Гидросфера жердiң сулы қабаты. Оған теңiз және мұхит сулары, құрлық сулары (өзендер, көлдер, батпақ, тоғандар, мұздықтар) жер асты сулары, сонымен бiрге атмосферадағы су буы жатады



Дата07.07.2016
өлшемі31.5 Kb.
#184178
Гидросфера

     Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiз және мұхит сулары, құрлық сулары (өзендер, көлдер, батпақ, тоғандар, мұздықтар) жер асты сулары, сонымен бiрге атмосферадағы су буы жатады.

    Жер – күн жүйесiнiң ең сулы планетасы. Судың негiзгi қоры мұхиттар мен теңiздерде 97% болады, және олар жер бетiнiң 70% - тең көп бөлiгiн алып жатқан дүниежүзiлiк мұхитты түзедi. Дүниежүзiлiк мұхиттың орташа тереңдегi 4000 м. Теңiз және мұхит суларында көп тұздар ерiген, сондықтан теңiз суының дәмi тұзды-қышқылды және iшуге жарамсыз. Дүниежүзiлiк мұхиттың суы буланса, оның құрамындағы тұз мұхит түбiн 60 м қабатта, ал жердi 45 м қабатта жауып қалатын едi. Теңiз суында бiз тағамға пайдаланатын ас тұзы бар, ол суға тұзды дәм берiп тұр. Ал қышқыл дәмдi магний тұздары бередi. Бiр литр теңiз суында шамамен 35 г тұз бар. Судың тұздылығының тiрi организмдер тiршiлiгiнде үлкен маңызы бар. Тұщы және тұзды су қоймаларының өсiмдiк немесе жануар дүниесi бiр-бiрiнен қатты ерекшеленедi, өйткенi барлық организмдер тұзды суда тiршiлiк ете алмайды.

    Құрлық суларының дүниежүзiлiк мұхит суынан ерекшелiгi: олар тұщы және iшуге жарамды. Оларда да тұздар бар, өйткенi суда ағып өтетiн тау жынысы еридi, бiрақ өзендер мен көптеген көлдердiң суларында 1 л – де 1 г – нан аз тұздар бар, сонымен су бiзге тұщы дәм бередi. Дүниежүзiлiк мұхитпен салыстырғанда құрлық суы гидросфераның 3% су мөлшерiн алып жатыр, сонымен тұщы суға өте ұқыпты қарау керек, оны үнемдеп, ластамау қажет.

    Жерасты сулары жер қыртысында орналасады. Олар тау жыныстарынан ағатын жаңбыр, өзен, көлдер, су қоймаларының суларынан түзiледi. Жерасты сулары тұщы немесе мұзды болады. Олар өте таза, iшуге пайдаланады, әсiресе өзен мен көл аз жерлерде. Топырақтағы суларды өсiмдiктер сiңiредi.

    Мұздықтар құрлықтағы мұздардың табиғи жиналуын айтады. Оларда су қатты түрде болады. Мұздықтар ауа температурасы төмен жерлерде – тау басында, Антарктида да түзiледi. Антарктида бетiн жауып жатқан мұздықтар биiктiгi 4-5 км жетедi. Мұздықтарда тұщы судың үлкен қоры бар. Тұщы және тұзды су атмосферада су буы, газды түрiнде болады. Ауада үнемi су буы бар. Бiз оны көрмеймiз. Бiрақ жоғарғы биiктiкте су буынан бұлттар түзiледi. Олар су тамшылары немесе мұз кристаллдарына айналуын келесi сабақтан бiлесiз.

    Судың жер бетiнде алатын орны орасан. Оның көмегiмен өсiмдiктер өседi, жауын-шашын түседi, гидроэлектростанциялар, фабрика мен заводтар жұмыс жасайды, сусыз адамдар мен жануарлар тiршiлiк ете алмайды. Адамдардың суға табынуы тегiн емес, оны бағалады, зерттедi, аңыздар мен жырларда айтылды.

    Гидросфера – жердiң сулы қабаты. Оған теңiздер мен мұхиттар, құрлық суы, жерасты сулары, атмосфераның су буы жатады. Су гидросферада қатты, сұйық немесе газды күйде бола алады. Суда минералды тұздар ерiген, сондықтан солардың құрамына қарай тұщы  немесе тұзды болады.

 Судың булануы. Су буының конденсациясы.

    Судың булануы – су қоймасынан ылғалдың атмосфераға өту әдiсi, табиғаттағы ең үлкен процесстердiң бiрi. Су Дүниежүзiлiк мұхит, көлдер, өзендер немесе су қоймасының бетiнен буланады. Суды өсiмдiктер көп мөлшерде буландырады. Булану кез келген температурада да жүредi. Жаңбырдан соң сулар жазда да, суық күзде де кебедi, бiрақ олар жазда тез кебедi; жел олардың булануын тездетедi. Шомылып судан шыққанда, ыстық күнде салқындықты сезесiз. Булану адам немесе жануарлар өмiрiнде маңызды роль атқарады, жануарларды немесе адамды қызып кетуден сақтайды.



    Табиғатта керi процесс те өте кең тараған: су буының сұйыққа айналуы – конденсация. Егер ыстық суы бар стаканды жауып қойсақ, бiраз уақыттан соң тарелка бетiнде су тамшылары байқалады. Су буының конденсациясымен күнделiктi өмiрде кездесемiз. Ауа суыған кезде, ауадағы су буы шөптерде, жапырақта немесе басқа заттарда майда су тамшылары ретiнде жиналады - бұл шықтың түсуi. Бұлттар су буы конденсациясының нәтижесiнде түзiледi. Жер бетiнiң немесе су қоймасының бетiнен көтерiлiп, су буы ауаның суық қабаттарында майда су тамшыларынан тұратын бұлттарды түзедi. Егер ауа температурасы төмен болса, су тамшылары қатады. Мұндай бұлттардан қар, кейде бұршақ жауады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет