Геометрия пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған тест спецификациясы



Дата16.06.2016
өлшемі79.47 Kb.
#138569
ҰТО» РМҚК

2015 жылғы ___________

№_____бұйрығымен бекітілді
Геометрия пәні бойынша Талапкерлерді кешенді тестілеуге арналған

тест спецификациясы

(2016 жылдан бастап Талапкерлерді кешенді тестілеуге қолдану үшін бекітілген)

Бұл құжат орта білім берудегі жалпыға міндетті білім беру стандартының негізінде, жалпы білім беретін пәндердің оқу бағдарламасына сай әзірленген. ҚР Білім және ғылым министрлігімен, Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен келісілді. Ұлттық тестілеу орталығының жанындағы Ғылыми-әдістемелік кеңестің отырысында талқыланды.

Мақсаты: ҚР жоғары оқу орындарына қабылдау үшін өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының бітірушілерінің, ҰБТ-ға қатыса алмаған жалпы білім беретін мектептердің бітірушілерінің, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілерінің, республикалық музыка мектеп-интернаттарының түлектерінің және оқу орнын шетелде бітірген тұлғалардың геометрия пәні бойынша дайындық деңгейін анықтау.

Тест мазмұны: Тест тапсырмаларының қиындығы 3 деңгейде беріледі: бірінші деңгейде - 12, екінші деңгейде – 8, үшінші деңгейде – 5 тапсырма.

Тест жалпы білім беретін мектептерге арналған оқу бағдарламасына сәйкес геометрия пәні бойынша оқу материалдарынан тұрады.





Бөлім



Тақырып



Тақырыпша

01

Планиметрия

01

Үшбұрыштар: үшбұрыштардың түрлері, қабырғалар мен бұрыштардың арасындағы қатыстар, сыртқы бұрыш, теңдік және ұқсастық, тамаша нүктелер

01

Үшбұрыш. Биіктік, медиана, биссектриса, үшбұрыштың тамаша нүктелері

02

Теңқабырғалы үшбұрыш

03

Теңбүйірлі үшбұрыш

04

Тікбұрышы үшбұрыш







05

Үшбұрыштардың ұқсастығы, үшбұрыштардың теңдігі, үшбұрыштың элементтерін табу

06

Үшбұрыштарға берілген аралас есептер

02

Төртбұрыштар: параллелограмм, тіктөртбұрыш, ромб, квадрат, трапеция

01

Параллелограмм, оның қасиеттері

02

Тіктөртбұрыш, оның қасиеттері

03

Ромб, оның қасиеттері

04

Квадрат, оның қасиеттері

05

Трапеция және оның қасиеттері

06

Төртбұрыштарға берілген аралас есептер

03

Шеңбер: центр, хорда, диаметр және радиус.Іштей сызылған бұрыш. Центрлік бұрыш. Шеңбердің ұзындығы және доғаның ұзындығы

01

Шеңбердің элементтерін табуға берілген есептер

02

Шеңберге іштей сызылған бұрыштарға берілген есептер. Центрлік бұрыш.

03

Шеңбер ұзындығы, доғаның және хорданың ұзындығы

04

Формулаларды қолдануға берілген аралас есептер

04

Аудандарды есептеу: үшбұрыштың, тіктөртбұрыштың , параллелограмның, ромбтың, квадраттың, трапецияның. Дөңгелектің, сектордың және сегменттің аудандары

01

Тікбұрышы үшбұрыштың ауданы

02

Теңқабырғалы үшбұрыштың ауданы

03

Кез келген үшбұрыштың ауданы

04

Төртбұрыштардың аудандары.

05

Формулаларды қолдануға берілген аралас есептер

06

Дөңгелектің және оның бөліктерінің аудандары.

07

Дөңгелектің ауданына және жазық фигуралардың аудандарына берілген аралас есептер

05

Дөңес көпбұрыштар. Дұрыс көпбұрыштар

01

Дөңес көпбұрыштар. Дұрыс көпбұрыштар

02

Шеңберге іштей және сырттай сызылған көпбұрыштар







03

Аралас есептер

06

Теоремаларды қолдану: Пифагор, косинустар, синустар теоремалары

01

Пифагор теоремасымен шығарылатын есептер

02

Синустар теоремасымен шығарылатын есептер

03

Косинустар теоремасымен шығарылатын есептер

04

Аралас есептер

07

Векторларға амалдар қолдану

01

Векторларды қосу және азайту, вектордың ұзындығы, вектордың координаттары

02

Векторды санға көбейту, векторлардың коллинеарлығы

08

Векторлардың скаляр көбейтіндісі

01

Векторлар арсындағы бұрыш және оның косинусын есептеу

02

Векторлардың скаляр көбейтіндісі

03

Аралас есептер







09

Планиметрия есептерінде векторларды және координаттар әдісін қолдану

01

Векторларды планиметрия есептерінде қолдану.Кесідінің ұзындығы, кесіндіні берілген қатынаста бөлу. Кесідінің ортасы. Түзудің теңдеуі. Шеңбердің теңдеуі.

02

Стереометрия

01

Кеңістіктегі параллельдік және перпендикулярлық.Үш перпендикуляр туралы теорема. Екіжақты және көпжақты бұрыштар

01

Кеңістіктегі параллельдік

02

Кеңістіктегі перпендикулярлық

03

Үш перпендикуляр туралы теореманың қолданылуы

04

Түзу мен жазықтық арасындағы бұрыштарды табуға арналған есептер.

02

Көпжақтар. Бүйір беті және толық беті. Көпжақтардың көлемдері.

01

Призманың элементтерін табуға арналған есептер

02

Пирамиданың және қиық пирамиданың элементтерін табуға арналған есептер

03

Призманың көлемін табуға берілген есептер

04

Пирамиданың және қиық пирамиданың көлемін табуға берілген есептер

05

Көпжақтарға берілген аралас есептер

03

Айналу денелері. Бүйір және толық беті. Айналу денелерінің көлемдері

01

Цилиндрдің элементтерін табуға арналған есептер

02

Конустың және қиық конустың элементтерін табуға арналған есептер

03

Шардың элементтерін табуға арналған есептер

04

Айналу денелерінің көлемдерін және беттерін есептеуге арналған аралас есептер.

05

Іштей және сырттай сызылған көпжақтар.

04

Векторлар

01

Векторларға амалдар қолдану

02

Векторлардың скаляр көбейтіндісі

03

Аралас есептер

10

Комбинаторика, статистика және ықтималдықтар теориясының элементтері

01

Комбинаторика, статистика және ықтималдықтар теориясының элементтері (ФГ және логика)


01


Комбинаторика, статистика және ықтималдықтар теориясының элементтері (ФГ және логика)


Тапсырма мазмұнының сипаттамасы:
Жалпы білім беретін орта мектептерде геометрия пәні бойынша білім берудің негізгі бағдарламасына сәйкес оқушылары меңгеруі тиіс:

Планиметрия: Жай фигуралардың негізгі қасиеттерін пайдалана отырып, олардың әртүрлі элементтерін, ауданын таба білу, Пифагор теоремасын қолдана білуі, векторлар және координаттар әдісін қолдана білуі.

Координат әдісі және векторлар: векторлар және координаттар әдісін қолдана білу.

Стереометрия: Көпжақтар мен айналу денелерінің беттерінің аудандары мен көлемдерін таба білуі, Векторлар және координаттар әдісін қолдана білуі.
Тапсырмалар орындалуының орташа уақыты:

Тесттің бір тапсырмасын орындап шығуға берілген уақыт – 1,5 минут. Тесттің толық орындалу уақыты – 37,5 минут.



Нұсқалар мен тапсырмалар саны:

Бір тестте 25 сұрақ. Тест нұсқаларының баламалығы:

-тесттердің спецификацияға сай құрылуымен;

-өзара ауыстыруға келетін тапсырмалардың әр түрлі нұсқаларда бір орында келуімен;

-барлық нұсқаларда қиындық деңгейінің бірдей болып келуімен жүзеге асырылады.

Тапсырма формасы:

Тестте берілген бес жауап нұсқасынан бір дұрыс жауапты таңдау керек.



Таңдалған нұсқаны жауап парағында берілген пәнге сәйкес орынға, дөңгелекшені толық бояу арқылы белгілеу қажет.

Жеке тапсырмалар мен жалпы жұмысты бағалау:

Дұрыс орындалған әр тапсырма үшін тестіленуші 1 балл алады. Дұрыс орындалмаған тапсырмаға – 0 балл. Тест тапсырмасы толығымен дұрыс орындалған уақытта 25 балл алады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет