Дәріс №10
Бұрыштық өлшеулер
Жоспар
Горизонталь жене вертикаль бұрыштарды өлшеу
Теодолиттің құрылысы.
Теодолиттің түрлері.
Горизонталь жене вертикаль бұрыштарды өлшеу геодезия мен ең жиі жүргізілетін жұмыстарға жатады. 5.1-суретте А, В нүктелері жер бетінде әр түрлі биіктікте орналасқан. Олардың горизонталь жазықтықтарының проекциялары - а және b. Кеңістіктегі АОВ горизонталь бұрышты өлшеу дегеніміз сол бұрыш қабырғалары ОА және ОВ проекцияларының (оа және оb) арасындағы β бұрышын өлшеу болып табылады. Демек, аоb бұрышы -АОВ бұрышының жазықтықтағы проекциясы. Горизонталь aob бұрышын К' горизонталь дөңгелегі бойынша өлшеуге болады. К' дөңгелегі градустың шкалаларға бөлінген, ал центрі P1 және Р2 тік жазықтықтарының қиылысу сызығы - ОО' арқылы өтеді. Дөңгелектің Р1 және Р2 жазықтықтармен қиылысу нүктелері а' және Ь' арқылы екі есеп алып, олардың айырмашылығын тапсақ, ол өлшенетін горизонталь бұрышқа немесе aob= β мәніне тең болады.
5.1-сурет. Бұрыш өлшеудің схемасы
Бұрыштарды өлшейтін аспап құрылысында лимб деп аталатын, градустың бөліктері бар, горизонталь дөңгелек және жылжымалы визирлік вертикаль жазык,тың болуы тиіс. Егер дөңгелектегі бөлшек цифрлары сағат тілінің айналу бағытымен белгіленсе, β бұрышы лимбпен алынған екі есептің (а' және Ь') айырмасына тең болады, яғни β =а'-Ь'.
Вертикаль бұрыштарды сызықтардың горизонталь проекцияларынан жердегі сызықтардың багыттарына дейін есептегенде, v1 және v2 көлбеу бұрыштары анықталады. Вертикаль бұрыштарды градустыұ шкалаларға бөлінген вертикаль дөңгелек арқылы өлшеуге болады. Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу үшін қолданылатын, құрылысында екі жазықтық (дөңгелек) бар аспап теодолит деп аталады.
Достарыңызбен бөлісу: |