Геоэкономиканың мақсаттары мен міндеттері



Дата10.04.2023
өлшемі17.87 Kb.
#472002
4 Мәтін


Америка Құрама Штаттарында геоэкономиканың негізін қалаушы - американдық тарихшы, халықаралық қатынастар және әскери жанжалдар мен стратегиялардың тарихы саласындағы маман Эдвард Люттвак. Люттвак экономикалық геосаясатты бәсекелесе отырып, экономикалық бәсекелестікті жеңуге бағытталған саясат ретінде геоэкономиканың сыртқы саяси мақсаттарына қол жеткізу үшін әскери күштерді қолдануға ерекше назар аударады.
Геоэкономиканың мақсаттары мен міндеттері:
• климаттық және ландшафттық ерекшеліктердің шаруашылық қызметтің формалары мен заңдылықтарының әсерін;
• халықаралық күштік әскери-саяси бәсекелестікті экономикалық бәсекелістікке ауысуын;
• жаһандану жағдайында мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін арттыру стратегиялары мен саясаттарын;
• еңбек бөлінісінің жаңа типологиясын;
• халықаралық қатынастар саласындағы саясат пен экономиканы біріктіруін зерттеу.
Геоэкономика - мемлекеттік стратегиялық дамуды, экономикалық жолмен әлемдік және аймақтық күштердің артықшылығын реттейтін ғылым. Геоэкономика – жаһандану мен аймақтану факторының әсерінен қалыптасқан заманауи геосаясат ретінде қарастырылады. Геоэкномиканың негізгі категорияларына:
Экономика;
Кеңістік;
Стратегия;
Үстемдік.
Экономика - материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтыну үрдісі кезінде адамдар арасында пайда болатын өндірістік қатынастар.
Экономикалық кеңістік - көптеген объектілер мен байланыстар бар; елді мекендер, өнеркәсіптік кәсіпорындар, экономикалық жағынан игерілген және рекреациялық аймақтар, көлік және инженерлік желілер және т.б. дамыған аумақ.
Экономикалық стратегия - үкіметтің, аймақтар әкімшіліктерінің, кәсіпорындар фирмалар басшыларының өндіріс, бюджеттің кірісі мен шығысы салықтар, күрделі жұмсалымдар, баға, әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша үзақ мерзімді қағидаттық нұсқаулары, жоспарлары ниеттері; басшылық өнері; дамудың белгілі бір кезеңінде қалыптасқан өмір шындығын басшылыққа ала отырып, осы жұмысты жүргізудің жалпы жоспары.
Үстемдік — бір субъекттің екінші субъекттен басымдылық ету жағдайы.
Экономикалық география – қоғамның экономикалық өмірінің аймақтық ұйымдастырылуын зерттейтін қоғамдық географиялық ғылым.
Экономикалық география жалпы, дүниежүзілік шаруашылық, аймақтық экономикалық және салалық болып бірнеше топқа бөлінеді. (өнеркәсіп географиясы, ауыл шаруашылық, транспорт, қызмет көрсету ж.т.б.)

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет