Миофиламенттер немесе миофибриллалар —кальций иондарының міндетті түрде қатысуымен өтетін, олардың құрамындағы негізгі екі фибриллярлық нәруыздардын — актин және миозиндердің өзара әрекеттесуінің нәтижесінде пайда болатын және жиырылуды қамтамасыз ететін арнайы жиырылу органеллалары. Митохондриялар бұл үдерістерді энергиямен қамтамасыз етеді. Энергия қорын гликоген мен липидтер кұрайды. Миоглобин — нәруыз, ол оттегінің байланысуын және бұлшық еттің жиырылуы кезінде қан тамырлары қысылған жағдайда, онын қорының жиналуын қамтамасыз етеді.
Жіктелуі. Бұлшық ет тіндерінің жіктелуі екі принципке негізделген — морфофункционалдық және гистогенетикалық. Бұлшық ет тіндері жиырылу органеллаларының құрылымына байланысты, морфофункционалдық принципке сәйкес екі топка бөлінеді.
Бірінші топ — көлденең-жолақты бұлшық ет тіндері (textus muscularis striatus). Онын элементтерінің цитоплазмасында миозин филаменттері ұдайы полимеризацияланып, актин жіпшелерімен тұрақты кұрастырылған миофибриллалар құрайды. Сонғылар арнайы кешендер — саркомерлерді түзейді. Көрші миофибриллаларда саркомерлердің құрылымдық бірліктері бір денгейде орналасады және көлденең-жолақтықты кұрайды.
Екінші топ — жазық бұлшық ет тіндері (textus muscutaris nonstriatus). Бұл тіндер жиырылмаған кезде миозин филаменттерінің деполяризациялануымен сипатталады. Кальций иондарының қатысуымен олар полимеризацияланады және актин филаменттерімен әрекеттеседі. Пайда болатын миофибриллалардың көлденең-жолақтығы болмайды: арнайы бояулармен бояған кезде, олар ұзындығын бойлай біркелкі боялған жіпшелер түрінде анықталады.
Гистогенетикалық принципке сәйкес бүлшық ет тіндепі мен бұлшық ет элементтері даму көздеріне (эмбрионалдық бастамаларға) байланысты келесі топтарға бөлінеді: сомалық(миотомдық), целомдық (спланхнотомның висцеральды жапырақшасының миоэпикардиалды табақшасынан), мезенхималық(мезенхима кұрамындағы десмалдық бастамадан), нейралдық(жүйке түтікшесінен), эпидермалдық(терілік эктодермадан және прехордальды табақшадан).
Достарыңызбен бөлісу: |