Грамматикасы


Аралас құрамдас күрделі баяндауыш



бет109/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Аралас құрамдас күрделі баяндауыш


Күрделі баяндауыштың құрамы төмендегідей әртүрлі типтегі элементтерден тұруы да мүмкін.

  1. Модаль етістік пен есім сөзден жасалған баяндауыш He must be fair (Ол әділ болуы керек).

  2. Қалып (аспекті) етістік пен есімнен жасалған баяндауыш We began to believe it (Біз бұған сене бастадық).

  3. Модаль етістіктің эквиваленті мен қалып (аспекті) етістік­ тен тұратын күрделі баяндауыш

He had to persuade his friend of his rightness (Оған өзінің дұрыс екендігіне досының көзін жеткізуге тура келді).

Қосарлы баяндауыш


Қосарлы баяндауыш етістік пен есімнің тіркесінен жасалған баяндауыш.
You must make sure (Сіз бұған илануыңыз/сенуіңіз керек).
Күрделі баяндауыштың мұндай конструкциясының бірінші ком­ поненті толық лексикалық мағынасы бар бастауыштың іс­әрекетін білдіретін етістіктің тиянақты формасында тұрады. Екінші компонен­ ті сөйлемнің бастауышын анықтап тұратын есім сөзден жасалады. Баяндауыштың бірінші компоненті мынадай етістіктерден жасалады:

  1. Қозғалысты білдіретін етістіктер: come, go, run, fly, rіde, fall, return, т.б.

  2. Қалыпты білдіретін етістіктер: stand, sіt, lіe, hang, т.б. It is burned black (Ол қап­қара болып жанды).

He was sitting smoking (Ол темекісін шегіп отырды). She can go mad (Оның есінен ауысуы мүмкін).
The child fell flat (Бала етбетінен құлады).
Кей жағдайда мұндай етістіктердің лексикалық мағынасы көмескіленіп, негізгі бөлігі есімнен жасалған баяндауыш пен бастауышты дәнекерлеуші (көмекші) етістік қызметін атқарады.
He remained ill. He was ill (Ол ауырып қалды).
Мұндай етістіктерден кейін сын есім емес, үстеу келеді және сөйлемнің баяндауышы жай баяндауыш болып есептеледі.
The children were playing joyfully (Балалар көңілді ойнап жатты).
They shook hands friendly (Олар достарша қол қысысты).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   105   106   107   108   109   110   111   112   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет