Ге дейін ағаш дайындалады. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн га м



бет1/3
Дата08.02.2024
өлшемі25 Kb.
#491409
  1   2   3
stud.kz-46712


Қазақстан ТМД елдері ішінде территориясы жағынан екінші орынды, халқы жағынан төртінші орын, ал орман қоры жағынан әрбір шаршы шақырымға шаққанда ең соңғы орындардың бірін алады.
Қазақстанда орман жердің 26,2 млн. га бөлігін алып жатыр, оның ішінде ағашты алқап – 12,4 млн. га. Орманнан жылына 2,0-2,4 млн. м3-ге дейін ағаш дайындалады. Ағаш халық шаруашылығының барлық саласында қолданылады деуге болады. Еліміз жылына 11 млн. га м3-ге жуық ағаш өнімдерін тұтынады. Орманнан ағаштан басқа да пайдалы өнімдер алынады. Қазақстан ормандары негізінен табиғат қорғау қызметін атқарады.
Қазақстан орман қорына бай болмағандықтан ағаш және ағаш өнімдерінің басым бөлігі шет елдерден (негізінен Ресейден) әкелінеді. Сондықтан елімізде орман қорын қорғау, молайту және тиімді пайдалану өте өзекті экологиялық, әлеуметтік-экономикалық мәселе.
Еліміздің орман байлығын қорғау оны тиімді пайдалану мен қорын қайтадан қалпына келтіріп отыруға тікелей байланысты. Бұл алдымен орман және ауыл шаруашылығының және табиғатпен байланысты басқа да өндірістердің тікелей міндеті. Орманның өскен жерінде ауа райын өзгертіп, өзен-көл суларын толықтырып отыратындығын, оны қорғаудың қажеттілігін арттырудың маңызы зор. Бұған қарамастан ағашты пайдаланбай тағы да отыра алмаймыз. Себебі қоғамға қажетті өндірістің көпшілігінің ағашсыз күні жоқ.
Осыған байланысты адам баласының алдында орманның табиғатқа жасайтын жағымды ықпалын бұзбайтындай етіп пайдалану міндеті тұр.
Орман қорын қорғаудың және тиімді пайдаланудың басты мәселесі оны ұдайы, үдемелі жаңғыртып отыру, әсіресе құнды ағаштардың қорын молайту. Орман қоры ұзақ мерзімде қалпына келетін табиғат ресурсы болғандықтан оны өсіру, қорғау ұзақ мерзімдік бағдарламалармен, жоспармен жүзеге асырылады.
Орман алқаптарының тіршілікте алатын орны айрықша. Құнарлы топырақ қабаты мен сапалы су көздерін қорғауда қамтамасыз ететін де, қолайлы климаттың қалыптасуына игі ықпал жасайтын да, тыныс алатын таза ауаны оттегімен жабдықтайтын да, экологиялық апаттардың зардабын бәсеңдететін де қалың орман.
Қазір жалпы республика аумағының 4,6 %-ын орман алқаптары алып жатыр. Оларда 384 млн. м3 ағаш қоры шоғырланған. Орман шаруашылығын негізінен, сапасы төмен ағаштар мен ағаш қалдықтары, тағамдық жабайы жеміс-жидектер мен саңырауқұлақтарды жинау және ертеректе ағаш өнімдерін өндіру мақсатында жаппай ұйымдастырылған шағын цехтар құраған. Төлем қабілеті төмендеген кәсіпорындар көбейіп, көлікпен тасымалдау, электр қуаты және басқа да шығындарды өтей алмай тығырыққа тірелген шаруашылық жаңа ғана нарық талабына бейімделіп келеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет