Геодезияның ғылыми анықтамасы және негізгі міндеттері Жоспар


Теодолиттік жүрістерді геодезиялық тірек тораптары пункттеріне байланыстыру



бет41/51
Дата02.01.2022
өлшемі0.78 Mb.
#452967
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51
Геодезия пәнінен дәрістер

Теодолиттік жүрістерді геодезиялық тірек тораптары пункттеріне байланыстыру

Теодолиттік жүріс нүктелерінің (пункттерінің) координаталарын мемлекеттік бір жүйеде анықтау және өлшеу нәтижелерін тексеру үшін, оларды геодезиялық тірек пункттерімен байланыстыру қажет. Яғни, олардың координаталарын геодезиялық пункттерінің координаталары арқылы анықтау керек.

Теодолиттік жүрістерге кіргізілген В және С тірек пункттерін негізгі пункттер деп атайды (7.1, а-сурет). Себебі, олардың координаталары (X, У жәңе АВ, CD), қабырғаларының аав, асд дирекциялық бұрыштары белгілі. Байланыстыру кезінде бастапқы 1) және ақырғы қабысу бұрыштары 2) өлшенеді.

Ал тұйық теодолиттік жүрістерде (7.2, а-сурет) бай­ланыстыру кезінде полигонға тек бір-ақ тірек пункті кіргізілсе жеткілікті. Бұл жағдайда бастапқы 1 А) кабысу бұрышы өлшенеді.

Егерде теодолиттік жүріс геодезиялық тірек торабы пункттерінен қашықтықта орналасса, онда қосымша теодолиттік жүрістер не геодезиялық тура және кері қиылыстырулар арқылы байланыстырылады. Мысалы, теодолиттік жүрістің маңайында екі тірек пункті бар және сол екі пункттен полигонның бірак, нүктесі жақсы көрінсін (7.2, ә-сурет). Бұл жағдайда байланыстыру тура геодезиялық қиылысу тәсілімен жүзеге асады, яғни негізгі А жене В пункттерінен βА, βв жазық бұрыштары және полигонның 1-пунктінде φ1 φ2 қабысу бұрыштары өлшенеді.



7.2-сурет. Теодолиттік жүрістерді байланыстыру

Егерде анықталатын 1-пункттен геодезиялық тірек тораптарының 3-пункті көрініп тұрса (7.2, б-сурет), онда теодолиттік жүріс кері геодезиялың қиылыстыру тәсілімен байланыстырылады, яғни 1-нүктеде тұрып, тео­долит арқылы а, β бұрыштары өлшенеді.




Бақылау сұрақтары

1.Теодолиттік түсірістің маңызы неде?

2.Теодолиттік түсірісті қандай аспаптың көмегімен жүргізеді?

3. Теодолиттік жүрістердің түрлері?

4. Теодолиттік жүрістерді байланыстыру?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   51




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет