Гендерлік теңсіздік
Бүгін біздің заманымыздағы гендерлік теңсіздік туралы сөйлесейік.
Алдымен, гендерлік теңсіздік – бұл жалпы қоғамның негіздері мен стереотиптері бойынша қалыптасқан теңсіздік екенін айтып өтсек. Төмендегі мысалдар арқылы бұл мәселе қоғамның әртүрлі саласын күрделендіретінін байқауға болады:
Жалақы. Жалпы алғанда, әйеледер ер адамдармен бірдей қызметті атқара отыра да жалақы теңсіздігіне тап болуы мүмкін.
Білім алу және дауыс беру құқығы. Бірқатар елдерде әлі де әйелдердің білім алуы, сайлау процестері мен саясаттағы дауыс беру құқығы ерлерге қарағанда шектеулі болуы мүмкін.
Үй міндеттері. Үй міндеттерінің көп бөлігі әйелдер тарапына жүктеледі, бұл кәсіби өсу мен дамуға кедергі болуы мүмкін.
«Шыны төбесі». Ұйымдар мен мекемелерде әйелдердің жоғары лауазымдарға көтерілуін қиындататын кедергілер.
Қатаң гендерлік рөлдер. Ер мен әйел адамдардың өзін қалай ұстау, қандай болу керектігі жайлы стереотиптер тұлғаның өзіндік таңдауын, мүмкіндіктері мен қалауын шектеуі мүмкін.
Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық. Әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық пен қудалау мәселесі аса назар мен әрекетті қажет ететін маңызды мәселе болып қалуда.
Өткен ғасырдың басында, Клара Цеткин Халықаралық әйелдер күнін қалады. Ерекше күн аясында әйелдер жыл сайын митингілер өткізіп, қоғамның назарын өз мәселелеріне аудартты. Олар өз құқықтары мен сөз бостандығы үшін тынымсыз күресіп, талай мақсатқа қол жеткізе алды! Осылайша, қазір біз де 8 наурызды атап өтеміз. Еліміздегі әйелдер қауымының да жетістіктерін ұмытпағаймыз. Мәселен, қазір Қазақстанда IT және бизнес салаларындағы әйелдердің ғылыми жобалары мен білімін шыңдау бойынша курсы жүріп жатыр, зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бойынша заң жобалары әзірленіп, енгізілуде, қыздарға көмек көрсету бойынша түрлі әлеуметтік жобалар құрылуда - бұл қуантады!
8 Наурыз мерекесі - бүкіл әйел қауымының өз құқықтары үшін күресінің символы. Бірақ гендерлік теңсіздік мәселелерін тек осы күні ғана емес, жылдың кез келген мезгілінде көтеру маңызды.
Достарыңызбен бөлісу: |