Шекілдеуіктілер тобы: Шекілдеуіктілер тобына жататын дақылдар (алма, алмұрт, айва, шетен, мушмула, шетен, ырғай, долана) раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Бұл өсімдіктердің ішінде ең көп тарағаны үш дақыл – алма, алмұрт, беке. Бұлар жалпы жеміс-жидек өсімдіктері көлемінің 70% құрайды.
Сүйектілер тобы. Сүйекті дақылдарға шие, алхоры, өрік, шабдалы, жидек т.б жатады. ТМД елдерінде жеміс-жидек дақылдарының ішінде көлемі жағынан сүйекті дақылдар екінші орында. Орталық аймақта негізінен шие мен алхоры, ал оңтүстік аймақта өрік, шабдалы, қызыл шие, алхоры өседі. Бұл дақылдарды біріктіретін негізгі белгі – жемісінде сүйек-шырынды қабатының болуы. Жемісінің сақталуы мен тасымалдануы, шекілдеуіктілерге қарағанда нашар, дәмді, қайта өңделеді. Барлық сүйекті дақылдар раушан гүлділер тұқымдасына жатады. Шекілдеуіктілермен салыстырғанда өнімді ертерек береді, аздау өмір сүреді. Қазақстанда негізінен шие, алхоры, өрік, қызыл шие, шабдалы өседі. 1985 жылдың санағы бойынша Қазақстанда сүйектілер тобына жататын өсімдіктер 13,8 мың гектар жерді алса, 2002 жылы – 9,57 мың гектар болды. Яғни барлық жеміс-жидек дақылдары егістігінің 15,7%-ын алып жатыр.
Жидекті дақылдар тобы. Жидектіге жатады: бүлдірген, құлпынай, таңқурай, жүзім, қарақат т.б. Жеміс – жидек шаруашылығында жидектер тобына көпжылдық бұта, үнемі көгеріп тұратын өсімдіктер жатады. Олардың жемістері шырынды, дәмі тәтті болып келеді. Жемістері дәрі ретінде, жас кезінде жеуге және қайта өңдеуге пайдаланылады.
Жидек өсімдіктері суыққа төзімді, сондықтан бұл дақылдардың көптеген түрлері Қазақстанның орталық, батыс және солтүстік аймақтарында өсіріледі. Жеміс дақылдарына қарағанда, жидек өсімдіктерінің бір сортының өзін солтүстік аймақтарда, оңтүстік аймақтарда да өсіруге болады.
Жаңғақ жемістілер тобы. Жаңғақтыға жатады: түйежаңғақ, бадам, пекан, талшыл т.б. Жаңғақ өсімдіктері негізінен бұта тектес немесе үлкен ағаш түрінде өседі. Бұл дақылдардың басқа жеміс-жидек өсімдіктерінен айырмашылығы – жеуге дәні пайдаланылады. Олар әр түрлі тұқымдастарға, мысалы, пекан, грек жаңғағы –жаңғақтылар, орман жаңғағы –қайыңдылар, бадам – раушан гүлділер, атбас талшын – атбас талшындар, пісте –пістелер, талшын – шәмшәт тұқымдастарына жатады.
Талшыннан басқа жаңғақтар май мен белокка бай. Олардың тұқымында 70 %-ға дейін май, 8-21% белок болады. Талшынның тұқымында 34% крахмал және 17%-ға дейін қант болады. Жаңғақтардың дәндерінде, тұқымдарында А, В, Е, Р витаминдері, сондай –ақ, дәні піспеген жаңғақта С витамині өте көп болады.
Достарыңызбен бөлісу: |