Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі «Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» № 574 қаулысымен бекітілген «Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және
картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті
лицензиялау ережесі» және «Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті
лицензиялауға қойылатын біліктілік талаптарына» сәйкес құжаттар мен мәліметтердің болуы:
1) заңды тұлға үшін - жарғы және өтініш берушінің заңды
тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
2) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат;
дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде
мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
3) өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы
куәлік;
Біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар:
1) зауыттық нөмірлерді көрсете отырып аспаптар, жабдықтар,
құрал-саймандар жиынтықтарының болуы туралы жалға алу шарты
немесе теңгерім үзіндісі немесе аспаптар, жабдықтар,
құрал-саймандар жиынтығы бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге
арналған шарты;
2) деректерді өңдеуге арналған меншікті бағдарламалық кешенге
оны жалға алу шарты немесе авторлық куәлік немесе деректерді өңдеуге арналған бағдарламалық кешені бар ұйыммен жасалған қызмет көрсетуге арналған шарты;
3) Қазақстан Республикасының аумағында өлшем құралдары болып
табылатын аспаптар мен құрал-саймандарды түгендеу туралы
сертификаттар;
4) өлшемдер құралдарының мемлекеттік тізілімінде тіркелген және
Қазақстан Республикасында қолдануға жіберілген аспаптардың,
жабдықтар мен бағдарламалық өнімдер сертификаттары;
5) тиісті салада жұмыс өтілін растайтын еңбек кітапшалары
немесе еңбек шарттары;
6) жерге орналастыру, геодезия және картография саласында жоғары
немесе орта арнайы білімі туралы дипломдар.
Топография-геодезиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) топография-геодезиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік
беретін аспаптардың, жабдықтар мен құрал-саймандардың меншікті
немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете
отырып аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандардың жиынтығы бар
ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
2) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған
бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар
ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
3) аспаптардың, жабдықтардың, құрал-саймандар мен
бағдарламалық өнімдердің жиынтығын метрологиялық қамтамасыз етудің;
4) заңды тұлғалар үшін:
штатында геодезия және картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл өтілі бар кемінде екі маманның;
жеке тұлғаларда:
геодезия және картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуын қамтиды.
Картографиялық жұмыстарды жүргізуге байланысты қызметті
лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптары:
1) картографиялық жұмыстарды орындауға мүмкіндік беретін
аспаптардың, жабдықтардың меншікті немесе жалға алынған жиынтығының не зауыттық нөмірлерін көрсете отырып аспаптардың, жабдықтардың жиынтығы бар ұйыммен қызмет көрсетуге арналған шарттың;
2) деректерді өңдеу үшін меншікті немесе жалға алынған
бағдарламалық кешендердің не бағдарламалық қамтамасыз етілуі бар
ұйыммен қызметтер көрсетуге арналған шарттың;
3) аспаптардың, жабдықтар мен бағдарламалық өнімдердің
жиынтығын метрологиялық қамтамасыз етудің;
4) заңды тұлғаларда:
штатында картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімі және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілі бар кемінде екі маманның;
жеке тұлғаларда:
картография саласында жоғары немесе орта арнайы білімінің
және осы салада кемінде үш жыл жұмыс өтілінің болуын қамтиды
|