G-041.07.05.23-2013
|
Силлабус
Бакалавриат МЖМБС
|
1 бас.
|
Бет тен
|
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ
БАЛАЛАР АУРУЛАРЫ КафедраСЫ
Силлабус
(Syllabus)
Пән: электив « Бастапқы медициналық-санитарлық көмекті ұйымдастырудағы мейірбикенің ролі.»
Пәннің коды: 5В110100
Мамандығы: Мейірбике ісі
Оқу сағатының/кредиттің*көлемі – 180 (4 кредит)
Курсы - 3
Оқу семестрі - 6
Семей 2013
Силлабус (студенттің жұмыс бағдарламасы) балалар аурулары кафедрасының оқытушыларымен құрастырылған.
Авторлар:
1. Балалар аурулары кафедрасының ассистенті, м.ғ.к.- Токтабаева Б.Ж.
Балалар аурулары кафедрасының отырысында талқыланған.
№1 Хаттама «03».09. 2013 ж.
Кафедра меңгерушісі, доцент ____________ Жагипарова Ж.К.
Оқытушылар туралы мәліметтер
№
|
Т.А.Ә.
|
Лауазымы, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы
|
Ғылыми ықыласы және жетістіктері/категориясы
|
|
Жагипарова Ж.К.
|
балалар аурулары кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к, доцент.
|
I дәрежелі дәрігер, стажы 28 жыл. 1997 жылы «Ионды сәулеленулер әсерінен балаларда пайда болған респираторлы аллергоздардың клиникалық-иммунологиялық ерекшеліктері» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Ғылыми-техникалық жобаның орындаушысы 2012-2014 ж.
|
|
Тулеутаева Г.А.
|
м.ғ.д.,профессор
|
жоғары білікті дәрігер. 1990 жылы «Қазақстанның Солтүстік-Шығыс аймағында тұратын балаларда тыныс жолдарының және терінің аллергиялық аурулары» тақырыбына докторлық диссертация қорғады. Ғылыми-техникалық жобаның орындаушысы 2012-2014 ж.
|
|
Ашимова Ф.М.
|
м.ғ.к., доцент
|
I дәрежелі дәрігер. Стажы 41 жыл.
Жумабаева З.А. – м.ғ.к., доцент. Стажы 20 жыл. 1997жылы «Ерте жастағы балалар пневмониямен ауырған кезінде мелатониннің, иммунологиялық реактивтіліктің бұзылыстары және оның коррекциясы» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады. Педиатрлар ассоциациясының мүшесі.Білім беруде инновациялық оқыту әдістерін активті қолданады.
|
|
Долинная В.Т.
|
м.ғ.к., доцент
|
жоғары білікті дәрігер.Еңбек өтілі 41 жыл.Студенттердің ғылыми үйірмесінің жүргізушісі. Педиатрлар ассоциациясының мүшесі.
|
|
Жумабаева З.А.
|
м.ғ.к., доцент
|
Стажы 20 жыл. 1997жылы «Ерте жастағы балалар пневмониямен ауырған кезінде мелатониннің, иммунологиялық реактивтіліктің бұзылыстары және оның коррекциясы» тақырыбына кандидаттық диссертация қорғады.Жалпы еңбек өтілі 20 жыл.
Сапалы менеджмент жүйесіне (СМК) жауапты, педиатрлар ассоциациясының мүшесі,
|
|
Токтабаева Б.Ж.
|
м.ғ.к., и.о. доцент
|
жоғары дәрежелі дәрігер; стажы- 20 жыл. 2004 жылы «Семей аймағында кейбір жүрек- қан тамыр ауруларының жайылмалығы, құрылымы және клиникалық ерекшеліктері» тақырыбында диссертацияны қорғады.
«Мейірбике ісі» мамандығы бойынша Білім беру бағдарламасы (КОП) төрайымының орынбасары, жалпымедицина факультетінің Оқу кенесінің хатшысы, педиатрлар ассоциациясының мүшесі.
|
|
Козыкенова Ж.У.
|
кафедра ассистенты, 2-ші оқу жылының магистранты
|
I дәрежелі дәрігер; стажы 20 жыл. «Семей аймағында жасөспірім балалардағы бронх демікпесінің жиілігі мен клинико- иммунологиялық сипаттамасы. Екіншілік алдын алу стратегиясы» тақырыбында магистерлік диссертация жазылу барысында.Педиатрлар ассоциациясының мүшесі.
|
|
Рахимбаева С.Ж.
|
кафедра ассистенты
|
Ғылыми-техникалық жобаның қатысушысы 2012-2014 ж.Жалпы еңбек өтілі 12 жыл.Педагогикалық еңбек өтілі – 9 жыл. Педиатрлар ассоциациясының мүшесі.
|
|
Койшыбаева К.Ж.
|
кафедра ассистенты
|
2013 жылы балар аурулары кафедрасында «Балалар аурулары» мамандығы бойынша резидентураны бітірді.Жалпы еңбек өтілі 10 жыл. Педиатрлар ассоциациясының мүшесі.
|
|
Ахметжанова Д.О.
|
кафедра ассистенты
|
2013 жылы балар аурулары кафедрасында «Балалар аурулары» мамандығы бойынша резидентураны бітірді.Жас педагог мектебінен өтті.Жалпы еңбек өтілі 7 жыл. Педиатрлар ассоциациясының мүшесі.
|
|
Тугелбаева А.М.
|
кафедра ассистенты
|
2013 жылы балар аурулары кафедрасында «Балалар аурулары» мамандығы бойынша резидентураны бітірді. Педиатрлар ассоциациясының мүшесі.
|
Байланыс ақпараты: Кафедраның тұрақты мекен - жайы:
Кабельный переулок көшесі, 1. № 2 қалалық аурухана, 2-қабат.
№ 3,20,41,13 автобустармен және №№23,,28,47 бағытты таксимен барып жетуге болады. Ет комбинаты аялдамасы .
Телефон – 349382 (терапия бөлімшесі)
Сабақ өткізетін қосымша базалар: орналасуы
ММУ МО Семей қаласы – Сеченова көшесі ,1а; 5 қабат.
Келесі автобустармен жетуге болады– 12,35,5.
Бағытты таксимен – 23,54,24,39. Облыстық аурухана аялдамасы.
Телефон – 534043 (гематология бөлімі)
УЧМК «Венера»- Рыскулова 1, 1 қабат.
Проезд автобусами – 38,6.
Бағытты таксимен 54 Технологичиялық институт аялдамасы
Бағытты такси 36 - аялдама - УЧМК «Венера».
Электронды мекен-жай : umc_sgma@mail.ru
Пәннің саясаты:
Пән саясаты – кафедраның білімалушыға берілген пәнді оқу үрдісінде қойылатын жалпы талаптарға, білімалушыға оқу материалын неғұрлым толық меңгеруге және оқытушылар мен білімалушылар (студент, интерн, резидент, магистрант, докторант) арасында жемісті ынтымақтастыққа бағытталған.
Білімалушылар міндетті:
-
Білімді, біліктілікті, тәжірибелік дағдыларды және құзырлықтарды толық көлемде игеруге;
-
Бірінші курстан бастап таңдаулы білім траекториясы бойынша құзырлықтарға жету үшін «Портфолио» жинақтауға;
-
Оқытушыларға, қызметкерлерге және білімалушыларға құрметпен және сыпайылықпен қарауға;
-
Білімалушылар тәртіпті және ұқыпты болуға, университетте, ауруханаларда өздерін лайықты ұстай білуге, сабақтар басталғаннан барлық оқу және олардың маңындағы бөлмелерде қалыпты білім алуға қажетті тыныштық және тәртіп орнатуға;
-
Сабақ басталғаннан кейін (оқытушының сабақты нақты бастауынан кейін) білімалушылардың аудиторияға кіруі және шығуы оқытушының рұқсаты бойынша ғана болады;
-
Тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға, профессордың және доценттің бақылауына, дәрігерлік консилиумдерге міндетті түрде қатысуға тиісті;
-
Кафедраның ОБӨЖ ( оқытушының басқаруымен білімалушының өздік жұмысы) қатысуға арналған талаптарын сақтауға;
-
Тәжірибелік (семинарлық), зертханалық сабақтарға, ОБӨЖ сабақтарына міндетті түрде медициналық формада қатысуға;
-
Білімалушылар клиникалық кафедраларда сабаққа қатысу үшін санитарлық кітапшаларында санитарлық-эпидемиологиялық қызмет рұқсатнамасының болуына;
-
Кафедраның мүлкіне мұқият қарауға; үстелдер үстіне жазбауға, мүлікті бұзған жағдайда жөндеуге;
-
Білімалушылар шпилька аяқ киім кимеуі тиіс.
-
Өртке қарсы қауіпсіздік ережелерін сақтауға;
-
Университеттің ішкі тәртіп ережелерін сақтауға;
-
Кафедра жұмысына белсенді қатысуға ( СҒІ үйірмесіндегі жұмыс, кафедрада өткізілетін шараларға және т.б.);
-
Мамандығы бойынша ғылыми – практикалық, патологоанатомиялық конференциялар мен ассоциациялар жұмысына қатысуға;
-
Оқу, дәріс уақытында ұялы телефондарды сөндіруге;
-
Ұялы телефондарды, i-Phone, i-Pad емтихандарға бірге алып кіруге тыйым салынады. Оларды пайдаланған жағдайда білімалушы емтиханнан қуылады және «Ғ» баға қойылады. Ал емтихан барысында көмекші қағаздар қолданса, онда қорытынды баға: «Ғ» қанағаттанарлықсыз ;
-
Егер білімалушы бір ғана сабақ босатса, деканаттан рұқсат қағазы қажет етілмейді, бірақ сабақ міндетті түрде өтелуі керек. Электрондық журналда әр босатылған сабақ өтелмесе, автоматты түрде балы төмендетіледі.
-
Кафедраларда және курстарда өтелулер сабақ кестесінен тыс уақытта өткізілуге, клиникаларда түнгі профессорлық-оқытушылық құрамының кезекшілік уақытында өтелуіне рұқсат беріледі.
-
Білімалушы сабақтарды себепті босатқан жағдайда (стационарлы емдеуде болғанда, төтенше жағдайларда: авариялар, апаттар және басқалар), студент немесе оның туыстары кафедраға болған жағдай туралы кез – келген әдіспен (телефонмен және басқа) бір тәулік ішінде хабардар етіп, 3 күннің ішінде осы жағдайды растайтын құжаттарды көрсетуге; Растайтын құжаттар: студенттік емханадан алынған анықтама, жақынының өлімі туралы құжат, донорлық анықтама, неке қиуы туралы күәлік, баланың тууы туралы күәлігі. Интерндер, резиденттер, магистранттар, докторанттар ауру туралы анықтама қағазын әкелуге тиісті. Растайтын құжаттар болмаған жағдайда- себепсіз босатты деп саналады.
-
Сабақты себепті босатқан жағдайда білімалушы босатқан сабақтың тапсырады, егер деканаттан растайтын құжатпен бірге рұқсатнаманы көрсеткеннен кейін.
-
Кафедраға рұқсатнамамен қатар растайтын құжаттың көшірмесі көрсетіледі. Білімалушыт бір уақытта 2 сабақты өтеуіне болады.
-
Сабақты себепсіз босатқан жағдайда білімалушы бір уақытта 1 сабақты өтеуіне болады.
-
Босатқан сабақты өтегенде «ж» журналда шеңберленеді және алған бағасы қойылады;
-
Себепсіз босатқан сабақты өтегенде білімалушы 3,33 ден жоғары баға қойылмайды. Электрондық журналда «ж» алынады және балл қойылады.
-
Бір айда сабақты екі рет, не одан да көп сабақ босатқан білімалушы аттестаттаудан өтпейді. Білімалушы себепсіз босатқан сабақтары үшін 1 айда, себепті босатқаны үшін 2 айда өтеулерді өткізуге тиіс.
-
Негізгі пәндер бойынша сабақтарды 25% не одан да көп себепсіз босатқан жағдайда білімалушыға деканаттарда өтеулерді орындауға рұқсат жоқ, білімалушы пән бойынша аралық аттестаттаудан өтпейді. Бұл жағдай мамандық бойынша шектес пәндерге де жатады. Білімалушы жазғы (ақылы) семестрде өтуге тиіс.
-
Негізгі пәндер бойынша сабақтарды 25% не одан да көп себепті босатқан жағдайда білімалушы жеке кесте бойынша барлық сабақтарды өтеуі керек.
-
Деканаттан рұқсат қағаздар оқу топтарының журналдарында сақталады.
-
Аралық бақылау кезінде себепті не себепсіз босатқан сабағын бір ай ішінде өтемеген жағдайда «ж» орнына «0» қойылады.
-
Егер «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 4,5,6,7 курстарының интеграциясының бір пәнінен не шектес пәннен білімалушы «Ғ» алса, жазғы (ақылы) семестрді «Ғ» баға алған пән бойынша ғана өтеді.
-
Егер емтихан 2 кезеңнен тұратын болса және білімалушы кезеңдердің біреуінен «0» алса, онда қорытынды баға саналмайды. Қорытында баға мынадай жағдайда: егер білімалушыда рұқсат алу рейтингісі және қорытынды бақылау бағасы болған жағдайда есептелінеді. Мұндағы жақсы бағаға 50% тен 100% -ке дейінгі бағалар, қанағаттанарлықсыз баға 0 ден 49% -ке дейінгі бағалар кіреді.
-
Тесттік емтиханның үлес салмағы 10% .
-
Ағымдағы сабақтарда алынған және аралық бақылаудағы қанағаттанарлықсыз бағалар өтелмейді. Қанағаттанарлықсыз бағалар алғанда білімалушының Рұқсат алу рейтингі бағасы төмен болады, ол емтихандар рұқсатнамасына әсер етеді.
-
Емтиханда алған қорытынды бағаны көтеру үшін қайта емтихан тапсыруға рұқсат жоқ.
-
Сынақ кітапшасының оң жағына Рұқсат алу рейтингі бағасы қойылады. Дифференциалдық сынақ бағасы шәкіртақының тағайындалынуына әсер етеді.
-
Оқу бағдарламаның барлық шарттарына сәйкес семестрдің барлық пәндері бойынша сынақтарды тапсырып, Рұқсат алу рейтингі бағасын алған жағдайда ғана білімалушылар емтихандық сессияға рұқсатнама алады. Емтихандық сессияға рұқсатнама деканаттың өкімімен рәсімделеді, білімалушының сынақ кітапшасына «сессияға жіберілді» деген мөртаңба қойылады.
-
Білімалушылар үлгерім орташа баллы (GPA) негізінде курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады.
-
(GPA) үлгерім орташа балы курстан курсқа өту баллының қажетті мөлшерін ала алмаған жағдайда, білімалушы білім грантынан айрылады, курсты қайта оқиды немесе өз қалауымен оқудан шығарылады.
-
Курстың бағдарламасын толық көлемде орындап, бірақ GPA өту баллын ала алмаған білімалушы жазғы (ақылы) семестрде пәнді (мемлекеттік емтихан «Қазақстан тарихынан» басқа) қайта оқуға, қайта емтихан тапсыруға мүмкіндік алады. Қайта алынған жақсы баға шәкіртақыға әсер етпейді.
-
Білімалушылар (академиялық демалыстан кейін) курстың пәндерін толықтай өтуге және емтихан тапсыруға міндетті.
1. Кіріспе: Адамзаттың денсаулығын сақтау жүйесінде бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету (БМСК) маңызды орын алады және ол халыққа медициналық қызмет етудің бір негізгі түрі болып табылады.
БМСК бойынша Халықаралық конференцияда айтылған анықтамаға сәйкес (Алматы, 1978), БМСК халықтық денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесімен қатынасудың бірінші деңгейі болып табылады: ол халықтың мекен-жайына, жұмысына максимальді жақындалған және олардың денсаулығын үздіксіз сақтаудың бірінші кезеңін білдіреді.
2. Пәннің мақсаты: Денсаулық сақтау ісіндегі біріншілік буындағы маманды, яғни – жалпы практикадағы мейірбикені дайындау.
3. Оқыту мақсаттары: бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіндегі халыққа емдеу-профилактикалық көмекті ұйымдастырудың негізгі принциптеріне үйрету;
-
БМСК көрсету қызметі құрылысымен, негізгі құжаттарымен таныстыру;
-
БМСК қызметіндегі мейірбикенің қызметтік міндеттерімен таныстыру;
-
БМСК қызметіндегі бөлімшелік мейірбикенің жұмысын ұйымдастыру принциптерімен таныстыру;
-
пациенттерге диспансерлік бақылау ұйымдастыру принциптерін игеру.
-
жалпы практикадағы мейірбике жұмысындағы кәсіптік этика және деонтология принциптеріне үйрету;
-
халыққа бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуді ұйымдастырудағы жаңа жетістіктермен таныстыру.
4. Реквизитке дейінгі:
мейірбике ісі негіздері, педиатриядағы мейірбике ісі, терапиядағы мейірбике ісі.
5.Реквизиттен кейінгі: медициналық психология, әлеуметтік медицина, денсаулық сақтаудағы заңнама негіздері және денсаулық сақтауды ұйымдастыру, медициналық статистика.
6. Пәннің қысқаша мазмұны:
БМСК амбулаториялық-емханалық мекемелермен тығыз байланысқан медициналық көмектің бір түрі болып табылады. БМСК-дің негізгі принципі емдеу-профилактикалық мекемелер жүйесімен қамтамасыз етілетін профилактикалық бағытты оқып үйрену. Денсаулық сақтау ісіндегі біріншілік буындағы мекемелердің құрлысы және қызметімен таныстыру.
7.Сабақтардың тақырыптық жоспары:
Тәжірибелік сабақтардың тақырыптық жоспары
№
|
Сабақ тақырыбының атауы
|
Сағаттар саны
|
1.
|
БМСК туралы түсінік. Денсаулықты қорғау жүйесіндегі БМСК орны. БМСК құрылысы және негізгі принциптері. БМСК-гі мейірбикенің қызметтік міндеттері.
|
4
|
2.
|
Жанұялық мейірбикенің іс-әрекетін білдіретін негізгі нормативті құжаттар.
|
4
|
3
|
БМСК қызметіндегі нәрестелерге емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру. Нәрестелердің мейірбикелік патронажы. Нәрестелер денсаулығының критерилері.
|
4
|
4
|
БМСК қызметінде шала туылған балаларға, перинатальді және преморбидті патологиясы бар балаларға емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру.
|
4
|
5
|
Бір жасқа дейінгі балаларға емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру. Дені сау бала бөлмесі.
|
4
|
6
|
1 жастан 3 жасқа дейінгі бала бақшаға баратын және бармайтын балаларға емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру.
|
4
|
7
|
3 жастан 7 жасқа дейінгі бала бақшаға баратын және бармайтын балаларға емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру.
|
4
|
8
|
БМСК қызметінде әртүрлі жастағы балаларға аурудың спецификалық емес профилактикасын ұйымдастыру.
|
4
|
9
|
БМСК қызметінде балалардың жұқпалы ауруларының спецификалық профилактикасын ұйымдастыру.
|
4
|
10
|
БМСК қызметінде мейірбикемен аллергиялық аурулары бар науқастарға емдік және диспансерлік бақылауды ұйымдастыру принциптері: бронх демікпесі, респираторлы аллергоздар, аллергодерматоздар. Бронх демікпесі ұстамасын кері қайтарудағы дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету.
|
4
|
11
|
Асқазан-ішек жолдары және гепато-билиарлы жүйенің патологиясы кезінде науқастарға диспансерлік бақылауды ұйымдастырудағы БМСК қызметіндегі мейірбикенің міндеттері және ролі. БМСК қызметі шартына сәйкес науқастарды реабилитациялау.
|
4
|
12
|
Әлеуметтік қауіп-қатер топтары бар жанұядағы балаларға медициналық қызмет көрсету ерекшеліктері.
|
4
|
13
|
Онкопатологиясы бар науқастарды емдеу және бақылау кезіндегі БМСК қызметі. Мейірбикенің міндеттері мен есебі.
|
4
|
14
|
Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің (МДБМ) құрылысы, оның жұмысын ұйымдастыру және балаларға медициналық қызмет көрсету. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінің түрі және МДБМ мейірбикесінің функциясы.
|
4
|
15
|
Жалпы білім беру және арнайы мектептердегі оқушыларға медициналық қызмет көрсетуді ұйымдастыру. Мектептегі мейірбикенің функциональді міндеттері.
|
4
|
Оқытуышының жетекшілігімен өздік жұмыстардың тақырыптық жоспары
№
|
Сабақ тақырыбының атауы
|
Сағаттар саны
|
1
|
БМСК қызметінде қолданылатын есеп құжаттарының негізгі формалары, оны толтыру.
|
4
|
2
|
БМСК қызметіндегі көрсеткіштерге баға беру және статистика, жоспарлау сұрақтары.
|
4
|
3
|
БМСК қызметі шартында жүкті әйелдерге емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру. Қатер тобы. Босануға дейінгі патронаж. «Неке және жанұя», «Медициналық-генетикалық кеңес беру» кабинеттері.
|
4
|
4
|
БМСК қызметінде жанұялық мейірбикемен санитарлық-ағарту жұмысын, эпидемияға қарсы шараларды ұйымдастыру.
|
4
|
5
|
Мектептерде рационалды тамақтандыруды ұйымдастыру.
|
4
|
6
|
Ерте жастағы және мектепке дейінгі жастағы науқас балаларды диспансерлік бақылау.
|
4
|
7
|
БМСК қызметінде жиі ауыратын балаларды диспансерлік бақылау және реабилитациялау. Аралық бақылау.
|
4
|
8
|
БМСК қызметіндегі мейірбикенің халыққа флюорографиялық зерттеу, туберкулиндиагностика жүргізудегі және ұйымдастырудағы міндеттері мен ролі.
|
4
|
9
|
БМСК қызметіндегі мейірбикенің тыныс жүйесі патологиясы бар науқастарды емдеудегі және бақылаудағы міндеттері мен ролі. Диспансеризация және реабилитация. Бронх-өкпе ауруларының профилактикасы.
|
4
|
10
|
БМСК қызметінде жүрек-қантамыр жүйесі патологиясы кезінде емдік-профилактикалық көмекті ұйымдастыру. БМСК қызметіндегі мейірбикенің жүректің ишемиялық ауруы, артериалды гипертензиясы бар науқастарға медициналық көмек көрсету кезіндегі міндеттері мен ролі.
|
4
|
11
|
БМСК қызметі мейірбикесімен несеп шығару жүйесі аурулары бар науқастарға диспансерлік бақылау және емдік шаралар ұйымдастыру принциптері. Диспансерлік бақылау ұзақтығы.
|
4
|
12
|
БМСК қызметі мейірбикесімен эндокринді жүйесі аурулары бар науқастарды диспансерлік бақылауды және емін ұйымдастыру. Эндокринді жүйесі патологиясы бар науқастарға дәрігерге дейінгі шұғыл көмек көрсету принциптері.
|
4
|
13
|
БМСК қызметі мейірбикесімен қантүзу жүйесі аурулары бар науқастарға диспансерлік бақылау және емдік шаралар ұйымдастыру принциптері. Қан кету жағдайларындағы дәрігерге дейінгі шұғыл көмек (лейкоз, гемофилия).
|
4
|
14
|
БМСК қызметіндегі мейірбикелердің іштен біткен даму аномалиялары мен ақаулары бар балалардың дамуы мен денсаулық жағдайына мейірбикелік бақылауды ұйымдастырудағы міндеттері мен ролі.
|
4
|
15
|
Басқа мамандар (ЛОР, офтальмолог, невропатолог) кабинетіндегі мейірбикелер міндеттері мен жұмыс істеу принциптері. Аралық бақылау.
|
4
|
8. Студенттің өздік жұмысының тақырыптық жоспары
№
|
Сабақ тақырыбының атауы
|
Сағаттар саны
|
1
|
Шетелде денсаулық сақтауда жанұялық медицинаның негізгі моделдері.
|
4
|
2
|
Жанұяның денсаулығын нығайтуда жанұялық мейірбикенің рөлі, ауруларды және травматизмді алдын-алу.
|
4
|
3
|
Жоғары қатерлі топтағы жанұяларда мейірбикенің медициналық-әлеуметтік жұмысы (қарт адамдармен, мүгедектермен және жалғыз басты адамдар).
|
4
|
4
|
Балалармен жұмыс істеуде жанұялық мейірбикенің профилактикалық аспектілері.
|
4
|
5
|
Жанұялық мейірбике қызметінің профилактикалық аспектілері: гигиеналық оқыту және жанұя мүшелерін тәрбиелеу.
|
4
|
6
|
Гипертермиялық және тырыспа синдромы кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді ұйымдастыру.
|
4
|
7
|
Гельминтоздар кезінде эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар.
|
4
|
8
|
Жанұялық мейірбикенің өндірістік принципі бойынша жұмысын ұйымдастыру.
|
4
|
9
|
Жанұямен әлеуметтік және психологиялық жұмыс істеу аспектілері.
|
4
|
10
|
Халыққа емдеу-профилактикалық және әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыруда жаңа түрлері.
|
4
|
11
|
Иммунды тапшылық жағдайлармен науқастарды бақылау және емдеу тактикасы. СПИД-клиникасы, диагностикасы, эпидемияға қарсы шаралары, профилактикасы.
|
4
|
12
|
Респираторлы-вирусты инфекцияларды алдын-алуда альтернативті әдістері.
|
4
|
13
|
Қазақстан Республикасында денсаулықпен тамақтанудың ұлттық стратегиясы.
|
4
|
14
|
Баламен ананың денсаулығын сақтауда мемлекеттік және ұлттық бағдарлама.
|
4
|
15
|
Қант диабетімен науқастардың салауатты өмірін ұйымдастыру.
|
4
|
Студенттің өздік жұмысын (СӨЖ) ұйымдастырудың жоспары
№
|
СӨЖ тақырыбы
|
СӨЖ тапсырмалары/өткізу түрі
|
СӨЖ бақылау түрлері
|
СӨЖ бақылау кестесі (мерзімі)
|
Сағаттарсаны
|
1.
|
Шетелде денсаулық сақтауда жанұялық медицинаның негізгі моделдері.
|
реферат;
презентация;
|
қорғау;
демонстрациялау;
|
3-апта
|
4
|
2.
|
Жанұяның денсаулығын нығайтуда жанұялық мейірбикенің рөлі, ауруларды және травматизмді алдын-алу.
|
баяндама;
кроссворд;
микрокестелер;
|
ақпарат;
көрнектеу;
демонстрациялау;
аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
4-апта
|
4
|
3.
|
Жоғары қатерлі топтағы жанұяларда мейірбикенің медициналық-әлеуметтік жұмысы (қарт адамдармен, мүгедектермен және жалғыз басты адамдар).
|
реферат;
буклет; микрокестелер.
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
5-апта
|
4
|
4.
|
Балалармен жұмыс істеуде жанұялық мейірбикенің профилактикалық аспектілері.
|
глоссарий;
реферат;
альбом;
презентация
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
6-апта
|
4
|
5.
|
Жанұялық мейірбике қызметінің профилактикалық аспектілері: гигиеналық оқыту және жанұя мүшелерін тәрбиелеу.
|
презентация;
альбом;
альбом;
буклет.
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
7- апта
|
4
|
6.
|
Гипертермиялық және тырыспа синдромы кезінде дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді ұйымдастыру.
|
эссе;
реферат;
альбом;
тестік тапсырма.
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
7- апта
|
4
|
7.
|
Гельминтоздар кезінде эпидемияға қарсы және профилактикалық шаралар.
|
реферат;
глоссарий;
презентация;
буклет.
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
8- апта
|
4
|
8.
|
Жанұялық мейірбикенің өндірістік принципі бойынша жұмысын ұйымдастыру.
|
реферат;
презентация;
микрокестелер;
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
8- апта
|
4
|
9.
|
Жанұямен әлеуметтік және психологиялық жұмыс істеу аспектілері.
|
баяндама;
жағдайлық есептер; микрокестелер
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
9- апта
|
4
|
10
|
Халыққа емдеу-профилактикалық және әлеуметтік көмек көрсетуді ұйымдастыруда жаңа түрлері.
|
реферат;
презентация; микрокестелер;
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
9- апта
|
4
|
11.
|
Иммунды тапшылық жағдайлармен науқастарды бақылау және емдеу тактикасы. СПИД-клиникасы, диагностикасы, эпидемияға қарсы шаралары, профилактикасы.
|
альбом;
баяндама;
презентация
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
10 апта
|
4
|
12.
|
Респираторлы-вирусты инфекцияларды алдын-алуда альтернативті әдістері.
|
презентация;
эссе;
альбом.
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
10- апта
|
4
|
13.
|
Қазақстан Республикасында денсаулықпен тамақтанудың ұлттық стратегиясы.
|
реферат;
альбом;
микрокестелер;
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
11- апта
|
4
|
14.
|
Баламен ананың денсаулығын сақтауда мемлекеттік және ұлттық бағдарлама.
|
реферат;
глоссарий;
презентация
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
8- апта
|
4
|
15.
|
Қант диабетімен науқастардың салауатты өмірін ұйымдастыру.
|
эссе;
тестік тапсырма;
микрокестелер;
презентация.
|
қорғау;
демонстрациялау аралық бақылау сұрақтары;
емтихан сұрақтары.
|
12- апта
|
4
|
9. Әдебиет:
Негізгі
1.Шамсиев С.Ш. Руководство участкового врача. Ташкент, 1994, 590 б.
2.Тульчинская В.Д. Семейная медсестра. Педиатрия. Ростов-на-Дону, «Феникс», 2003.
3. Дадамбаев Е.Т. учебник «Амбулаторлық-емханалық педиатрия» Алматы , ТОО ЭВЕРО 2010 г. 306 б
4. Дадамбаев Е.Т. Амбулаторлық-емханалық педиатрия : учебник / Е. Т. Дадамбаев. - Алматы : ТОО"ЭВЕРО", 2010. – 306 б.
қосымша:
1.Справочник по семейной медицине. Педиатрия. Под ред.Матвейкова С.Т., Минск, 1997.
2.Л.Н.Усов, Справочник участкового врача. Минск. 1991 ж.
3.Дадамбаев Е.Т. и соавт. Поликлиническая педиатрия. Алматы, 1999, 196 б.
4.Дадамбаев Е.Т. и соавт. Поликлиническая педиатрия (учебник на каз.языке). , Алматы, 1998, 320 б.
5.Сушко Е.П., Новикова В.И. Поликлиническая педиатрия. Минск, 2000, 301 бет.
6.Учайкин В.Ф. Руководство по инфекционным болезням у детей. М., 2001, 824 бет.
10. Оқытудың және сабақ берудің әдістері :
-
Тәжірибелік сабақтар: тақырыпты теориялық талдау, жағдайлық есептерді шешу, ситуацияны модельдеу, шағын топтарда жұмыс істеу.
-
Оқытушының жетекшілігімен болатын өзіндік жұмысы (ОЖӨБ): жеке сұрақтарды тереңірек оқыту, БМСК мекемесіндегі жалпы практика мейірбикесінің жұмысына қатысу, медициналық құжаттарды толтыру, жеке және топпен тапсырмаларды орындау, пайда болған сұрақтарды оқытушымен талдау, аралық бақылау.
-
Білімалушының өзіндік жұмысы (БӨЖ): студенттің оқулықпен және қосымша әдебиеттермен жұмысы, электрондық әдебиеттерді қолдану, мейірбике деңгейінде патронаж жүргізу, диспансерлік бақылау картасын дайындау.
-
Тәжірибелік сабақтар:
-
Оқытушының жетекшілігімен студенттің өздік жұмысы (ОСӨЖ):
-
Студенттің өздік жұмысы (СӨЖ):
11. Білімді бағалаудың критерийлері және ережелері:
-
Ағымдық бақылау: тестілеу, ауызша сұрау, жағдайлық есептерді шығару, шағын топтарда жұмыс істеуде топтық және өзін-өзі бағалау.
-
Аралық бақылау: тестік бақылау.
-
Қорытынды бақылау: билет бойынша ауызша сұрау, тәжірибелік дағдыларды қабылдау.
Білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың 4 баллдық жүйе бойынша сандық эквивалентке сәйкес келетін баллдық – рейтингілік таңбалық жүйесі
Таңбалық жүйе бойынша баға
|
Балдардың сандық эквиваленті
|
Пайыздық мөлшері
|
Дәстүрлі жүйе бойынша баға
|
A
|
4.0
|
95-100
|
өте жақсы
|
A-
|
3.67
|
90-94
|
B+
|
3.33
|
85-89
|
жақсы
|
B
|
3.0
|
80-84
|
B-
|
2.67
|
75-79
|
C+
|
2.33
|
70-74
|
қанағаттанарлық
|
C
|
2.0
|
65-69
|
C-
|
1.67
|
60-64
|
D+
|
1.33
|
55-59
|
D
|
1.0
|
50-54
|
F
|
0
|
0-49
|
қанағаттанарлықсыз
| -
Білімалушылардың білімін бағалау тәртібі
-
Білімалушылардың оқудағы жетістіктерінің деңгейі әрбір пәннен қорытынды бақылаудың бағасы мен рұқсат алу рейтінгілік бағадан қалыптасқан қорытынды бағамен анықталады:
-
Қорытынды баға ҚБ = РРБ х 0,6 + ҚББ х 0,4, мұнда:
-
ҚБ - қорытынды баға
-
РРБ - рұқсат алу рейтингілік баға
-
ҚББ – қорытынды бақылау бағасы (пән бойынша емтихан)
-
Рұқсат алу рейтингілік бағасы (РРБ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 60% құрайды.
-
Қорытынды бақылау бағасы ( ҚББ) пән бойынша білімнің қорытынды бағасының ( ҚБ ) 40% құрайды.
-
1.пән бойынша қорытынды бағаның 20% құрайтын ауызша емтихан бағасы
-
2.пән бойынша қорытынды бағаның 20% құрайтын тәжірибелік дағды бағасынан
-
Рұқсат алу рейтингілік бағасы:
-
АғББ ∑ бағасы + БӨЖ ∑бағасы+ ОЖӨБ ∑ бағасы+ АБ ∑бағасы
4
-
РРБ = , мұнда:
-
∑ - жиынтық белгісі
-
АғББ – ағымды бақылаудың бағасы: Ағымдағы бақылау бағасы: АғҮБ =ағымдағы орташа баға ( оның ішінде соңғы бақылау + тәжірибелік дағдылар үшін орташа баға (ҚР МЖБС. 5.03.006-2006, 7 бет);
-
БӨЖ – білімалушының өздік жұмысы;
-
ОЖӨБ - оқытушының жетекшілігімен болатын өздік жұмысы;
-
АБ – аралық бақылау бағасы(АБ 1 +АБ 2)/2;
-
Рұқсат алу рейтингілік бағасы: академиялық уақыт (семестр) барлық алынған бағалар ортаарифметикалық жиынтығы бойынша есептеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |