Vқ = 97344(1,19-1)[3,5+104(1,19-1)0,48] = 240065 м3. (2)
Диагональ бойынша орналасатын ордың көлемі келесі теңдік арқылы орындалады:
Vд = [a(2Нш.д.√ctg2I – ctg2γж + ) +b2 ctgz] (3)
мұнда Hш.д. – шоғырлану деңгейжиектің жер бетінен тереңдігі – 200 м.;
а – ордың биіктігі бойынша ені – 30 м.
I – ордың еніс бұрышы;
γж – аршықтың жұмыстық емес жағдайының еңкею бұрышы;
b – ор табанастының ені;
z – ордың трассасымен аршық жағдайының арасындағы жанасу бұрышы – 30°.
Vд = 50[30(400√3,732 – 1 + 3,5) + 84,86] = 995335м3.
Есептеулер арқылы пайда болған шамаларды салыстырсақ қия құлама ордың көлемі төрт есе кем, диагональ бойынша орналасатын ордың көлемінен, сондықтан уақыт және шығын жағынан карағанда да бұл орды үңгілеу оңтайлы болады.
Зерттеу жұмыстарының нәтижесінде үлесті көрсеткіштердің өзгеруі, жылдық жүкті тасымалдау көлеміне және аршықтың тереңдігіне байланысты өзгеру қарқыны және бағыттары анықталды. Құрамында таспалы конвейерлер бар ҮТТ кешеннің өнімділігі 5 млн т-дан 30 млн т-ға дейін өсуіне қарай, кен массаны тасымалдау биіктігі 100 м-ден 600 м-ге дейін өсуіне байланысты негізгі жабдықтардың үлесті күрделі шығындары 4,9-2,1 есеге дейін өзгереді, ал үлесті тұтынымдық шығындар 2,1-1,6 есеге.
Кен массаны көтеру биіктігі 100 м биіктікке өссе, үлесті көрсеткіштер келесі аралықтарда өзгереді: таспалы конвейерлермен жабдықталған конвейерлі желілердің күрделі шығындары 35-16%-ға, ал тұтынымдық шығындары 16-10%-ға өзгереді. Егер конвейерлі желілер қияқұламалы конвейерлермен жабдықталса, күрделі шығындар 25-12%-ға және тұтынымдық шығындар 12-8%-ға сәйкес өзгереді. Шығындардың шамалары ҮТТ кешеннің өнімділігі өсуіне қарай төмендейді.
Қияқұламалы конвейерлермен жабдықталған конвейерлі желілердің күрделі шығындары 1,3-2,5 есе және тұтынымдық шығындары 1,2-1,5 есе төмендейді.
Шығындардың төмендеу қарқыны, кен массаны көтеру биіктігі жоғарылауына қарай жоғарылайды. Тау-кен техникалық жағдайлары ұқсас кенорнындарында қолданатын құрамында таспалы және қия құламалы конвейерлермен жабдықталған ҮТТ кешеннің салмақтары бір-бірінен 3-12%-ға ғана айырмашылығы бар. Сенімділігі тұрғыдан қарағанда, таспалы конвейерлердің көрсеткіші жоғары. Қияқұламалы конвейерлермен жабдықталған кешендердің өнімділігі жоғарылауына сәйкес алу-тиеу бөліктің құрамындағы жабдықтар саны өсуде.
ҮТТ кешеннің жұмыскерінің жылдық есептік еңбек өнімділігі 28-87 мың т. Жұмыскердің еңбек өнімділігі экскаваторлы-автокөлік бөліктегі жабдықтардың түріне және жалпы ҮТТ кешеннің өнімділігіне байланысты. ҮТТ экскаваторлы-автомобильді бөлігінде экскаватордың түрі қолданыстағы ЭКГ-5 және автоөзітүсіргіштің жүк көтергіштігі 42 т болған жағдайда кешеннің жылдық өнімділігі 5 млн т-дан 20 млн т-ға жоғарыласа, жұмыскердің еңбек өнімділігі 28-32%-ға өседі. Егер алу-тиеу жұмыстарды ЭКГ-8И экскаватор атқарып, ал жинақтау көлік ретінде жүк көтергіштігі 110 т автоөзітүсіргіш қолданылса, онда үзілмелі-толассыз технологияның құрамалы көлігімен жылдық жүк тасымалдау көлемі 20 млн т-дан 30 млн т-ға дейін өседі.
Тасымалданатын жүк конвейерлі көлікпен 100 м биіктікке дейін жеткізілсе, экскаваторлы-автомобильді бөліктің құрамындағы жұмысшылар саны, жалпы үзілмелі-технологиялық жүйенің саны 76-90% құрайды.
Кен массаны 600 м биіктікке дейін конвейерлі көтергімен жүкті тасымалдаған жағдайда экскаваторлы-автомобильді бөліктің құрамындағы жабдықтарға қызмет жасайтын жұмыскерлер саны жалпы жұмыскерлердің санынан 60-82%-ға дейін төмендейді.
Жинақтау автокөліктің жұмыскерлер саны жалпы ҮТТ жүйенің жұмыскерлер санының 45-65% құрайды. Ұсатқыш-конвейерлі кешеннің жұмыскерлер саны жүк тасымалдау көлемі өсуіне қарағанда аз мөлшерде өзгереді және кен массаны көтеру биіктігіне қарай 6-7%-ға дейін өседі.
Әдеттегі конвейерлі таспалармен жабдықталынған ҮТТ кешендерінің жұмысшыларының еңбек өнімділіктерінен жоғары екені дәлелденді. Жүк көтеру тереңдік 100м-ден 600м-ге дейін жоғарылаған сайын тасымал жүктің өсу көлеміне қарамастан жұмысшының еңбек өнімділігінің жалпы төмендеуі 10-25%-ға дейін сақталады.
Зерттеу арқылы анықталғаны ҮТТ кешендер өнімділігі жылына 10 млн т-ға дейін, жүк көтеру биіктігі 200м-ден жоғары аршықтарда болған жағдайда қияқұламалы конвейерлерді тиімді қолдануға болады. Бұндай жағдайларда қия құламалы конвейерлі ҮТТ-лық кешендердің аз мөлшердегі 5-25% пайдалану шығындарға үлесті күрделі шығындар елеулі шамаға 13-30%-ға дейін төмендейді, егер әдеттегі таспалы конвейерлермен жабдықталынған ҮТТ кешендермен салыстырсақ жұмысшының еңбек өнімділігі 8-20% жоғары.
Қияқұламалы конвейерлерді кен массаны көтеру биіктігі 300 м-ден жоғары не аршықтың өнімділігі 30 млн т/жыл тең не жоғары болғанда, қолдануға тиімді. Бұндай жағдайда үлесті тұтынымдық шығындар тең болып, қияқұламалы конвейерлермен жабдықталынған ҮТТ кешендердің үлесті күрделі шығындары, қалыптасқан таспалы конвейерлермен жабдықталынған ҮТТ кешендерге жұмсалатын шығындарыннан 6-20%-ға төмен.
Қияқұламалы конвейерлерді қолдану нәтижесінде қосымша күрделі тау-кен жұмыстар көлемі 1,4-1,6 есе азаяды, осыған байланысты ауыл шаруашылықтан алынған жер телімінің көлемі төмендейді және елеулі мөлшерде аршық алабындағы және оның маңындағы ауаның тазалығы жоғарылайды.
Ұсатқыш-конвейерлі кешеннің жабдықтарын таңдау кезінде қажетті жылжымалы модульдерге назар аудару керек, яғни үш модульден жасақталатын ұсатқыш қайта – тиеу қондырғыларға, ал конвейер ретінде өте тиімді пайдалануға қияқұламалы кедір-бұдырлы таспалық конвейерлерді. Осы конвейерлерді орнату нәтижесінде күрделі тау-кен құрылыс жұмыстар көлемі 5млн м3-ге төмендеп, құрылыс мезгілі 1,5 жылға дейін азаяды.
Жалпы жабдықтар аршықтың қазу аймақтарын және аршықтың жұмыс аймағын ескеріп таңдалады. Аршықтың орташа деңгейлерінде жұмыс аймағында өзіжүргі қайта тиеу қондырғыларды, ал төменгі және соңғы деңгейлерінде кертпешаралық тиеуіштерді, жылжымалы конвейерлер мен көпірлерді қолдануға тиімді. Осы айтылған жабдықтар аршықтың тереңдеуіне қарай және қазудың тау-кен техникалық жағдайларына бейімделуі тиісті.
Үзілмелі-толассыз технологияның артықшылықтарын іс жүзінде іске асыру мақсатымен терең карьердің жұмыс аймағын қарқынды өзгертіп не ҮТТ бейімделу деңгейін жоғарылатуға өте тиімді. Бүгінгі таңда қияқұламалы конвейерлерді қолдануға тиімді. Бұл конвейерлер ҮТТ терең аршықтарда бейімделуіне келесі факторларды жақсарту арқылы мүмкіндік туғызады:
– тасымалдау жұмыстарының қашықтығын азайту арқылы;
– конвейерлі таспалардың ұзындығы қысқарады;
– тау-кен күрделі жұмыстар көлемі төмендейді және құрылысқа қажетті уақыт мөлшері азаяды.