Г. С. Шакирова «геоморфология және геология негіздері»


-ші лекция. Геоморфологиялық зерттеу әдістері және геоморфологиялық картографиялау



бет42/52
Дата30.11.2022
өлшемі297.09 Kb.
#466075
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52
«геоморфология ж не геология негіздері»

15-ші лекция. Геоморфологиялық зерттеу әдістері және геоморфологиялық картографиялау
Геоморфология ең алдымен далалық зерттеулердің деректеріне негізделеді. Дала жұмыстарымен бірге бедердің және оның даму тарихын зерттеп білу үшін әр түрлі әдістерді кеңінен қолданатын тыңғылықты өңдеу (камералық) жұмыстары да кіреді. Сонымен қатар, экспериментальдық геоморфологиялық талдаулар жөнінде де айтып кетуге болады. Олардың мақсаты табиғи геоморфологиялық процестерді дала жағдайында тұрақты зерттеу немесе оларды лабораториялық модельдеу.
Далалық геоморфологиялық зерттеулері негізінен ғылыми есепнама беру тақырыбымен бірге істелген жұмыстар нәтижелерінің маңызы болып табылатын геоморфологиялық карта жасау жұмысымен аяқталады.
Жұмыстың мақсатына байланысты жалпы және жеке геоморфологиялық зерттеулерді ажыратуға болады. Жалпы зерттеулер барлық геоморфологиялық объектілерді қамтиды. Олардың зерттеу мүддесі – бедерді кешенді түрде (морфографиясын, морфометриясын, жаралу, тегін, бедердің даму тарихын және динамикасын) сипаттау. Мұндай зерттеулер жалпы геоморфологиялық карта жасауымен аяқталады. Негізінен зерттеулердің бұл түрі жалпы геоморфологиялық түсірім сипатына жатады.
Геоморфологиялық зерттеу жұмыстары дайындық (подготовительный), далалық (полевой) және ғылыми өңдеу (камеральный) кезеңдеріне бөлінеді. Дайындық кезеңде белгіленген аймақ жөніндегі бұрын болып өткен (геологиялық және геоморфологиялық) зерттеулердің деректерімен танысып білу, арнайы картографиялық материалдармен бірге топографиялық карталарды және космосурет материалдарын мұқият зерттеу. Дайындық кезеңде алдын-ала жиналған материалдардың негізінде далалық зерттеу бағдарламасы құрылады, соның ішінде белгіленген маршруттардың нобайы, қазбалы орындарының шурфтары, бұрғылау орындарының орналасу сызба нұсқасы және басқа да, мысалы, геодезиялық жұмыстар енгізіледі.
Далалық зерттеу кезеңі геоморфологиялық экспедиция зерттеулерінің негізгі құрайтын бөлігі болып табылады. Осы кезеңде нақтылы деректерге (фактический материал) негізделген материалдарды жан-жақтан жинау, соның ішінде таужыныстарының үлгілерін жинақтау және олармен алдын ала өндеу шараларын жүргізу, зерттелініп жатқан аумақтың геоморфологиялық құрылысы туралы алғашқы тұжырымдар жасау жұмыстары жүзеге асырылады. Ақырында сол аймақтың далалық геоморфологиялық картасы жасалады.
Зерттеу мақсатына қарай және жасалатын картаның масштабына байланысты далалық жұмыстарды атқарған кезінде маршруттық зерттеулермен бірге кілттік әдіс (ключевый метод) немесе жалпы алаңдық түсірім (площадная съемка) әдістері қолданылады.
Кілттік әдісті қолданған кезінде сол аумақтың үлгісі болып саналатын ауқымы шамалы келген жеке бір аумақ ұқыпты тексеріліп және картаға түсіріледі. Содан кейін түсіру әдісін аумақтың қалған бөлікшелерінің барлығына қолданып жүргізіледі. Бұл кезде ірі масштабты топографиялық карталар әуесуреттер мен ғарышсуреттер кең қолданылады. Мұндай жағдайда кілттік аумақтар эталон ретінде рөл атқарады. Кілттік аумақтар арасындағы алаңдардың экстраполяциясының дұрыстығын бақылау мақсатында сол алаңдарда түсіру маршруттарының сиретілген торы жүргізіледі.
Ал, жалпы алаңдық зерттеулер ірі масштабты картографиялау кезінде жүргізіледі. Бұл жағдайда маршруттар азды-көпті болса да бүкіл аумаққа біркелкі таралады. Сонымен қатар, маршруттар мен зерттеу нүктелерінің торы едәуір жиі болғандықтан кілттік аумақтардың қажеттілігі болмайды. Әрине, маршруттық жұмыстарға қарағанда аландық зерттеулерге аса көп күш, қаражат және уақыт жұмсалады.
Ғылыми өндеу кезеңі - бұл дала жұмыстары кезінде барлық жинақталған деректі материадардың жан-жақты байланысын ой елегінен өткізіп, пайымдау және қорытынды шығару кезеңі. Ғылыми өндеу кезінде әр түрлі талдау жұмыстары: палинологиялық, минералогиялық, петрографиялық, микро және макро-фауналық, диатомдық, радиометриялық және даладан іріктеп алынған үлгілердің басқа да талдау жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар әуе және ғарышсуреттерді де қолданылады. Ғылыми өндеу кезеңінің соңында геоморфологиялық карта жасалады да ғылыми есеп тақырыптары жазылады. Ғылыми есеп – бұл нақтылы аумақтың геоморфологиялық зерттеу қорытындыларының жиынтығы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   52




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет