4-тaқырып.
ЕЖЕЛГІ ГРЕКИЯ ӨНЕРІ
Мaқсaты: Ежелгі Грекияның көркемөнер мәдениетінің ерекшеліктері мен негізгі дaму кезеңдерін қaрaстыру.
І. Дәріс.
Еуропада ежелден өркендеген елдің бірі – Грекия. Олардың мәдениеті өзіндік шоқтығы биік өркениетке жатады. Көне Мы- сыр, Қосөзен мәдениетінің ең озық үлгілерін өздеріне дарыта отырып, өзіндік ерекше Грекия өнерін өмірге әкелді. Олардың өнер тарихындағы ауызға аларлық озық ескерткіштері: Кносс сарайы, Афина акрополі, Гера, Апаллон храмдары, эстетикалық талғамы жоғары нәзік те сұлу мүсіндері, қара, қызыл әдісті тех- никамен жасалған көздің жауын алатын құмыралары, т.б.
Кейінгі археологиялық қазбалардың жүргізілуі Кіші Азия жағалауы мен Крит аралдарында мәдениеті мен өнері гүлденген құл иеленуші мемлекеттердің өмір сүргенін дәлелдейді. Соны-
мен қатар осы өңірде ірі-ірі қалалардың, сарайлардың бой көтер- гені анықталып отыр. Кіші Азияда аты аңызға айналған Троя қаласының үйінділері, Критте Кносс қаласы, Пелопонесс түбе- гінде Микены қаласы аршылып алынды. Мәдениеттің өркенде- ген орталығы Кносс пен Микены қаласы болды. Қызу теңіз сау- да жолының тоғысқан торабында тұрған Крит аралы өзінің қала- ларының тез өркендеуінен алдына жан салмады. Онда Кносстан басқа Фест, Маллия қалалары қанат жайды. Қалалардың айнала- сы басқа елдердегідей дуал қорғандармен қоршалмады. Бұл олардың бейбітшілікте, бірлікте өмір сүргенін көрсетеді.
Аңыз бойынша, бір замандарда Критте Минос деген патша- лық құрады. Оның жер астында адам кірсе қайта шыға алмай- тын, шым-шытырық жол, бөлмелері бар бас айналар сарайы болады. Ол сарайда жартылай адам кейпіндегі құбыжық – Минотавр өмір сүреді. Афиналықтар Миносқа салық, төлем ре- тінде жылына бірнеше қыз бен жігітті жіберіп отырған. Ал Минос болса оларды Минотаврға сыйлайтын болған. Осындай адам жегіш құбыжықтан құтылу үшін «Барсакелмес» жерасты сарайына батыр Тесей жол тартады. Ол сарайдан адаспай шығу үшін бір бума жіптің ұшын кіреберіске байлап, соның тарқауы- мен жүріп отырады. Ақыры құбыжықты тауып, оны өлтіріп, жаңағы жіптің бойымен аман-есен жерасты сарайынан шыққан екен дейді. Бұл қанша аңыз болса да, шындыққа жанасатын сияқты. Кносс сарайы осы аңыздағы жерасты сарайына өте ұқ- сас, көптеген шым-шытырық бас айналар дәліздер мен бөлме- лерге толы. Құрылыс айналадағы табиғатпен біте қайнасып, оның ажырамас бір бөлігіне айналған, үйлесімді шешім керемет білгірлікпен берілген.
Б.д.д. XVI ғасырдың аяғында тосыннан келген апат күллі Крит мәдениетіне сұрапыл соққы болып тиді. Ғалымдардың ша- малауынша, б.д.д. 1520 жылы Фера аралында жойқын жанар-тау атқылап, ғаламат нөпір Криттің гүлденген жағалауын жай-пап құлазытқан, оның үстіне күшті жер сілкінісі алапат апат әке-ліп, аралдағы қалалар мен өнер ескерткіштерін жойып жіберген. Кносстан басқа қалалардың бәрінен ел безіп, тентіреп кеткен.
Осы кезеңге дейін аралда үстемдік орнатқан Хеттер табиғат апатынан кейін жан-жаққа ыдырап, қалғандарын грек-ахейлік- тер бағындырған еді. Олар құрған патшалық күшті де мығым
болды. Гректер Микеныдағы ежелгі Эгей өнері мен Крит ара- лындағы сан ғасырлық мәдениеттің «алтын» арналарын бойына сіңіре отырып, оны әрі қарай дамытты.
