3. Халық қозғалысының статистикасы
Туу және өлу процестерінің әсер етуі есебінен халық санының өзгеруі табиғи қозғалыс деп аталады. Қазақстан Республикасына, Қазақстан Республикасынан және аймақтар ішінде тұратын мекендеуге келгендер және шетелге тұрақты мекендеуге кеткендер халықтың миграциялық қозғалысы деп аталады. Халықтың жалпы қозғалысы табиғи миграциялық қозғалыста туындайды.
Халық қозғалысының абсолютті көрсеткіштері:
1. N – туылған балалар саны.
2. М - өлгендер саны.
3. m – ағымдағы жылда 1 жасқа толмай шетінеп кеткен сәбилердің саны.
4. таб. =N-M – халықтың табиғи өсімі.
5. Н – некеге тұру саны.
6. А – ажырасу саны.
7. В - Қазақстан Республикасынан, аймақтарынан кеткендер саны.
8. П- Қазақстан Республикасына, аймақтарына келгендер саны.
9. миг. – П-В – халықтың миграциялық өсімі.
10. П+В – халықтың миграциялық айналымы.
11. жалпы =таб.+ миг. = N- N+П-В= Sс – Sб – халықтың жалпы өсімі.
12. Sб – жыл басындағы халықтың саны.
13. Sс – жыл соңындағы халықтың саны.
14. Sс = Sб + N –М +П-В – жыл соңындағы халықты есептеу үшін осы баланстық әдіс пайдаланылады.
Халық қозғалысына қатысты көрсеткіштер
1. Халықтың құрылымы, үлес салмағының көрсеткіштері.
2. Координация коэффициенті – халықтың жеке категорияларының өзара қатынасы.
3. халықтың табиғи және миграциялық қозғалысының коэффициенттері.
Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттері
-
Жалпы туу коэффициенті: К жалпы туу = , мұндағы - халықтың орташа жылдық саны
-
Арнайы туу коэффициенті: К ар.туу = , мұндағы -15-49 жастағы әйелдердің орташа саны
-
Жастық туу коэффициенттері - әйелдердің белгілі жас тобынан туылған балалар санының осы жас аралығындағы әйелдердің орташа санына қатынасына тең болады.
-
Жалпы өлу коэффициенті: Көлу =
-
Нәрестелердің шетінеу коэффициенті деп 1 жасқа толмаған сәбилердің шетінеп кеткен дәрежесін көрсететін шаманы айтады. Бұл коэффициент екі тәсілмен табылады:
А) нәрестелердің туылу кезеңін есепке алмай – Кнәр.шет.= , мұндағы Кнәр.шет- нәрестелердің шетінеу коэффициенті.
Б) нәрестелердің туылу кезеңін есепке алып - Кнәр.шет.= , мұндағыNo- өткенжылы туылған балалар саны; N1- ағымдағы жылы туылған балалар саны.
-
Жастық өлу коэффициенттері анықталған жас тобындағы өлгендер санының осы жастағы халықтың орташа санына қатынасына тең.
-
Туу және өлу процестері арасындағы қатынасты анықтау үшін Покровский коэффициенті (өміршеңдік) қолданылады: К Покровский өміршеңдік=;
-
Табиғи өсім коэффициенті: Кжалпы туу- Көлу
-
жалы некелілік коэффициентін анықтау үшін бір жылда тіркеуге алынған неке санын халықтың жылдық орташа санына бөледі және оны 1000-ға көбейтеді:
Кнеке=
-
Жалпы ажырасу коэффициенті: Кажыр.=
-
Арнайы некелілік және ажырасу коэффициенттері некеге тұру жасын анықтайды (15 жастан жоғары), мысалы Карнайы некелілік=
-
Ажырасушылық арнайы коэффициенті: Карнайы ажыр.=
16. Некелік және ажырасушылық коэффициенттері төмендегідей жас тобы аралықтарында (ерлер және әйелдер үшін жеке, бөлек) есептелінеді: 16-19, 20-24, 25-29, 30-34, 35-39, 40-44, 45-49, 50-54, 55-59 жас.
Халықтың жалпы және миграциялық қозғалысының коэффициенттері
Халықтың жалпы миграциялық өсімі (миграциялық интенсивтілік), берілген тұрғылықты, жергілікті жерге көшіп келген адамдар саны мен берілген тұрғылықты жерден көшіп кеткен адамдар санының айырмасымен анықталады.
-
Миграциялық өсімнің немесе миграциялық интенсивтіліктің коэффициенті:
Кмигр.=
-
Миграциялық айналым коэффициенті: Кайн.коэфф.=
19. Миграциялық тиімділік коэффициенті: Ктиімд.миг.=
-
Жалпы өсімнің коэффициенті:
4. Халық санын болжаудың статистикалық әдістері
Халықтың алдағы санын есептеу келесі әдістермен жүргізіледі:
1. жас бойынша жылжыту әдісі – тұлғаның «х» жасынан келесі «х+1» жасына ауысу.
Халықтың әрбір жас аралық тобынан белгілі бір жастағы өмір сүру коэффициентін есепке алып, келесі жылға жылжу.
2. Халықтың жалпы өсімінің коэффициенті туралы мәліметтер негізінде глобалды әдіс жатыр. , мұндағы - келесі жылға t жылға болжанған халық саны;
- ағымдағы соңғы жылдағы нақты халықтың саны; - халықтың жалпы өсім коэффициенті; t – болжам жасалатын уақыт.
3. Халық санының орташа абсолюттік өсімінің мәліметтерін пайдаланып: , мұндағы - орташа абсолюттік өсім. , мұндағы - халық санының абсолюттік өсімдерінің қосындысы, m- өсімдердің саны.
4. Халық санының орташа өсу қарқынының мәліметтерін пайдаланып: , мұндағы, - халық санының орташа өсу қарқыны.
5. Жұмыс істейтін халықтың қозғалысы және жұмыс күші құнының статистикасы
ҰШЖ бойынша жұмыс істейтін халық екіге бөлінеді: жалдамалы және өзін-өзі қамтитын жұмыс бастылар. ҰШЖ –де жалдамалы жұмысшылар әлеуметтік статусы бойынша екіге бөлінеді: жұмысшылар және қызметкерлер. Қызметкерлер жұмыскерлердің үш тобын құрайды: басшылар, мамандар, және басқа қызметкерлер.
Жұмыскерлер айналымының абсолюттік көрсеткіштері – берілген кездегі жұмысқа алынған және жұмыстан босатылған жұмыскерлер саны.
Жұмыс күші қозғалысы интенсивтілігінің қатысты көрсеткіштері:
Жұмыскерлерді жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны
қабылдау бойынша = ----------------------------------------------------------------- х 100
айналым коэффициенті жұмыскерлердің тізім бойынша орташа саны
Жұмыскерлердің себептер бойынша жұмыстан кеткен жұмыскерлер саны
жұмыстан кетуі бойынша = ------------------------------------------------------------------------ х 100
айналым коэффициенті жұмыскерлердің тізімдік орташа саны
Жұмыс күшінің кезеңдегі жұмысқа қабылданған жұмыскерлер саны
орнын басу = ------------------------------------------------------------------------ х 100
коэффициенті себептер бойынша жұмыстан кеткен жұмыскерлер саны
Кадрлардың өз еркімен жұмысқа келмеген және тәртіп бұзғандар саны
тұрақтамаушылығының = ------------------------------------------------------------------------ х 100
коэффициенті тізім бойынша жұмыскерлердің орташа саны
Кадрлардың есеп беру кезеңіндегі тұрақты жұмыскерлер саны
тұрақтылық = ------------------------------------------------------------------------ х 100
коэффициенті жұмыскерлердің кезең аяғындағытізімдік саны
Жұмыс күшінің құны – бұл жұмыскердің және оның отбасының өмір сүру қаражаттарының құны. Кәсіпорынның жұмыс күшіне жұмсалған шығындары құнына жалақы қоры, жұмыскерлердің тұрғын үйіне жұмсаған шығындары, әлеуметтік қамтуға шыққан шығындар, кәсіптік оқытуға, мәдени-тұрмыстық қызмет көрсетуге жұмсалған шығындар және т.б. жатады.
Жалданбалы жұмыскерлердің еңбекақы төлемі- есеп беру кезінде жұмыс берушінің жалданбалы жұмыскерге орындаған жұмысына беретін ақша немесе зат түріндегі төлемақысы. Еңбекақы екі бөліктен тұрады:
-
қолма қол ақша және заттай түрде берілетін жалақы;
-
әлеуметтік сақтандыруға аударылатын сома.
Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.
Тақырыпты қаншалықты меңгергеніңізді білу үшін келесідей сұрақтарға жауап беріңіз.
1. «Тұрақты халық» және «нақты халық» ұғымдарының айырмашылығы неде?
2. Халық статистикасында халықты бақылау объектісі не№
3. «Халық», «Экономикалық белсенді халық», «Экономикалық белсенді емес халық» ұғымдары нені білдіреді?
4. Халық туралы ақпараттың негізгі көздерін атаңыз.
5. «еңбекке жарамды халық саны», және «Еңбекке жарамды жастағы еңбекке қабілетті халық саны» ұғымдарының айырмашылығы неде?
6. Халықтың табиғи қозғалысының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.
7. Еңбек ресурстары, халықтың орташа саны қалай анықталады?
8. Халықтың көшіп-қонуының негізгі көрсеткіштерін атаңыз.
9. Экономикалық белсенді халықтың құрамы қандай?
10. Жұмыс күшінің шығынының құны қандай?
Тақырып 3. Ұлттық байлық статистикасы
Дәріс сұрақтары:
1. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні
2. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы
3. Негізгі капиталдың ұдайы өндіріс статистикасы
4. Негізгі капиталды пайдалану статистикасы
5. Айналым капиталының статистикасы
6. Инвестиция статистикасы
1. Ұлттық байлықтың құрамы, мәні.
Еліміздің ұлттық байлығы – белгілі бір уақытта мемлекетте қорланған экономикалық активтердің жиынтығы: қаржылық емес және таза қаржылық активтер , тауарларды өндіруге, қызметті көрсетуге және адамдардың өмірін қамтамасыз ету үшін қолданылады.
Экономикалық актив – бұл меншік құқығымен таратылатын және қожайындарға иелік ету арқылы экономикалық табыс әкелетін экономикалық обьект.
Экономикалық активтер қаржылық және қаржылық емес активтерге бөлінеді.
Қаржылық активтер институционалды бірліктер арасында белгіленген дебиторлық-кредиторлық шартты қатынас негізіндегі қаржылық міндеттемелерден пайда болады.Қаржылық активтердің қаржылық емес активтерден айырмашылығы – көпшілігінің басқа институционалды бірліктерге талаптарын ұсынады, яғни оларға басқа меншік иесінен қаржылық міндеттемелерді қарсы қояды.
Қаржылық активтер қаржылық міндеттемелерден, келісімді дебитті-кредитті қатынастардан туындайды.
Ұлттық Шоттар Жүйесі бойынша қаржылық активтердің жіктелуі, екі критерий бойынша анықталады:
-
құқықтық сипаттамалар, яғни несие беруші мен қарыз алушының өзара қатынасын сипаттау.
-
ликвидтік – бұл активтердің ақшалай қаражатқа айналатын берілу мүмкіндігі, ликвидті түрде немесе оңай айналуы. Ең көп ликвидтілік иеленетіндер – монеталық алтын, қолма қол ақша, аудармалы депозиттер.
Қаржылық активтер категорияларының сипаттамалары:
-
Монетарлық алтын – қаржы несие мекемелерінде халықаралық резерв немесе қаржылық актив ретінде сақталатын алтын.
-
Қарыз алудың арнайы құқы(SDR) - халықаралық резервтік активтер болып табылады. SDR халықаралық валюта қорында құрылып , резервтік активтердің орнын толтыру үшін оның мүшелері арасында бөлінеді.
-
Қолма қол ақшалар төлем қаржысы ретінде пайдаланылатын, айналымда жүрген банкноттар мен монеталардан тұрады.
-
Депозиттер – бұлар халықтың, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың салымы. Депозиттер аудармалы және аударылмайтын болып бөлінеді.
-
Бағалы қағаздар – қандай да бір мүлікке немесе ақша сомасына иелік құқығын беретін , аталған заттарды, тиісті құжаттарды көрсетпейінше , сатуға немесе басқа бір адамға беруге болмайтынын дәлелдейтін, арнайы дайындалған ақшалай құжаттар.
-
Қарыз – несие беруші қарыз алушыға қаржыларын пайдалануға берген кезде жасалатын қаржылық құралдар.
-
Акциялар және капиталдағы үлестік қатысудың басқа да түрлері .Акция – бұл акционерлік қоғамның меншігінен адамның өз үлесін алуға құқығы барын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденттер түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаз.
-
Сақтандырудың техникалық резервтері мекемелердің келесі екі түрін иемденеді:
-
Өмірді сақтандыру мен сақтандырудың басқа түрі бойынша құрылған компаниялар: қайғылы оқиғадан сақтандыру, табысты қолдау үшін сақтандыру, көлікті сақтандыру, денсаулықты сақтандыру және т.б.
-
Зейнетақы қоры қызметкерлер мен жұмыскерлерді зейнетақымен қамтамасыз ету үшін құрылған резервтерден тұрады.
-
Дебиторлардың, несие берушілердің басқа да шоттары.Бұл категорияға мыналар жатады:
-
сауда несиесі
-
жұмыс үшін аванс төлеу
-
дебиторлардың басқа да қарыздары.
Өзінің шығу тегіне байланысты , қаржылық емес активтер өндірілген және өндірілмеген болып бөлінеді. Өндірілген қаржылық емес активтер өндіріс процесінде жасалады.Өндірілмеген қаржылық емес активтер өндіріс үшін аса қажет болса да , оның өнімі болып табылмайды. Барлық өндірілмеген материалдық активтердің табиғи тегі бар.
Ұлттық байлық мөлшерін анықтау үшін мағлұматтың қайнар көздері болып баланстық кестелер саналады.Бұлар капиталмен байланысты операциялар туралы шот, қаржылық шот, активтер мен пассивтер көлемдері арасындағы басқа өзгерістердің шоты, қайта бағалау шоттары деп аталады. Олардың негізінде активтер мен пассивтер балансы өңделеді.Ұлттық байлықтың құрамдас элементтері жыл басында немесе жыл аяғында активтер немесе пассивтер болып көрсетіледі.
Жыл аяғындағы активтер немесе пассивтер балансы. 1-кесте
Активтер
|
Міндеттемелер және меншік капитал
|
1.Қаржылық емес
2. Қаржылық
|
2.1.Қаржылық
2.2.меншік капиталының таза құны
(1.1.+1.2.-2.1.)
|
Активтер мен пассивтер балансы көрсеткіші бойынша экономика секторнының «меншік капиталының таза құны» есептеледі. Қаржылық активтер мен қаржылық міндеттемелер ішкі экономика секторлары арасында өзара өктеледі. Сонымен , ҰШЖ барлық экономика секторларының меншік капиталына таза құнының жиынтығына еліміздің ұлттық байлығын немесе ұлттық капиталын құрайды.
Елдің ұлттық байлығы Осы елдің резиденттерінің Қалған елдердің
немесе меншік қаржылық емес активтерінің талаптарына арналған
капиталаның = құны + қаржылық таза құн
таза құны
Таза құн – бұл меншік капиталының жинақталған тозу сомасын шегергендегі ағымдағы құн.
Қалған елдердің Осы елдің Осы елдің резиденттерінің
талаптарына резиденттерінің қалған әлемге арналған шетелдік
арналған қаржылық = шетелдік қаржылық + қаржылық міндеттемелерінің
таза құн активтерінің құны шетелдік құны
Қазақстан Республикасының статистика жөніндегі агенттігі ұлттық байлықты, бұрынғы әдіс бойынша, қоғам еңбегімен жасалған , жинақталған материалдық игіліктер ретінде санайды. Қазақстан Республикасының Ұлттық байлық элементтері экономикалық мақсатқа сәйкес мынадай топтарға бөлінеді: негізгі капитал, материалдық емес активтер, тауарлы материалды қосалқы қорлар.
Ағымдағы бағада жиналған мемлекеттік ұлттық байлығы материалдық, табиғи ресрстарға жыл аяғында келген институционалдық бірліктердің ақша шығынын көрсетеді. Құрылымның үлес салмағы жалпы қорытындыдағы ұлттық байлықтың құрамдас бөлігі ретінде есептеледі және ұлттық байлықтың құрамын көрсетеді. Ұлттық байлықтың құрылымдық теңдігі базистік және есептеу кезеңдеріндегі өтіп жатқан өзгерістерді көрсетеді. Ұлттық байлықтың динамикасының нақты көлемін суреттеу үшін тұрақты бағада оның элементтерінің бағалануы қолданылады немесе индекс көмегімен қайта санау жүргізіледі, индекстің көмегімен есептеледі:
I= ∑Pq / ∑P q= ∑P q/ i / P q
Мұндағы:
-
ұлттық байлықтың физикалық көлемінің индексі.
∑Pq- есептеу кезеңдегі тұрақты бағада есептегенде реалды ұлттық байлықтың көлемі;
∑Pq – базистік кезеңдегі ұлттық байлық;
∑Pq – есептік кезеңдегі ұлттық байлық;
I – ұлттық байлықты құрайтын элементтердің жеке индекстері.
2. Негізгі капиталдың бар болуы, күйі және қозғалысының статистикасы.
Негізгі капитал – ол өндіріс процесінде жиі немесе үздіксіз пайдаланылатын , пайдалану ұзақтығы бір жылдан жоғары және өз құнын дайын өнімге амортизация түрінде бөліп сіңіретін қаржылық емес экономикалық активтер. Негізгі активтер материалдық және материалдық емес болып бөлінеді. Олардың құрамы келесі кестеде көрсетілген.
Негізгі капиталды сыныптау 2-кесте
Негізгі капитал
|
1. Материалдық
|
2. Материалдық емес
|
1.1.Үйлер мен ғимараттар
Олардың ішінде:
-
тұрғын үйлер
-
басқа үйлер мен ғимараттар.
1.2. Машиналар мен жабдықтар
Олардың ішінде:
-
көліктер
-
басқа машиналар мен жабдықтар.
1.3. Өңделетін биологиялық активтер.
Олардың ішінде:
-
көп жылдық екпе ағаштар
-
ересек жұмысшы және өнім беретін мал
-
балық өсірушілік
-
омарташылық, бал арасын өсіру, және т.б
|
2.1. Бұрғылау және геологиялық барлау жұмыстары
2.2. Электрондық есептеу машиналары және компьютерлік бағдарламалармен қамтамасыз ету.
2.3. Әдеби және көркем шығармалардың түпнұсқалары
2.4. Ғылымды қажет ететін өнеркәсіптік технологиялар.
|
Негізгі капиталдың статистикалық міндеттері:
-
Ақпараттарды жинау және негізгі капиталдың көлемін анықтау;
-
негізгі капиталдың құрылымын анықтау
-
негізгі капиталды бағалау, қайта бағалау
-
негізгі капиталды пайдаланудың және қозғалысының күйінің бар болуының статистикалық талдауы.
Статистикада негізгі капиталды мына белгілері бойынша топтастырады:
а) кәсіпорындардың меншігінің формасы
ә) экономика саласы
б) аймақ
Негізгі капитал туралы статистикалық ақпараттың алғашқы көзі – баланс.
Негізгі капиталдың статистикалық баланстары микродеңгейдегі, макродеңгейдегі, толық бастапқы және қалдықтық құнынан құралады.
Негізгі капиталдың қалдықтық құны бойынша балансы 3-кесте
Баланс бабы
|
Экономика,
барлығы
|
Соның ішінде салалар бойынша кәсіпорындардың меншікті формалары бойынша:
| -
жыл басындағы бар болуы
-
жыл ішіндегі түскендердің барлығы
Соның ішінде:
-
іске қосылған
-
күрделі жөңдеу
-
өзге себнптерден
-
жыл ішіндегі істен шыққанның барлығы.
Соның ішінде:
-
жойылғаны
-
тозғаны
-
өзге себептерден.
-
жыл аяғындағы бар болуы
-
жыл бойындағы негізгі капиталдың абсолюттік өсімі
-
күрделі қаржы жұмсалымы
-
аяқталмаған құрылыс
|
|
|
Күрделі жөндеу көрсеткіштері мынаны сипаттайды:
-
негізгі капитал құнының артуы;
-
күрделі жөндеулерге жұмсалған ақшаларды игеру.
Баланстың мәліметтері бойынша жыл басы мен жыл аяғына арналған негізгі капиталдың қатысуы арасындағы тәуекелділік келесідей:
НК=НК + Т – Ш
Мұндағы:
НК – жыл аяғындағы капиталдың толық құны;
НК –жыл басындағы негізгі капиталдың толық құны;
Т – барлық бап бойынша жыл бойындағы негізгі келіп түскен құны;
Ш – барлық себептер бойынша жылбойындағы негізгі капиталдың істен шыққан және тозған құны;
Негізгі капиталды бағалау әдістері:
-
Бастапқы құн (БҚ) – бұл негізгі құрал-жабдықтарды құру немесе сатып алу үшін нақты жұмсалған шығындар құны.
-
Ағымдағы құн (АҚ) – бұл негізгі қаражаттардың қолданыстағы нарықтық бағасы бойынша құны.
-
Баланстық құн (ҚҚ) – ол негізгі қаражаттардың жинақталған тозу сомасын шегергендегі бастапқы құн. Амортизация – латын тілінен аударғанда өтеу деген мағынаны береді, онда ҚҚ=БҚ-А
-
Қалпына келтіру құны(ҚКҚ) – ол ғылыми техникалық прогресс пен бағалардың жаңа шартының есептері бойынша негізгі капиталдың құны.
ҚКҚ=БҚ* I, мұндағы I – негізгі капитал элементтерінің баға индексі.
5. Жойылу құны (ЖҚ) – сынған металлоломды өткізу бағасы бойынша анықталады, бұл – негізгі капиталдың тозуына және істен шығуына байланысты жойылғаннан кейінгі өткізуден алынған түсім.
Негізгі капитал тозуының коэфициенттері:
Ктоз ж.б = Тж.б / БКж.б немесе Ктоз.ж.а= Тж.а / БКж.а
Мұндағы: Ктоз.ж.б. және Ктоз.ж.а. – сәйкесінше жыл басы мен жыл аяғындағы тозудың коэфиценттері.
Негізгі капитал қозғалыстарының көрсеткіштеріне жататындар: істен шығу, жою, түсу және жаңарту коэфиценттері. Жою және жаңарту коэфиценттері мерзімге арналған негізгі капиталдың қайта өндірісінің кеңейтілуін көрсетеді.
Негізгі капиталды жою коэфициенті:( К жою)
К жою = Жойыл. / БК ж.б
Мұндағы: жойыл.- кезең бойынша жойылған негізгі капиталдың сомасы.
Негізгі капиталдың істен шыққан коэфициенті (Кш):
Кш = Ш / БКж.б
Мұндағы: Ш – кезең бойынша барлық бағыттар мен істен шыққан негізгі капиталдың сомасы.
Негізгі капиталдың түсу коэфициенті (Кт):
Кт = Т / БК ж.а
мұндағы: Т – кезең бойынша барлық көздерден түскен негізгі капиталдың сомасы.
Негізгі капиталдың жаңарту коэфициенті (Кжаңарту)
Кжаңарту = Жаңарт / БК ж.а
Мұндағы жаңарт. – кезең бойынша жаңартылған негізгі капиталдың сомасы.
Негізгі капиталдың жаңарту коэфициенті мынаны сипаттайды: а)негізгі капиталдың өсу көлемі; б)жаңа негізгі капиталдар құру үшін күрделі қаржы жұмсауға бағытталған қаржаттың азаюы.
Достарыңызбен бөлісу: |