Городская олимпиада для учащихся 5-8 классов по предметам естественно-математического направления Биология, 7 сыныпқа



Дата18.07.2016
өлшемі64.66 Kb.
#206504
2014 – 2015 оқу жылы «Дарын» ҚО
Городская олимпиада для учащихся 5-8 классов

по предметам естественно-математического направления
Биология, 7 сыныпқа

Жұмыс уақыты — 90 минут
1-тапсырма. Тапсырма 20 сұрақтан тұрады, әр сұраққа жауаптың 4 нұсқасы беріледі. Әр сұраққа толық және дұрыс деп есептеген бір ғана жауапты таңдаңыз. Таңдалынған жауаптың индексінің тұсына "+" белгісін қойыңыз. Түзетілген жағдайда "+" белгісі қайталануы керек.
1. Өсімдіктің репродуктивтік мүшесі болып табылады:

а) тамыр

б) жапырақ

в) бүршіктің тұқымды қабыршағы

г) гүл
2. Өсімдіктерде су мен минералды тұздарды өткізеді:

а) ситатәрізді трубкалар

б) тінті талшықтар

в) түтіктер

г) ағаштың талшықтары
3. Жапырақтардың күлтебасының орналасуы тән:

а) қарға көз үшін

б) бақбақ үшін
в) жолжелкен үшін

г) қышабас үшін


4. Жабықтұқымды өсімдіктердің барлық мүшелерін біртұтас етіп байланыстыратын ұлпа:

а) жабындық б) өткізгіш

в) механикалық

г) қоректік


5. Алқа тұқымдастарының өсімдіктерінің жемістері:

а) қауашақ және собық

б) собық және жидек

в) жидек және қауашақ

г) қауашақ және ірі бұршақ.

6. Жапырақтың аралығы мен сабақ бөлігінің үстінде орналасқан бұрыш аталады:
а) өркеннің негізі

б) бүршік қолтығы


в) буын аралығы
г) жапырақ қолтығы.

7. Шырмауық гүлшоғыры үшін тән:

а) ботакөз (ұсақ көк гүлді өсімдік)


б) інжугүл
в) қара бидай
г) бөртегүл

8. Ежелгі қырыққұлақтылардың қарқынды гүлденуінің басты себептерінің бірі болып есептеледі:

1) ылғал мен көмір қышқыл газының жоғары мөлшері


2) көбею кезінде тұқымдардың алмасуы
3) ылғал мен жылы құрғақ климаттың үстемдігі
4) консументтердің болмауы
9. Тарихи даму үрдісінде ең алғаш жапырақтары бар сабақ пайда болды:

1) балдырларда


2) мүктәрізділерде
3) қырыққұлақтәрізділерде
4) плаунтәрізділерде

10. Қырықұлақтыларға қарағанда, жалаңаштұқымдасты өсімдіктерде болмайды

1) ұрықтандыру


2) тұқымдардың пайда болуы
3) споралармен көбейту
4) зиготадан ұрықтың дамуы
11. Жоғарғы өсімдіктерден балдырлар ерекшеленеді:

1) жақсы дамыған өткізгіш жүйе бар


2) ұлпалары болмайды
3) жақсы дамыған ұлпалары бар
4) вегетативті көбейеді
12. Құрлыққа шыққан алғашқы өсімдіктер болып есептеледі:
1) қырыққұлақтылар
2) плаундар
3) қырықбуындар
4) мүктер
13. Мүктермен кейбір ұқсастықтарына қарамастан, плаундар:
1) жақсы дамыған ризоидтары бар өсімдіктер

2) гаметофит спорофиттерге басымдылық белгі көрсететін өсімдіктер

3) кәдімгі тамырлы өсімдіктер
4) ұлпалары әлсіз дамыған

14.Бактерия клеткаларының өсімдік клеткаларынан айырмашылығы: 1) клетка қабырғасының болмауы 2) цитоплазмының болмауы 3) нағыз ядроның болмауы 4) ядролық заттың болмауы

15. Түрдің аты екі атпен аталуы:
1) класс және тұқымдастар 2) туыс және түрлік эпитет
3) тұқымдас және туыс 4) түр мен класс

16. Саңырауқұлақтар мен өсімдіктер үшін жалпы белгі болып табылады:

1) бөліну өнімі - мочевина


2) қоректік зат – гликоген
3) қоректенудің автотрофты түрі
4) жасуша қабырғасының болуы

17. Прокариоттарға жатады:
1) балдырлар
2) қарапайымдылар
3) паразиттер-саңырауқұлақтар
4) цианобактериялар

18. Жануарлар жасушасында қоректік көмірсулар болып табылады:

1) крахмал 2) гликоген


3) хитин 4) целлюлоза

19. Барлық саңырауқұлақтар тіршлігіндегі міндетті жағдай болып табылады:

1) жарықтың жеткіліктілігі


2) қоректенуге қажет органикалық заттардың болуы

3) өсімдіктермен бірлесіп мекен ету


4) көбеюге қажет жыныстық дененің қалыптасу мүмкіндігі

20. Қына ағзасындағы саңырауқұлақтар үшін балдыр не болып саналады?
1) қорек 2) бәсекелес

3) симбионт 4) паразит


2-тапсырма. Тапсырма бірнеше жауап нұсқалары бар 5 тест тапсырмаларынан тұрады, әрқайсысына жауаптың 4 нұсқасы берілген. Сіз толық және дұрыс деп есесптейтін, алдын-ала көптеген саралауды талап ететін, әр сұраққа тек бір жауапты таңдаңыз. Таңдалынған жауаптың индексін дөңгелетіп белгілейсіз. Тапсырманың осы бөлігі үшін ең жоғарғы балл – 10 балл (әр тапсырмаға 2 балл). Түзетуге болмайды.
1. Жасыл эвгленаны "ауыспалы" форма деп атайды, себебі, ол...

1) қыл тәрізді талшықтары, хлоропласттары бар

2) колониалды форма

3) суда желбезекпен тыныс алады

4) жалған аяқтары арқылы қозғалады

5) қоректенудің автотрофты және гетеротрофты түрлерін қатар қолдана алады



жауаптардың кодтары:

а) 1, 5
б) 1, 2, 3, 4


в) 1, 3, 4, 5
г) 1, 2, 5
2. Қандай аурулардың қоздырғыштары қарапайымдылар түріне жатады:
1) малярия

2) дифтерия

3) туберкулез

4) дизентерия

5) холера
жауаптардың кодтары:

а) 1, 4
б) 1, 2, 3, 4


в) 1, 3, 4, 5
г) 1, 2, 5

3. Қарапайымдыларда зат алмасу өнімдерінің бөлініп шығуы және судың артылуы мынаның көмегімен болады: 1) клетка қабыршағы 2) ас қорыту вакуольдері 3) жиырылғыш вакуольдері 4) протонефридия 5) метанефридия

жауаптардың кодтары :

а) 1, 3
б) 1, 2, 3, 4


в) 1, 3, 4, 5
г) 1, 2, 5
4.Эволюция үрдісінде жалаңаш тұқымдас өсімдіктерде судың ыдырауының азаюы қандай бейімділікпен қалыптасқан?
1) діңнің күштілігі

2) дамыған тамыр жүйесі

3) балауызды қабат және саңылаулардың аздаған саны

4) түтіктер арқылы судың жылдам қозғалуы


5) жапырақтың метаморфоздары


жауаптардың кодтары:

а) 3, 5
б) 1, 2, 3, 4


в) 1, 3, 4, 5
г) 1, 2, 5

5. Саңырауқұлақтар көбейе алатын әдістер:
1) гифалармен

2) споралармен 3) тұқымдармен 4) қалемшелермен 5) жыныстық денелердің бөлшектерімен


жауаптардың кодтары:
а) 1, 3, 4
б) 1, 2, 5
в) 1, 3, 4, 5
г) 1, 2, 3
3-тапсырма.  Ой-пікірлердің дұрыстылығына берілетін тапсырма, олардың әрбірімен келісу керек немесе қабылдамау керек, жауаптың «иә» немесе «жоқ» нұсқасын көрсету қажет. Жинауға болатын ең жоғарғы балл – 5 балл (сұраққа жауап бергені үшін 1 балл). Жауаптар жауаптар матрицасына енгізіледі.
1. Бақбақтың гүлшоғыры түтікше гүлдерден тұрады...

2. Тұқым – түрі өзгерген спорангий… 3. Бактериалық ағзалар үшін ...рибосомалардың болуы тән 4. Өсімдіктердің қоректік ұлпаларына жапырақтардан органикалық заттардың қайтуы ...флоэма бойынша жүзеге асады

5. Ішекқуыстылардың күйдіргіш жасушалары қорегін өлтіру және ағзаның қорғаныш қызметін атқарады…


Сұрақтар №

1

2

3

4

5

жауаптар


















4-тапсырма. Терминдерді сәйкес анықтамаларға таңдап алу тапсырмасы. Жинауға болатын ең жоғарғы балл– 5 балл (сұраққа жауап бергені үшін 1 балл). Жауаптар жауаптар матрицасына енгізіледі.
1. Өсімдіктер патшалығында ең төменгі орындағы негізгі таксономиялық категориялардың бірі …

2. Қырыққұлақтың спорасынан дамитын жасыл түсті үшбұрыш пішінді жапырақшасы …- 3. Саңырауқұлақтарды зерттейтін ғылым … -

4. Транспирация үрдісінде (жапырақтардан судың бөлініп шығуы) негізгі функцияны жүзеге асырады…-

5. Барлық гүлді өсімдіктер мына бөлімге жатады…-





Сұрақтар №



Жауаптар

1.




2.




3




4.




5




5-тапсырма. Қойылған сұраққа жауап беріңіздер. Жинауға болатын ең жоғарғы балл – 10 балл (әрбір толық жауап үшін 5 балл).

1. 1. Шөлде, ылғалды жерлерде және сулы ортада мекен ететін өсімдіктер үшін қандай қабілеттіліктері бар? Мысалдар келтіріңдер.

2. Не себепті бүгінгі таңда қыналар ауа тазалығының индикаторлары болып есептеледі? Тірі ағзалардың осы топтарының атауларымен қандай қызықты оқиға бар?
Тапсырмаларды құрастырған: ҚМПИ доценті, Музычко Л.М.

Мемлекеттік тілге аударған: ҚПМИ доценті, аға оқытушы



Уразымбетова Б.Б.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет