Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған есептер



бет1/17
Дата01.04.2024
өлшемі7.51 Mb.
#497246
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
1Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған есептер




Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған есептер
Авторлық бағдарлама


Түсінік хат
Ұсынылып отырған «Функционалдық сауаттылықты дамытуға бағытталған есептер» авторлық бағдарламасы алгебра пәнінен алған базалық білімдерін толықтырып және тереңдетуге көмектеседі. Курс мазмұны қолданбалы есептерді шешуге негізделген. Қолданбалы есептер ғылымды өмірмен, күнделікті өмірге қажетті жағдайлармен байланыстырады. Бағдарламаны оқыту барысында қолданбалы есептердің өмірмен ұштасып жатқандығын көрсету арқылы оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту, есептерді шығару мүмкіншіліктерін дамыту және оларды шығару барысында сыни ойлауды, талаптарды үйрету көзделген. Қолданбалы есептердің түрлеріне байланысты есептердің шығару тәсілдері көрсетіледі. Оқушы білімін бақылау ретінде тестік тапсырмалар, бақылау жұмыстары беріледі.
Оқушының негізгі қызмет түрлері:
Курсқа қатысатын оқушылардың жұмыс түрі күнделікті сабақтағы жұмысты ұйымдастырудан өзгеше болуы керек:оқушыға сыни ойлануға қажетті уақыт бере отырып,болжамдар жасауға, ойларын еркін жеткізуге үйрету.
Курсты оқу барысы оқушыларды әртүрлі қызмет түрлеріне белсенді қатыстырылуы арқылы жүзеге асады:

  • Оқушының қажетті математикалық алғашқы білімдерінің бар болуы және өз интеллектуалды білімдерінің белсенділігі мен ой іскерлігінің дамуына байланысты жаңа тақырыпты пікірсайыс түрінде, эвристикалық әдіс негізінде енгізу.

  • Алдынғы жұмыстарда зерттелген, жиі қолданылатын маңызды қасиеттер қатынас түріндегі сабақтарында тағы бір реттеледі.Мұндай сабақтарда әрбір оқушы мұғалім және оқушының ролінде болып,өз жауабымен көршісінің жауабын бағалай алады.

  • Жеке және топталған жұмыс түрін қолдана отырып,өзіндік жұмыстарға арналған тапсырмаларды сыни ойлана отыра талқылаумен шығару.

  • Бөлек тапсырмалардың өзіндік орындалу,оқушыларды ізденімпаздық және шығармашылық қызметке қосу,қасиеттер мен олардың дәлелдерін ұғыну,интуицияны дамытуға мүмкіндік береді.

  • Оқушы эмоционалды интеллект және және сыни ойлайды.

Мақсаты:Оқушыларды жеке тұлға ретінде, сау жеке қарым-қатынас орнатуға және өмірде сәттілікке жетуге көмектесетін дағдыларын дамытуда эмоционалды интеллект ретінде сыни ойлату; есептердің шығару жолдарын көрсету арқылы ойлау қабілетін, шығармашылықпен жұмыс істеу дағдысын дамыту; математикаға байланысты кәсіп таңдауға баулу.
Жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жету үшін келесі міндеттер қойылады:

  • Оқушының ойын дамыту

  • Кеңес бере отырып бағыттап оқыту

  • Ізденушілік,зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру

  • Оқушылардың ғылыми,техникалық,кәсіпшілік қызығушылықтарын қалыптастыруға жағдай жасау,бейім таңдауда өз тағдырын өзі шешуге мүмкіндік беру;

  • Оқушылардыэмоционалды интеллект ретінде сыни ойлату;





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет