«Геометрия» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалаудың спецификациясы 10-сынып
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері 1-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары 1. а) Берілген тұжырымдардың ішінен бұрысын таңдаңыз. Егер түзудің тек бір нүктесі жазықтыққа тиісті болса, онда түзу тұтастай жазықтыққа тиісті болады. Жазықтық пен бұл жазықтыққа тиісті емес түзу не қиылыспайды, не бір нүктеде қиылысады. Кез келген үш нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол біреу ғана болады. Жазықтық кеңістікті екі жарты кеңістікке бөледі. Түзу және онда жатпайтын нүкте арқылы жазықтық жүргізуге болады және ол біреу ғана. [1] b) Төменде математикалық символдармен берілген тұжырымдардың ішінен дұрысын анықтыңыз. Аa, А a a, Pa P A,Bm; m A,B b, A, A Ab аbM, M, a b [1] а) Суретте АВСDА1В1С1D1 тік призмасы берілген. (АВС және А1В1С1 жазықтықтары өзара параллель және AA1, ВВ1, CC1, DD1 түзулері АВС жазықтығына перпендикуляр) AA1 түзуіне параллель жазықтықтарды анықтаңыз. Жауап біреу немесе бірнеше болуы мүмкін. [1]
b) АВ түзуіне айқас түзулер санын анықтаңыз. [1]
Параллель екі жазықтықтықтың бойынан екі түзу жүргізілген. Осы екі түзудің орналасуы өзара қандай болуы болуы мүмкін? [1]
Егер AD және BC түзулері айқас орналасқан болса, онда АВ және CD түзулері қалай орналасуы мүмкін? [1] Суретте ABC және А1В1С1 жазықтықтары параллель және РС1:С1С=3:5 қатынасы орындалады. РАВС = 48 см болса, А1В1С1 үшбұрышының периметрін табыңыз. [2]
АВС үшбұрышының В төбесінен АВС жазықтығына перпендикуляр ВК түзуі жүргізілген. Егер АК мен СК ұзындықтары 30 м, ВК кесіндісінің ұзындығы 18 м, ал AВС = 600 болса, АС кесіндісінің ұзындығын табыңыз. [3] АВ мен СD түзулері О нүктесінде қиылысады және А мен С нүктелері α жазықтығына, ал В мен D нүктелері β жазықтығана тиісті. α мен β параллель орналасқан және АО = 3 дм, СО = 2 дм, ВО = 4 дм болса, сызбаны салып, DО кесіндісінің ұзындығын табыңыз. [3] Суретте АВС және РВМ жазықтықтары ВМ түзуі бойымен қиылысады. Егер РВ түзуі АВ мен ВС түзулеріне перпендикуляр болса, РВМ жазықтығының АВС жазықтығына перпендикуляр болатындығын дәлелдеңіз. [2]
ABCD ромбтың диагональдары О нүктесінде қиылысады. S нүктесі ромб жазықтығынан тыс орналасқан және SO түзуі ромб жазықтығына перпендикуляр. S нүктесінен ромб төбелеріне дейінгі қашықтықтар см және см, ал ромб қабырғасы 5 см. Сызбаны салып, ромб диагональдарын табыңыз. [4]
Балл қою кестесі
2-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ2-тоқсанның жиынтық бағалауына шолуҰзақтығы - 40 минут Балл саны – 20 Тапсырма түрлері: ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар. Жиынтық бағалаудың құрылымыБерілген нұсқа қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 7 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. 2 тоқсандағы жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
13
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері «Геометрия» пәнінен 2-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмалары ABCDA1B1C1D1 текшесі (кубы) берілген. АС және B1D1 түзулері арасындағы бұрышты анықтаңыз. CC1 және B1D1 түзулері арасындағы бұрышты анықтаңыз. AB1 және B1C түзулері арасындағы бұрышты анықтаңыз. [3]
АBCDA1B1C1D1 – қабырғасы бірге тең текше (куб). АА1 және СВ1 түзулерінің а) орналасуын анықтаңыз (қиылысады, айқас, параллель) арасындағы бұрышты анықтаңыз. [2]
АВ көлбеуі жазықтықпен 600 бұрышын жасайды, ал АС – оның проекциясы. Егер АВ=48см болса, онда: а) проекция ұзындығын; b)В нүктесінен жазықтыққа дейінгі арақашықтықты табыңыз. [4] 4)А нүктесінен α жазықтығына АВ перпендикуляры мен АС көлбеуі түсірілген. а)АВ=7см,АС=5см болса,онда ВС ны табыңдар. б)АС=8см,ВС=13см болса,онда АВ ны табыңдар. [3]
5)ABC тікбұрышты үшбұрыштың А төбесінен үшбұрыш жазықтығына АК перпендикуляры тұрғызылған. Егер С бұрышы тік, АС=a, ВС=b және АК=с болса, онда табыңыз: а) К нүктесінен С төбесіне дейінгі қашықтықты. К нүктесінен В төбесіне дейінгі қашықтықты. [3] 6)Жазықтықтан 9 см тысқары жатқан К нүктесінен осы жазықтыққа KL және KM көлбеулері сәйкесінше 300 және 450 бұрышпен жүргізілген. Көлбеулер өзара тік бұрыш жасайды. LM кесіндісінің ұзындығын табыңыз. [3] 7)ABCD тіктөртбұрышының төбесінен оның жазықтығына қатысты AK перпендикуляры тұрғызылған. K нүктесінен басқа төбелерге дейінгі арақашықтық 6 см, 7 см, 9 см-ге тең. AK перпендикулярының ұзындығын тап. [2] Балл қою кестесі
3-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ3-тоқсанның жиынтық бағалауына шолуҰзақтығы – 40 минут Балл саны – 20 Тапсырма түрлері: ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар. Жиынтық бағалаудың құрылымыБерілген нұсқа қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 8 тапсырмадан тұрады. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. 3-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
18 Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері3-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларыСфераның центрі арқылы өтетін түзу сфераны А(1; –2; 4) және В(–3; 2; 2) нүктелерінде қиып өтеді. АВ кесіндісін қақ бөлетін нүктенің координатасын табыңыз. Сфераның теңдеуін құрыңыз. [3] ABCDA1B1C1D1 текшенің (кубының) барлық қырлары 1-ге тең. AC және ВВ1 түзулерінің арақашықтығын табыңыз. [1]
Екіжақты бұрыштың шамасы 300-қа тең. Екіжақты бұрыштың бір жағында орналасқан А нүктесінен оның қырына (жазықтықтардың қиылысу түзуі) дейінгі қашықтық 10 см. Сызбаны орындап, А нүктесінен оның екінші жағына дейінгі қашықтықты табыңыз. [2] ABCDA1B1C1D1 текшесінің (кубының) барлық қырлары 1-ге тең. DВ1 түзуі мен ABC жазықтығының арасындағы бұрыштың тангенсін анықтаңыз. [2]
Кеңістікте А(3;0;5), В(0;6;2) және С(6;2;8) нүктелері берілген. АВС үшбұрышының АК медианасының ұзындығын табыңыз. [3] ABCDA1B1C1D1 кубының барлық қырлары 1-ге тең. АВС және ACD1 жазықтықтарының арасындағы бұрышты бейнелеп көрсетіңіз; АВС және ACD1 жазықтықтарының арасындағы бұрыштың тангенсын табыңыз. [3] C нүктесінің A(5; 8;0) нүктесіне дейінгі арақашықтығы B (3; 4;0) нүктесіне дейінгі арақашықтығына тең. OX осінде орналасқан С нүктенің координатасын табыңыз. [3] Тік бұрышы С болатын АВС тік бұрышты үшбұрыштың АС катеті арқылы АВС жазықтығымен 300 бұрыш жасайтын жазықтығы жүргізілген. Егер АС=6 см, АВ=10 см болса, онда В нүктесінен жазықтығына дейінгі арақашықтықты табыңдар. [3] Балл қою кестесі
4-ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ4-тоқсанның жиынтық бағалауына шолуҰзақтығы - 40 минут Балл саны – 20 Тапсырма түрлері: КТБ – көп таңдауы бар тапсырмалар; ҚЖ – қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ – толық жауапты қажет ететін тапсырмалар. Жиынтық бағалаудың құрылымыБерілген нұсқа көп таңдауы бар тапсырмаларды, қысқа және толық жауапты сұрақтарды қамтитын 9 тапсырмадан тұрады. Көп таңдауы бар тапсырмаларға білім алушылар ұсынылған жауап нұсқаларынан дұрыс жауабын таңдау арқылы жауап береді. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға білім алушылар есептелген мәні, сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Толық жауапты қажет ететін сұрақтарда білім алушыдан максималды балл жинау үшін тапсырманың шешімін табудың әр қадамын анық көрсетуі талап етіледі. Білім алушының математикалық тәсілдерді таңдай алу және қолдана алу қабілеті бағаланады. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөліктерден/сұрақтардан тұруы мүмкін. 4-тоқсан бойынша жиынтық бағалау тапсырмаларының сипаттамасы
23
Тапсырмалар және балл қою кестеcі үлгілері4-тоқсанға арналған жиынтық бағалаудың тапсырмаларыABCDA1B1C1D1 текшесі (куб) берілген. Төменде берілген векторлардың арасынан компланар емес векторларды анықтаңыз. АС,ВВ1, АВ АВ,ВВ1,DD1 В1С1, А1С1,ВС АА1,СС1,ВС [1] нүктесінен координаттар осьтеріне дейінгі арақашықтықты табыңыз. [3] 1
v = q және v 42 болса, онда q-дің мүмкін мәндерін табыңыздар. 5 [2]
2 3
u = 3 және w = 1 . u және w векторлары перпендикуляр болса, онда p-ны 1 p табыңыз. [2]
m (1;3;4) және n (3;1;0) берілген. a (12m3n)(11m2n) векторының ұзындығын табыңыз. [2] a 15i(m2)j k және b 18i12j (n3)k векторлары коллинеар болатындай m, n-ді табыңыздар. [3] a 6i 3j 6k және b 3i 2j 6k векторларының арасындағы бұрыштың косинусын анықтаңыз. [2] Төбелері A(1, 0, 2), B(1, 5, -1), C(5, 2, 1) және D(4, 0, 1) болатындай ABCD төртбұрышы берілген. 𝐴𝐵𝐶𝐷 төртбұрышының диагональдары перпендикуляр екенін көрсетіңіз. [2] 𝑎⃗(2; −1; −5) және 𝑏⃗⃗(4; 3; 1) векторлары берілген. t-ның қандай мәнінде 2⃗а⃗ + 𝑡𝑏⃗⃗ векторы 𝑏⃗⃗ − 𝑎⃗ векторына перпендикуляр болады? [3] Балл қою кестесі
жүктеу/скачать 0.77 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |