Грамматикалық аудармалық әдіс әдістеменің ең көне әдісі



Дата23.10.2023
өлшемі14.1 Kb.
#481414
4 LL СОӨЖ — копия


Әдістер атауы туралы түсінік. Әдістемелер әртүолі кзкңдерде оқыту мақсаттарының өзгеруіне байланысты жаңадан аталып отырады: мысалы, логикалық қағидалар бойынша ситетикалық әдіс, аналитикалық әдіс, дедуктивтік әдіс, т.б; тіл салалары бойынша грамматикалық әдіс, лексикалық әдіс, фонетиакалық әдіс, тілдің психологиялық қағидалары бойынша индуктивтік әдіс, тура әдіс; ойлап табушының аты – жөні бойынша Коменский әдісі, Гуэн; Пальмер, Уэст, Фриз, т.б әдістері.Біз тек ең негізгі әдістерге ғана тоқталайық:

Грамматикалық – аудармалық әдіс - әдістеменің ең көне әдісі.


Тура әдіс 1870 жылдан бастап қолданыла бастады.


Қазіргі әдістер.


Грамматикалық аудармалық әдіс көбіне классикалық тілдерде әсіресе, латын тілін оқытуда қолданылған.Бұл әдісте тіл грамматикалық ережелерді жаттау арқылы оқытылады. Жаңа сөздер грамматикалық тақырып көлемінде алынады. Ал, аударма жаңа сөздері, сөз құрылымын, ережесін оқытқанда қолданылады.Барлық жаттығулар белгілі грамматикалық ереженің аясында құрылып, ана тілінен шет тіліне, шет тілінен ана тіліне аудару арқылы орындалған.


Грамматикалық – аударма әдістің ерекшеліктері:

Грамматикалық талдаудың негізі;


Тілді оқытудағы грамматикалық сатылар;


Грамматикалық – аудармалық әдіс бойынша сөйлемді талдаудың ең жақсы әдісі – оны әуелі ана тілінде түсіндіріп, сөйлем мүшелерін, яғни бастауыш пен баяндауышты, толықтауышты анықтыу. Әрі қарай талдаудф етістіктің шағын, етісін анықтап жалғастыруға болады. Содан кейін оқушыларға осы сөйлемнің шет тіліндегі аудармасын беру оңайырақ болады.


Дыбыстар, морфемалар, сөздер әр тілдің өзіне ғана тән түрінде болады, ал синтаксистік негізгі қағидалары барлық тілдерге тән. Барлық ағылшын тіліндегі грамматикалық құрылымдармен сәйкес келмейді.

Грамматикалық – аудармалық әдіс алғашында XVIII- XIX ғасырдың мектептерінде кеңінен қолданылды. Кейінен педагогика, психология, лингвистика ғылымдарының дамуы бұл әдіске өзгерістер енгізіп, XIX-XX ғасырдың соңында «екі грамматиканың» ара қатынасы ажыратылды.


Қазір де әдістемеге дәстүрлі тұрғыдан қарағанда грамматиаклық – аудармалық әдіс жиі кездеседі.


Бұл оқулық – ағылшын тілін мемлекеттік тілде меңгерудегі негізгі оқу құралы. Грамматикалық ережелерді игерудің нәтижесінде тіл жаттығып, сөйлеммді дұрыс құрастыру оңайға соғады.


Тура әдіс. Г. Пальмер әдісі. Тура әдіс грамматикалық – аудырмалық әдіске қайшы әдіс реиінде дүниеге келді.

Өндіріс пен сауданың халықаралық көлемде қарқынды дамуы, капиталистік мемлекеттердің үлкен елдерді отарлауы сияқты пргпестер шет тілін білетін мамандарға сұранысты арттырды. Бұл өз кезегінед жаңа әдістің пайда болуына себепші болды. Тілді іс жүзінде игеру мектептерде шет тілін оқытудың негізгі мәселесіне айналды.


Тура әдістің негізгі ерекшелігі мынадай:


1)Шет тілін оқытудың негізгі бағыты – тәжербиелік,яғни, бірінші


орынға сөйлеу қойылуы;


2)ана тілінің екінші орында, тіпті назарсыз қалуы;


3)Тілді үйрету ісінде аудырманың өте аз мөлшерде, керісінше, ауызша – жазбаша жаттығулардың көп қолдануы;


4)Грамматиканы оқытуда индуктивтік әдістің қолдануы (грамматикалық әдісте грамматикалық ереже бірінші беріліп, жаттығулар орындалады, ал бұл әдісте әуелі жаттығулар оындалып, содан кейін грамматикалық тұжырым жасалады).


5) Айтуды үйреиуге үлкен көңіл бөлінеді.


6) Мәтіндердің мазмұнына, әсіресе, тақырыпқа ьайланысты сәтіндер құрасытыруға назар аударылады.


Бұл әдістің тура әдіс деп аталуының себебі – шет тілін оқытуда, шет тілімен баратін түсініктің арасындағы байланыстың тура болып, ана тілінің мүлдем қолданылмауы.


XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында тура әдістің бірнеше түрі пайда болды. Тура әдісті жинақтаущылар Г. Груэн, М: Вальтер т.б


Бұл әдісті пайдаланатын мұғалымдер тіл үйретудің алғашқы күнінен бастап, оқушыны әңгімелесуге тартады, заттарды, суреттерді пайдаланып, сөйлемнің мағнасын түсіндіру үшін қимылдар жасайды.


Тура әдісті қолданушылар өте көп. Осы әдіс оқушылардың шет тілін меңгеруге деген қызығушылығын арттырады.


Дегенмен, бұл әдісті қолданудың қиыншылықтары да жоқ емес. Мәселен:


1)Оқу материалы мен жаңа сөздер ғылыми негізсіз іріктеледі. Бұл әдіс тек тақырыптық негізге сүйенеді, ол үшін оқушы өте көп жаңа сөз білуі керек.


2) Мектепте оқушылардың сөйлеп үйренуіне жағдайдың болмауы.


3) тәжербиесіз мұғалімдер қолданса, өте тиімсіз болып келеді.


Тура әдістің негізгі қағидаларын ұсынған атақты ағлшын әдсікерлері Г. Пальмер мен М. Уэст болды.


Г. Пальмер әдісінің негізгі қағидалары:


- Шет тілін оқыту ауызша сөйлеуден басталды.


- Шет тілін оқыту іріктелген материалдың негізінде жүзеге асырылды. Г. Пальмердің ұсынуы бойынша оқытылуға тиіс жаңа сөздердің мөлшері 3000 сөз болды.


Пальмер ауызша оқытудың мынадай жолдарын ұсынды:


-іс – қимыл арқылы (Мұндай арнайы жасалған заттарды көрсетіп, қимыл арқылы білдіретін жаттығулар ұсынылады);


-сәйкестендірудің 100 кестесі (Оқушылар осы кестелердегі ағылшын тіліндегі мысалдарға қарап, сөйлемдер құоауы тиіс).


Г. Пальмердің бұл әдістері қазіргі кезде жиі қолданылады және оқушыларға мынадай мүмкіндіктер береді:


- сөйлем үлгілеіндегі үнемі қолданылатын сөздер мен сөз тіркестерінің берілуі ауызекі сөйлеуде көмектеседі;


-тыңдау жаттығуларының көп болуы оқушыға жылдам сөйлегенде ағылшын тілін түсінуге мүмкіндік береді.


Шет тілін оқыту – мұғалімнің үздіксіз еңбегінің және оқушының оған жауабының тізбегі. Шет тілін үйренуде оқушы мынадай кезеңдерден өтеді: I.а)Қабылдау


Бұл кезеңде мұғалім сөйлейді. Оқушы мұғалымнің сөзін тыңдайды. Мысалы сынып бөлмасіндегі заттарды көрсетіп, оларды атайды.


This is a book. Look at the book. I m going to put the book on the table.


ә) Мұғалім сөйлейді. Оқушыларға тапсырма береді. Мысалы: «Дауыс ырғағына назар аударыңыз».


б)Бұйрықтарды орандау жаттығулары.


Мұғалім оқушыларға бұйрықтар береді.


Мысалы:Get up. Sit down. Come here.


Мұғалім бұйрықтарды ымдап түсіндіреді.


в) “Yes”. “No”.


Мұғалім сұрақ қояды. Оқушылар тек «Иә» не «Жоқ» деп жауап береді.


II.Қабылдау – еліктеу.


Мұғалім сөйлейді.Оқушылар қайталайды.


III. Әңгімелесу.


Оқушы әртүрлі сұрақ қойып, оған жауап беруді үйренеді.

IV.Сөйлеу


Мұғалім оқушымен ағылшын тілінде сөйлнйді.

Жалпы, Г. Пальмер әдісінің негізі – сөйлеуді үйрету, ал М.Уэст болса, керісінше, басты міндет қылыр оқуды қойды. М. Уэст оқу арқылы шет тілін үйренетін әдістемелік жинақтар жасады.


а) оқуға арналған кітаптар


ә) жаттығу кітаптары


Бұл екі ағылшын әдіскерлері ағылшын тілін оқыту әдістемесіне үлкен үлес қосты.


Қазіргі әдістеме дәстүрлі және аудио – лингвистикалық оқыту деп екіге бөлінеді.Қазіргі әдістеменің негізгі қағидалары:


тыңдауды және сөйлеуді дамыту

сөйлеу үлгілерін пайдалану


аударианы өте аз қолдану


грамматиканы үлгі арқылы оқыту


сөйлеуді үйретуде өмірімен тығыз байланысты жағдайларды қолдану


Мұғалім оқушыларды шеттіліне үйрету үшін өзі:


шеттілін жетік білуі


педагогика мен психологияны дақсы білуі


оқыту әдістері мен техникасын білуі


оқыту әдістерін оқу процесінде шебер қолдана білуі керек.


Әдістеме дегеніміз – қойылған мақсатқа жету жолы.Педагогика
ғылымында әдістеменің екі түрі бар: оқыту және тәрбиелеу әдістемесі.Әдістеме – мұғалім тәрбиесінің педагогикалық шеберлігінің негізі. Шет тілдерінде оқыту әдістемесінде «әдіс» сөзі мынадай ұғымда қолданылады: біріншіден, ол оқытудың белгілі бір мақсатына, мазмұнына және қағидаттарына (принциптеріне) негізделген тұтас бір бағыт.

Мысалы: грамматикалық – аудармалық әдіс, тура әдіс, т.б Грамматикалық – аудармалық әдісінің негізіне логикалық сөйлеу мен оқушының шет тіліндегі мәтінді оқып аудара білуі мүмкіндігі жатады. Көбіне грамматикалық ережелерді оқып білуге көңіл бөлінеді. Тура әдісте алдымен сөйлеу дағдыларын қалыптастырып, шет тілін түсіне және сөйлей білуге үйретеді, сондай-ақ оқу және жазу да қатар үйретіледі.


Екіншіден, «әдіс» сөзі белгілі бір автордың ұсынған оқыту жүйесіндегі бағытын білдіреді. Мысалы: тура оқыту әдісіндегі Француа Гуэн әдісі, Г. Пальмер әдісі, Майкл Уэст әдісі т.б


Үшіншіден, әдіс дегеніміз – оқушы мен оқытушының арасынадағы белгілі бір тәртіпке байланысты процесс. Бұл ретте әдіс оқытудың қа,идаттарымен айқындалатын іс - әрәкет арқылы анықталады.


Егер оқытуды тұтас жүйе ретінде алып қарасақ, оның екі құрастырушысы бар: оқытушы(мұғалім) және оқушы (оқушы,студент). Оқытушы оқушының оқуға деген қызығушылығын оятып, оны басқарып, бағыттап отыруы керек. Оқу - өте белсенді процесс, онда оқушы оқыту жұмыстарының бәріне қатысуы керек. Бұл екі жақты іс-әрекет: біріншісі – оқытады, екіншісі – оқиды, мұнда екі жақтың атқаратын іс - әрекетін бөлек қарауға болады.


Сабақтағы мұғалімнің қызметтері. Оқытушы ұйымдастыру, оқыту және бақылау қызметтерін іске асырады. Ал оқушының міндеті – оқу материалымен танысу, үйренген шет тілін ара –қатынас құралы ретінде қолдана білу, үйрену және шет тілінде түсінгенін айтып, еркін сөйлеуге талпыну және мәтінде кездесетін таныс емес сөздердің мағнасын түсіну.


Оқытушының өз міндеттерін ұйымдастыруы.Мұғалімге қойылатын басты талап – оның ұйымдастыру қабілетінің жоғары болуы. Оқушыны оқу материалының (тілдік және сөйлеу) дағдыларын үйретуге, жаттығуға үйретіп, оқу процесін ұйымдасиыруы тиіс.


Мұғалімің бастыпқы кездегі ұйымдастыру қызметінің маңызы зор, себебі, шет тілін – оқушылар үшін жаңа пән ана тілінен кейінгі екінші тіл. Бұл ерекшеліктерді міндетті түрде ескереген жөн. Бірінші сабақтардан бастап әр оқушыны сабаққа тартуға тырысу қажет. Мысалы:2- сынып оқушыларына магнитофон тыңдатып, оған еліктеуге үйрету қажет.

Мұғалімнің оқыту қызметіне түсіндіру, талқылау, хабарлау, түзету және үйреніп жатқан тіл арқылы білімді толықтыру, тілід ауызша және жазбаша қарым-қатынас құралы ретінде пайдалануға үйрету жатады.


Мұғалімнің бақылау қызметіне оқу материалын оқушының (түсінгенін,түсінбегенін) білуі және жаттығуды қалай орындаған (дұрыс,дұрыс еместігі), байланыс құралы ретінд қолданғанда байланыс құралы орындалды,орындалмады,қалай орындалды) немесе оны қолдану үшін не кедергі болғанын, т.б анықтау жатады. Ал енді оқушының қызметіне не жатады, соны қарастырайық.


Оқушының қызметтері. Оқушының негізігі міндеті – оқу құралдарымен танысып, формасын, маңызын, және қолдануын түсіне білу. Келесі міндеті – жаттығу. Жаттығу дегеніміз – оқу материалын бірнеше рет есту, сөйлеу және көру мүшелері арқылы өткізіп,ны есте сақтау.


Шет тілін жаттығусыз оқып – үйрену мүмкін емес. Оқушының тағы бір міндеті – қолдану яғни үйренген тілді қатынас құралы ретінде пайдалана білу. Оқу процесінде оқушы мен оқытушының іс-әрекеті тығыз байланысты, бұл оқытудың әдістмесін анықтауы қажет.


Ағылшын тілін оқытудағы көрнекілік әдіс. Әдістеме оқытушының қызметін көрсетіп, оқушының материалымен танысуына, жаттығуына, қолдануына сілтеме жасауы тиіс. Әдістеме дегенімізді оқушының оқуын басқару тәсілі деп түсінуімізге де болады. И.Л. Бим көрсеткендей, әдістеменің негізгі және қосалқы түрлері бар.


Негізіг әдістемеге:


1)таныстыру


2)жаттығу


3)қолдануды жатқызуға болады


Қосалқы әдістемеге:


1)бақылау


2)түзету
3)бағалау жатады


Ал оқушының қызметінің негізігі әдістеріне

1)танысу

2)жаттығу

3)қолдануды жатқызуға болады


Қосалқы әдістерге өзін бақылауды алуға болады.


Мына сызбамен ианысайық.


Мұғалім әдіс оқушы

Ұйымдастырады----(танысу)


(жаттығу)--- атқарады.


(қолдану)


Сабақтың бір бөлігін беру үшін әуелі көрсету қажет. Мұғалім затты көрсете алады, оның ағылшын тіліндегі атауын айтып көрсетеді. Ағылшын тіліндегі сөздерді атау үшін ол заттың суретін салыр көрсетеді,фланелограф, магнитті
Тақтада көрсете алады.Магнитофон, үнтаспалар қолдануға болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет