Геологияның парадигмалары ретінде



бет1/24
Дата05.12.2022
өлшемі257.5 Kb.
#466485
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24
лек 3


3. ГЕОТЕКТОНИКАЛЫҚ ТҰЖЫРЫМДАМАЛАР
ГЕОЛОГИЯНЫҢ ПАРАДИГМАЛАРЫ РЕТІНДЕ
3.1. Геосинклиндер туралы ілімгеология ғылымының
тұңғыш парадигмасы ретінде
Геосинклиндер терминін 1873 жылы алғаш рет
американдық ғалым Д.Дана (Дэна) ғылыми айналысқа ұсынған
болатын, алайда кейінірек «геосинклиндік тұжырымдама»
(тұжырымдама – концепция) деген атауды иеленген бұл
түсініктің жалпылама идеясы ХІХ ғасырдың 30 жылдарында
айтыла бастаған.
Геосинклин – үш грек сөзінің жиынтығынан құралған
термин, олар – «гео» – Жер, «син» – тұтасымен жəне «клино» –
еңкейтемін деген сөздер. Геосинклиндер – жер қыртысының
ұзынынан-ұзақ созыла сағаланатын, кейде қомақты доғаларды
еске салатын біршама ауқымды аймақтары. Мұндай аймақтар
тектоникалық қозғалыстардың қарқынды сипат алуымен,
соның салдарынан мейлінше қозғалмалы сипатты иеленуімен,
геодинамикалық кернеу көрсеткіштерінің жоғары дəрежесімен,
өз өңіріне жинақталған түзілімдер қатқабатының тым қалың
болуымен (10-25 км-ге дейін жетеді деп есептелінеді),
жербедерінің кедірлі-бұдырлы болуымен, жер қыртысы
қабатының жоғарғы мантия заттарын кіріктіру дəрежесінің
мейлінше жоғары көрсеткіштерімен, магматизм жəне
метаморфизм процестерінің айырықша рөлімен ерекшеленеді.
«Геосинклиндер» деген түсінікті «қозғалмалы тектоникалық
құрылымдар» деген түсінікпен алмастыруға болады, сондықтан
да «геосинклиндер» түсінігі əуел бастан-ақ «платформалар» деп
аталатын тектоникалық тұрғыдан өте салғырт та марғау
қозғалыстармен сипатталатын тектоникалық құрылымдарға
қарама-қарсы қойылуы нəтижесінде оқшауланған (жер
қыртысына тиесілі тектоникалық құрылымдарды екі бөлікке –
платформаларға жəне геосинклиндерге – бөліп қарай отырып,
олардың геологиялық даму процесі бір-бірінен айтарлықтай
Геотектоника жəне геодинамика
47
айырмашылықтармен сипатталатындығын алғаш дəйектеген»
геосинклиндік тұжырымдама авторы Д.Дана (Дэна) болатын.
Платформа – «геосинклин» түсінігіне қарама-қарсы
мағынада қолданылатын, яғни оған қарағанда əлдеқайда
салғырт тектоникалық режиммен сипатталатын,
континенттер ауқымында ұшырасатын, жер қыртысының
басты құрылымдық элементтерінің бірі (екінші басты
құрылымдық элемент – геосинклиндер). Платформаға тиесілі
жер қыртысының көлденең қимасы бір-бірінен анық
ерекшеленетін екі бөліктен тұрады. Қиманың төменгі бөлігі
«кристалдық іргетас» деп аталады, ол өте күрделі түрде
қатпарланған, жыртылыстармен тілгіленген, интрузиялық
массивтерді де көптеп кіріктірген, көбінесе метаморфтық
өзгерістерге ұшыраған алуан түрлі таужыныстар жиынтығынан
тұрады. Қиманың жоғарғы бөлігі «платформалық тыс» деп
аталады, ол бір-бірімен көлбеу (горизонталь) бағытта астасқан,
яғни мүлдем қатпарланбаған немесе азын-аулақ дəрежеде ғана
еңістенген шөгінді таужыныстардан тұрады. Платформалық
тыс қабатында сирегірек жанартаутекті (эффузиялық)
таужыныстар да ұшырасуы мүмкін, бұлар «траптар» деген
атауға ие. Шөгінді тыс қалыңдығы ондаған-жүздеген м-ден
ондаған км-ге дейін жетуі мүмкін.
Платформа қимасында шөгінді тыс қабаты болмаған
жағдайда, яғни кристалдық іргетас жер бетінде ашылған
жағдайда мұндай платформа бөліктері «қалқан» деп аталады.
Ал платформа қимасында жоғарыда аталған екі қабаттың екеуі
де болған жағдайда, яғни кристалдық іргетас қабаты
платформалық тыс қабатымен көмкеріліп жатқан жағдайда
платформаның мұндай бөлігін «тақта» деген атауға ие.
Тақталар, өз кезегінде «антеклизалар» мен «синеклизаларға»
жіктеледі.
«Геосинклиндер туралы ілім» қағидаларына сəйкес,
геосинклиннің қалыптасу процесі бір-біріне жалғаса өрбитін
төрт сатыдан тұрады.
1. Нақты геосинклиндік саты тектоникалық тұрғыдан
бұрынғы салғырт аймақтардың (платформалардың) белгілі бір
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
48
бөлігі қарқынды тектоникалық қозғалыстарға ұшырай
бастайды, мұның нəтижесінде болашақ геосинклин өңірі төмен
қарай ойыса бастайды; ойысу нəтижесінде тереңсулы алаптар
(теңіздер, тіпті мұхиттар) қалыптасады, осы алаптар түбінде
шөгінді жəне жанартаутекті (эффузиялық) таужыныстардың
қалың-қалың қатқабаттары түзіледі.
2. Инверсиялық саты өткен даму сатысы барысында түзіліп
үлгерген таужыныс қатқабаттарының қатпарлана бастауымен,
мұның нəтижесінде су алаптарының бірте-бірте саяздана
бастауымен (алап түбінің жоғары көтерілуімен) сипатталады.
Бұл даму сатысы барысында да шөгінділердің түзілу процесі
мен жанартаулар əрекеті жалғаса береді, сөйтіп «жабылып келе
жатқан» (саязданып келе жатқан) су алабы ауқымында жəне
оның жағалауларында арнаулы геологиялық формациялар
қалыптасатын болады.
3. Орогендік саты барысында болашақ геосинклин өңірі
өзінің жоғары көтерілуін жалғастырады, яғни қалыптасып
үлгерген таужыныс қабаттарының (геологиялық формациялар
жиынтығының) қатпарлану процесі өзінің шарықтау шегіне
жетеді. Мұның нəтижесінде бұрынғы су алабы ауқымында биік-
биік тау жоталары қалыптасады. Тауаралық ойыстарда
«молассалар» деп аталатын арнаулы геологиялық формация
түрлері түзіледі. Қалыптасқан тау жоталарының тереңдіктеріне
ірі-ірі гранит интрузиялары (батолиттер) кірігетін болады.
4. Платформалық саты барысында геосинклин өңірінің
тектоникалық белсенділігі мүлдем саябырлайды, мұның
нəтижесінде қатпарлану нəтижесінде жүзеге асқан таужаралу
процесі мүлдем тоқталып, орогендік саты барысында
қалыптасып үлгерген тау жоталары жаппай морылуға ұшырай
бастайды. Таулардың морылуы (мұжылуы) нəтижесінде
аласаруы оның «өсу» процесінен əлдеқайда қарқынды сипат
алады, мұның нəтижесінде геосинклин өңірінің беті біршама
тегістеледі жəне де бұл процесс бұрынғы тау жүйелерінің
«тамырлары» жер бетіне шығып қалуымен орайлас өтеді
(изостазиялық тепе-теңдіктің сақталу заңдылығына сəйкес)
(3.1-суретке қараңыз). Енді қарқынды қозғалыстармен
Геотектоника жəне геодинамика
49
сипатталған жəне сол қозғалыстар нəтижесінде қалыптасқан
геосинклин деп аталатын тектоникалық құрылым өте салғырт та
марғау қозғалыстармен сипатталатын платформаларға
ауысады. Құрылымның болашақ даму тарихы платформалық
режим жағдайында өтетін болады.
3.1-сурет. Жер бетінің бедеріне изостазияның тигізер əсері: жоғарыда
изостазияның Дж.Эри (а) мен Дж.Пратту (б) ұсынған модельдері,
төменде – С.Л.Бекк ж.б. (1996) бойынша таулы жербедердің Орталық
Анд тауларындағы жер қыртысы табанына тұп-тура сəйкес келуі
(В.Е.Хаин мен М.Г. Ломизенің «Геотектоника с основами
геодинамики» оқулығынан алынды. Москва, 2005).
Шартты белгілер: 1 – жер бетінің бедері; 2-3 – жер қыртысы
табанының деңгейі: Зри моделіне сəйкес жобаланған (2) жəне
сейсмикалық əдіс көмегімен анықталған (3).
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
50
Геосинклиндердің жоғарыда келтірілген даму сатыларын
баяндаудан ұғатынымыз геосинклиндік процесс
платформаларда басталып, өзінің дамуы нəтижесінде қайтадан
платформаларға айналатындығы. Алайда геосинклиндік
процесс нəтижесінде тұрақтанған, яғни өзінің қарқынды
қозғалыстарын тоқтатып, мейлінше марғау да салғырт күйге
ауысқан кез келген тектоникалық құрылым «платформа» деп
аталмайтындығын қатты ескерген жөн. Геологиядағы осы бір
екіұштылық əдейі түсіндіріп өтуді қажет етеді.
Геосинклиндік процесс соңғы протерозойдың рифей
кезеңіне дейінгі эраларда, яғни архей, алғашқы жəне ортаңғы
протерозой эраларында өзінің қарқынды геосинклиндік даму
процесін тəмамдап, кейінгі эраларда (палеозой, мезозой жəне
кайнозой эраларында) марғау да салғырт қозғалатын
(тұрақтанған) тектоникалық құрылымға айналған жағдайда
ғана мұндай құрылым шын мəніндегі «платформа» немесе
«кратон» деп аталады. Ал егер геосинклиндік даму процесінің
аяқталу сəті, яғни тұрақтануы соңғы эралардың (соңғы
протерозойдың, яғни рифейдің, палеозойдың, мезозойдың жəне
кайнозойдың) əртүрлі кезеңдеріне сəйкес келген жағдайда
ондай құрылымдар алуан түрлі қатпарлы құрылымдар
жиынтығын құрайтын болады. Мұндай қатпарлы
құрылымдардың ауданы жағынан шын мəніндегі
платформалармен салыстыруға болатындарын «қатпарлы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   24




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет