Гейзенбергтің анықталмаушылық принципі



Дата05.06.2023
өлшемі100.03 Kb.
#474693
Гейзенбергтің анықталмаушылық принципі2

Гейзенбергтің анықталмаушылық принципі

Орындаған:Абилдаев Мақсат ЖФИ-011.

Қабылдаған:Батырбекова Ақнұр.


Зат бөлшектерінің толқындық және корпускулалық екі жақты табиғаты – кез келген ұсақ бөлшектерді әрі жарықтың толқындық, әрі фотонның кванттық теориясымен сипаттауға мүмкіншілік береді. Олай болса көзге көрінбейтін микродүние ішіндегі бөлшектердің табиғатын зерттеу үшін классикалық физика ұғымдарын қолданудың мүмкіншілігі болар ма екен деген заңды сұрақ туады.
Классикалық механикада қолданылатын егер материалдық нүктенің белгілі бір траекториясы болады және егер уақытта оның координата мен импульсін анықтауға болады. Ал көзге көрінбейтін ұсақ бөлшектер болса, (микро бөлектер) өзінің толқындық қасиеті болу себебінен класикалық бөлшектерден ерекше айырмашылығы болады. Микробөлшектердің негізгі айырмашылығы олардың траекториясы болмайды. Сондықтан да бір мезгілде бөлшектің координатамен импульсін дәл өлшеудің мүмкіншілігі жоқ.
Олай болса микробөлшектерді макробөлшектерге тән физикалық шамалармен тек жуықтап қана сипаттауға болады. Осы пікірге байланысты толқындық механикада мынадай принцип бар: Электронның немесе (протонның) егер ұсақ бөлшектің орнын және импульсін бір мезгілде дәл өлшеуге болмайды немесе бөлшектің координаталарын және жылдамдықтарын бір мезгілде дәл өлшеу мүмкін емес. ∆X ∆PX ≥h/2π немесе m∆υX = ∆PX
∆X ∆PX ≥h/2π → h/2π = h (х координата бойынша)
∆y ∆Py ≥ h ( у координата бойынша)
∆z ∆Pz ≥ h (z координата бойынша)
Осы теңсіздіктерді Гейзенбергтің анықталмаушылық теңсіздіктері д.а. Осы қатынастардың физикалық мағынасын түсіндірейік.
Егер де координата мәні яғни, ∆Х мәні дәл өлшенсе онда импульсің белгілі бір мәні болмайды. Себебі ∆PX = һ/∆Х → ∞, ал ал импульстің мәні дәл өлшенсе онда координаталардың белгілі бір мәні болмайды, себебі: онда
∆Х → ∞. Сөйтіп, ғылыми материалистік тұрғыдан қарағанда траекторияның, координатық жылдамдықтарының белгілі бір шектері бар болатындықтан олар материяның ерекше қасиеттерін сипаттай алмайды.
Гейзенбергтің анықталмаушылық теңсіздіктегі Планк тұрақтысы өте аз шама болғандықтан координаттар мен жылдамдықтардың анықталмаушылығы тек элементар бөлшектерде ғана анық білінеді де , ірі бөлшектерде байқалмайды. Аргон ішіндегі электонның орны мен жылдамдығын бір мезгілде дәл анықтауға блмаған мен оның атом ішінде берілген нүктеде болу ықтималдығын анықтауға болады. Осы ықтималдық берілген нүктеде электр зарядының ұзақ уақыттағы орташа тығыздығын сипаттайды. Электрон бір ортада неғұрлым жиі болып тұрса оның заряды көп болады да , ал сирек болған орынның заряды аз болады. Сондайақ кванттық теорияның негізінде уақытпен энергияның анықталмаушылық қатынастары қарастырылады. ∆E∆t ≥ h

Назарларыңызға рахмет!!!!!!



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет