Г. Б. Бекимова б-42. Ауыл шаруашылық мелиорациясы./Пәннің оқу-әдістемелік жинағы. Көкшетау, 2015. 133 бет. «Ауыл шаруашылық мелиорациясы»



бет26/76
Дата14.09.2022
өлшемі3.11 Mb.
#460762
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76
АШМ

2.Бороздаламен суару әдісі - Қолдану шарттары: Әдетте бороздалармен суару кең қатарлы отамалы дақылдарды суару үшін (мақта егісі, жүгері, қант қызылшасы, картоп, көкөніс және жеміс-жидек, орман алқаптары), ал кейде дәнді дақылдары (себілген бороздалар) суару үшін де қолданылады.
Бороздаламен суару егістік мөлшері 0,02....0,03 шамасындағы учаскелерде жүргізіледі. Суды бороздалар бойымен олардың аяғына дейін өздігімен ағып баруын қамтамасыз ету үшін лоарды еңңістікке әр шамадағы бұрышпен тілуге болады.Суарудың бұл әдісін сорланған топырақтарда қолдануға болмайды, өйткені әрбір суарғаннан кейін бороздалар жотасына, ауыл шаруашылық дақылдарына зиян, еріген тұздар көтеріледі.
Бороздаладың классификациясы. Бороздалар өздерінің тереңдігіне қарай тайыз - 8...12см, орташа - 12....18см және терең- 18...22 см болып үшке бөлінеді, ал су ағызу жағдайына карай суды үздіксіз ағызып тұратын (су тлотырылмайтын) және доғал (сумен толтырылған); көрінісіне қарай - парабола, трапеция тәрізді; бермалы, террасты және саңылаулы бороздалар, ұзындығы жағынан - ұзын және қысқа бороздаларға бөлінеді.
Суару бороздаларын жерге орналастыру. Суару бороздаларын КОН-2,3; КОН-2,8;КОН-2,8-П; КРН-4,2 аспалы культиватор - қопсытқыштары арқылы тіледі.
Жоғарыда көрсетілген бороздалар өзінің көрінісіне қарай трапеция, немесе парабола тәрізді болады, лоардың түбінің ені 10см болып терендігі 12....22см болады және олардың баурай қатынасы 1:1 болады (12-а, сурет).
Суармалы көкөніс шаруашылығында көшет отырғызатын машиналамен сепкіштерді пайдалану үшін террасты бороздалар мен бермалы бороздаларды қолданады. Бұл бороздалады тілу үшін культиваторлаға қопсытқыштар орналастылады.
Сіңіру суару жұмыстарын ұйымдастырғанда сушылардың жұмыс өнімін арттыру үшін кейбір жағдайларда тереңдігі 35-40см саңылаулы-борздалар тілінеді.Оны тілу үшін арнаулы-саңылаулы-борозда жасаушылар қолданылады.
Сулану нұсқасының бірігу шарттарына сәйкес жеңіл топырақтар үшін бороздалардың білік аралыға 0,5....0,6м орташа топырақтар- 0.8....1,1 м болады.
Жалпы борозда аралық мөлшері өсімдіктердің қатар аралық еніне тең болады.
Доғал суару. Әдетте сумен толтырылған бороздалар еңісі аз және су сіңіру жылдамдығы аз топырақты учаскеледе қолданылады.Оларды горизонтальдарға параллельді, немесе оларға сүйір бұрыштап тіледі.Жалпы доғал бороздалардың сыйымдылығы судың суару нормасының тең көлем сыйпатындай болу керек болғандықтан, олар терең болуы керек.Егісті суарғанда бороздалардың бас жағы тереңдігінің 1/3-ге тең бөлігі және оның соңғы жағының 3/4-ке тең бөлігі сумен жылдам толтырылады.(әр бороздаға 2....4 л/с).Суарып болғаннан кейін бороздалардың суланған бетінде қыртыс қабат пайда болады.Сондай-ақ өте терең доғал бороздалар өсімдіктердің қатар аралықтарын трктормен кесе-көлденең баптау жұмыстарына кедергі келтіреді.
Доғал бороздалардың ұзындығын мына формула арқылы анықтайды:

бұнда:һ және һ-борозданың бас жағы мен соңындағы судың тереңдігі, әдетте олар 11....14 және 5....7см шамасында болды.
І-борозданың еңісі.
Еңістің мөлшері і-0,0005 болғанда бороздалардың ұзындығы 50...80м-ге тең деп саналып, ал ол і-0,001 болғанда 40....60м және еңіс і-0,002 болғанда борозданың ұзындығы 30....40 м-ге тең болады.
Суды үздіксіз ағызып тұратын (сумен толтырылмайтын) бороздаламен суару .Бұндай бороздалар шаршы-ұзлап және қатарлап себілген барлық отамалы дақылдарды бетіс, еңістігі і-0,002....0,02 мөлшеріндегі учаскелерді суару үшін кеңінен қолданылады. Тайыз және орташа бороздалар арқылы суару дақылдардың қатар аралықтарын баптауға және өнімді жинау жұмыстарын механикаландыруға кедергі жасамайды. Сондай-ақ бұндай бороздалармен суарғанда лоарға жіберілетін су мөлшері тұрақты және құбылмалы болады.Борозда соңындағы артық су төменге ағызылып жіберіледі. Бороздаларға жіберілетін су мөлшері тұрақты болған жағдайда су оның ұзындығының 85...90% тең бөлігіне жеткеннен кейін оған су жіберу тоқтатылады. Борозданың қалған бөлігі судың өздігінен ағып баруы арқылы дымқылданады. Бұл бороздалардың кемшілігі-олар біркелкі дымқылданбай, бас жағы мол, ал соңғы жағы аз дымқылданады.
Еңістің мөлшері үлкен және топырақ ауыр болған жағдайда су борозданың аяғына жеткенде топырақ қабаты толығынан дымқылданып үлгермейді, сондықтан артық су төменге ағызылып жіберіледі.
Төменге суды ағызбау, немесе оның мөлшерін кеміту үшін алғашқыда оған суды толығынан жіберіп, ол борозданың 2/3-ке тең ұзындығына жеткенде оның мөлшерін екі есе кемітеді.
Суару техникасының элементтеріне қойылатын талаптар. Суару техникасының элементтеріне бороздалардың ұзындығы мен оның көлденең кесіндісі, жұмсалатын су мен оны бороздаға жіберу мерзімі жатады.
Бұл элементтердің барлығы бірімен бірі байланысты және суару нормасын егіске және тереңдігі жағынан біркелкі таратып, суару жұмыстарының өнімді болуын қамтамасыз етуі керек.
Жалпы бороздалардың ұзын болғаны жөн, өйткені бұндай жағдайда суарушылар жұмысы өнімді болып, олардың астында қалатын жердің көлемі азаяды және өсімдіктердің қатар аралығын баптау жұмыстарын мехникаландыру жағдайы жақсарады.Бұл талаптарды орындау үшін учаскелердің бетін тегістеу керек және борозданың еңісі басынан аяғына қарай біркелкі кішірейе беруі керек. Бороздарға жіберілетін судың мөлшері мол және оны шайып кетпейтіндей болып, борозданың бойындағы топырақты біркеокі және керекті тереңдікке дымқылдандыратындай болғаны дұрыс. Бұл талапты орындау үшін бороздаларға жіберілетін судың мөлшерін суару мезгілінде реттеп отыру керек. Судың топыраққа сіңу жылдамдығы бірінші суарудан соңғы суаруға дейін кеми беретін болғандықтан, оған жіберілетін судың мөлшері де өзгеріп отыруы керек. Борозданың көлденең қимасы есептелген судың мөлшерін өткізе алатындай және ауыл шаруашылық жұмыстарын механикаландыруға кедергі болмайтындай болуы керек. Оған су жіберу кезеңі топырақтың суару нормасына тең су көлемін сіңіріп үлгеру қабілетіне сәйкес болуы қажет.
Суару техникасының элементтері шамамен талдау, немесе графикалық талдау есептерін жүргізу және арнаулы тәжірибелер жүргізу нәтижелері арқылы анықталады.
Суару техникасының элементтерін есептеу.Суару учаскесінің белгілі жағдайында борозданың көлденең қимасының нақтылы көлемі мен судың ағу жылдамдығы және оған жіберілетін судың мөлшері мен оның топыраққа сіңу мерзімі анықталады.
Есепту жұмыстарын жүргізу үшін мынадай алғашқы мәліметтері қабылдайды: борозданың тереңдігі-Н, оның түбінің ені-b=0,1м, баурай қатынасы =1...1.5, бұдырмақтылық коэффициенті n=0,05, бороздадағы су тереңдігі екі борозда аралығы (а), суару нормасының мөлшері (m),гектарына текшеметр есебімен (м3/га), судың бірінші сағат ішінде топыраққа сіңу жылдамдығы-w-м/с, судың топырақты шаймайтын ағу жылдамдығы Vp=0,1....0,2 м/с, жоспар арқылы суару учаскесінің енің-В, ұзындығы-L деп, және борозданың еңісін-(і) анықтайды.
Ал төменгі шамалар формулалар арқылы анықталады: борозданың нақтылы көлденең қимасының көлемі:

борозданың суланған периметрі
;
гидравликалық радиус

Павловскийдің жылдамдық коэффициенті

судың ағу жылдамдығы V=C
бұл жылдамдық V - дан кем болуы керек;
бороздаға жіберілетін су мөлшері

борозданың 1 метрге тең бөлігіне сіңетін судың көлемі

(құмды топырақтар үшін ал балшықты топырақтар үшін 2,5-ға тең болады)
борозда топырағына судың сіңуінің ұзақтығы
сағат;
бұнда: су сіңіру динамикасының көрсеткіші (а=04)
борозданың ұзындығы

борозданың есептелген ұзындығын суару учаскесінің ұзындығына сәйкес (L) еселеп жинақтайды.
Суару жұмыстарын дұрыстап ұйымдастыру үщін учаскенің ұзындына сәйкес оқ-арықтардың саны анықталады.

Суару учаскесіндегі барлық суару бороздаларының саны

Суару учаскесін тәулік бойы суарғанда бір мезгілде суарылатын бороздалардың саны

Суару учаскесіне жіберілетін судың мөлшері

бір мезгілде жұмыс істейтін оқ-арықтардың сыны

бұнда: Qв.б-оқ-арықпен жіберілетін судың мөлшері, м3/с әрбір оқ-арықта бір сушы жұмыс істейтінін еске ала отырып, әр сменада жұмыс істейтін сушылардың санын да анықтау керек.
Борозданың есептелген ұзындығының мөлшері арнаулы ұсыныстарда келтірілетін мөлшелермен салыстырылады.
Мысалы, Орта Азия жағдайлары үшін бороздалардың ұзындығымен оларға жіберілетін судың мөлшерін еңістікпен (і) топырақтың су сіңіруі әртүрлі болғанда 14-таблица арқылы қабылдауға болады.
Тегістелген еңістік мөлшері і-0,002-ден көбірек жерлерде және ыза судың деңгейі терең болған жағдайда жағдайда сумен толтырылмайтын бороздалдың ұзындығын 500 метрге дейін жеткізуге болады.Осының арқасында суару жұмыстарын механикаландыру жағдайы біраз жақсарып, сушылардың жұмыс өнімі артады.Бірақта суару бороздаларды өте ұзын болғанда суару нормасының мөлшері 1500м3/га дейін көбеіп кетеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   76




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет