Геометрия 10 сынып бжб



Дата19.10.2023
өлшемі12.87 Kb.
#481099
Геометрия 10 сынып БЖБ


Геометрия 10 сынып БЖБ.1
1-нұсқа
1.Жазықтықтан кез келген А, В, С нүктелері алынған. D нүктесі жазықтықтан тыс жатыр. АВСD төртбұрышы трапеция бола ма?
2. a және b түзулері өзара параллель. a және b түзулері тиісті жазықтықта жататын және осы түзулерге параллель болатын с түзуін жүргізуге бола ма? Есептің қанша шешімі болады?
3. a және b түзулері – айқас. b түзуімен қиылысатын с түзуі а түзуіне параллель. а түзуі b мен с түзулері жататын жазықтыққа қарағанда қалай орналасқан?

2-нұсқа
1.Параллелограмның екі төбесі және диагональдарының қиылысу нүктесі α жазықтығында жатыр. Оның қалған екі төбесі де α жазықтығында жатады деген ұйғарым дұрыс па?


2. Кеңістікте параллель екі түзу және оларда жатпайтын нүкте берілген. Бұл нүкте осы түзулердің жазықтығында жата ма?
3. a және b түзулері айқас орналасқан. a түзуі α жазықтығына параллель. b түзуі мен α жазықтығынның орналасуының барлық жағдайларын көрсет.

3-нұсқа
1.Шеңбердің екі диаметрі бір жазықтықта жататындығы дұрыс ұйғарым ба?


2.a, b, c түзулері параллель орналасқан. Бұл түзулер бір жазықтықта жатады деуге бола ма?
3.а түзуі α жазықтығына параллель. b түзуі α жазықтығында жатыр. a және b түзулері қалай орналасуы мүмкін?

4-нұсқа
1.Параллелограмның үш төбесі α жазықтығында жатыр. Оның төртінші төбесі де α жазықтығында жатады деуге бола ма?


2.Планиметрияда параллель екі түзудің бірін қиятын түзу олардың екіншісін де қиып өтетіні белгілі. Бұл тұжырым кеңістік үшін де дұрыс па?
3. m және n түзулері айқас орналасқан. m түзуі α жазықтығына параллель. n түзуі мен α жазықтығынның орналасуының барлық жағдайларын көрсет.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет