульсінің ХБЖ - дағы өлшем бірлігі:
Дене импульсі күш импульсімен импульс түріндегі Ньютонның екінші заңы арқылы байланысады
Күш импульсі дене импульсінің өзгерісіне тең
Егер жүйедегі денеге әсер ететін сыртқы күштердің қосындысы нөлге тең болса, онда өзара әрекеттесетін денелердің тұйық жүйесінің импульсі тұрақты шама болып қалады.
Мұндағы – жүйеге кіретін денелердің импульстерінің геометриялық қосындысы, n – жүйедегі денелер саны, i – дененің реттік саны.
-қосынды белгісі
Үш дененің серпімді өзара әрекеттесуі кезінде формула:
Мұндағы − денелердің соқтығысуға дейінгі жылдамдықтары, − денелердің соқтығысудан кейінгі жылдамдықтары.
Серпімсіз өзара әрекеттесу кезінде сақталу заңы:
мұндағы − денелердің өзара әрекеттесуден кейінгі жылдамдығы.
Тұйық жүйе денелерінің импульстері қосындысының модулі
Энергияның сақталу заңы
Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысына тең жүйенің толық механикалық
энергиясы жүйеде денелер арасындағы арақашықтыққа тәуелді күштер әсер еткенде ғана
сақталады. Оларды консервативті күштер деп атайды.
Консервативті күштерге тартылыс күші мен серпімділік күші жатады. Консервативті күштердің жұмысы теріс таңбамен алынған потенциалдық энергияның өсімшесі ретінде өрнектелуі мүмкін:
н/е
бұл – толық механикалық энергияның сақталу заңының өрнегі
Тек консервативті күштер әсер ететін денелердің тұйық жүйесінде толық механикалық энергия тұрақты шама болып қалады.
Кеңістік пен уақыт қасиеттерінің сақталу заңдарымен байланысы
Уақыттың біртектілігі – барлық уақыт мезеттері тең екені, олардың кез келгенін бастапқы санақ
нүктесі ретінде қабылдауға болатыны. Кеңістік пен уақыттың аталған қасиеттері импульс пен энергияның сақталу заңдарымен байланысты.
Импульстің сақталу заңының негізінде кеңістіктің біртектілік қасиеті жатыр.
Энергияның сақталу заңының негізінде уақыттың біртектілік қасиеті жатыр.
Тұйық жүйе үшін энергияның сақталу заңы кез келген уақыт аралығы үшін орындалады.
Кеңістіктік - уақыттық аралықтар тұйық жүйе денелерінің өзара әрекеттесуі қарастырылатын барлық санақ жүйелері үшін инвариантты және абсолютті.
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ
Достарыңызбен бөлісу: |