Б.д.д. XV ғасырда жойқын жанартау мен зілзаладан жапа шегіп әлсіреген аралға ахейліктер ене бастады. Олар крит мәде- ниетін қабылдап, өз мәдени асылдарымен толықтыра, тоғыстыра білді. Ал кейіннен крит өркениеті өшкен кезде Грекияның Ми- кены, Тиринф және Пилос қорғандары ахейлік эгей мәдение- тінің орталығына айналды. Ахейліктер жасаған мәдениет крит мәдениетіне жақын, бірақ өзіндік ерекшелігі, ізі бар еді. Егер крит қалаларына бекіністің қажеті жоқ болса, ахейліктердің қа- лаларына ол өте маңызды болатын. Сондықтан олар қалалары мен сарайларын биік тау, төбе басына салып, айналасын биік дуалдармен қоршайтын. Мұндай қорғаныс жауға алынбастай қамал еді. Кейіннен гректер мұндай бекіністі «акрополь» немесе үстіңгі қала деп атады. Б.д.д. XIV-XIII ғасырларда тұрғызылған Микены, Тиринф қорғандары – біздің заманымызға дейін жет- кен атақты өнер ескеркіштері. Бұлар құлама жартасты шоқылар- дың үстіне орнатылған. Солардың бірі – Микены акрополі. Ас- қақтаған акрополь қалыңдығы 6-10 метр, ұзындығы 900 метр болатын мығым қорғанмен қоршалған. Осы сияқты Тиринф дуа- лы да өте зор болған. Оның қалыңдығы 17,5 метр де, дуалының ішінде өтпелі жолдар, азық-түлік пен қару-жарақ сақтайтын қой- малар болған. Бұл қамалдар 5-6 тонна болатын шомбал тас блок- тардан қиюластырып тұрғызылған. Аңыз бойынша, бұл дуал- дарды жалғыз көзді жалмауыз дәулер (циклоптар) тұрғызған дейді. Микены қорғанына кіретін орталық қақпасы ірі блок тас- тардан құралған. Кіреберіс маңдайшада Микены билеушілерінің киелі нышаны – қос арыстанның сом бейнесі қашалған. Осы
«арыстанды қақпа» – эгей өнеріндегі монументтік мүсіннің ай- шықты үлгісі. Микены патшалығының мызғымас күшін білдіре- тін белгі. Жалпы алғанда, Микены өнері эгей мәдениеті арна- сында дамыды.
Грек тарихының б.д.д. VIII-VI ғасырларды қамтитын кезеңі
«көне» ұғымды білдіретін «архайос» деген грек сөзінен шыққан
«архаикалық кезең» деп аталады. Көне дәуірде, Еуразия кеңісті- гінде Кіші Азия мен Шығыс Азияда әлемдік өркениет дамуы- ның жаңа ғасыры басталды. Еуразия даласында сақ-скиф, ғұн-
дар әкелген әшекей өнер «аң бейнелі» әдіс өмірге келді. Қосөзен алқабында атақты қорғандарымен, қалаларымен, аспалы бақта- рымен әйгіленген Вавилон, Ахеменидтер патшалығы тарих төрі- не шықты. Өркениетті осындай елдермен қызу қарым-қатынаста болған гректер олардың мәдениетінің ең озық үлгілерін саралай сіңіре отырып, жоғары жетістікке жетті. Ежелгі Мысыр сәулет- шілерінен бағаналы сарай-храмдар салуды үйренді. Қосөзен аң- ғары елдерінен бетон жасауды, беті жылтыр су өткізбейтін түрлі түсті кірпіш мозайка өруді дарытты, ал көшпенділерден алтын- нан түйін түйген зергерлікті қабылдады. Осының арқасында б.д.д. VIII ғасырда Грекияда материалдық мәдениет дами бас- тады.
Б.д.д. 500-499 жылдары гректерге парсылар шабуыл жасап, көп жерлерін басып алды. Гүлденген қалаларды қиратып, елді құлдыққа салды. Қатерлі бұлт Афина қала мемлекетінің басына да төнді. Сондықтан Афина бас болып, бостандық пен тәуелсіз- дікті қорғау үшін грек қалаларының одағын құрды, ортақ жауға қарсы бірігіп күресуге жұмылдырды. Ақырында гректер жеңіп, тәуелсіздігін қорғап қалды. Осы жеңістің барысында грек қала- ларының күшті теңіз одағы құрылды. Оған кішігірім екі жүзге тарта мемлекет кірді. Негізгі көшбастаушы, басқарушы Афина қаласы болды. Афина қала-мемлекеті, әсіресе Периклдің тұсын- да өзінің гүлденуін бастан өткерді. Афина ежелгі Элладаның аса ірі экономикалық, саяси, мәдени орталығына айналып, атақты ақын-жазушылардың, тарихшылар мен философтардың назарын өзіне аударды.
Осындай күшті Грек мемлекеті тұсында өмірге келген өнер
– Грек классикалық өнері деп аталады. Бұрынғы өткен заман- дардағы Мысыр, Эгей және архаика кезеңдерінде жасалған өнер туындыларынан үйрене отырып, жаңа тұрпаттағы талғамы жо- ғары өнерді тудыру осы кезеңнің суретші-сәулетшілерінің үлесі- не тиді. Кейінгі дәуірлерде грек өнерінің қарыштап дамуына, онымен қоймай басқа да Еуропа елдеріне ықпалын жүргізіп, олардың да өнерінің дәуірлеуіне күшті әсер еткен осы кезеңде туындаған өнер болды. Алғаш гректік өнердің үлгісі болып саналғандықтан, классикалық өнер аталуы да содан.
Архаика тұсындағы сәулет өнерінің ең озық үлгілерін әрі қарай дамыта отырып, сәулетшілер тамаша сарайлар тұрғызды.
Сондай сарайдың қатарына Гера және Зевс ғибадатханаларын жатқызуға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |