Грамматикасы


Бастауыш пен баяндауыштың қиылысуы



бет110/153
Дата01.03.2024
өлшемі1.05 Mb.
#493877
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153
dokumen.pub 9786012473537

Бастауыш пен баяндауыштың қиылысуы


Бастауыш пен баяндауыш шақ, түр категорияларында қиылы­ сады. Осыған байланысты бастауыш пен баяндауыштың мынадай қиылысу ережелері бар:

  1. Бастауыш екі не одан да көп зат есімнен тұрса, ол көпше түр болып есептеледі де, баяндауыш та көпше түрінде келеді.

Tina and I are friends from our childhood (Мен (біз) Тина екеуміз бала кезімізден доспыз).
My aunt and two cousans live in Canada (Менің тәтем және екі нағашым Канадада тұрады).
There stand a table and three chairs (Онда үстел және үш орындық тұрды).

  1. Бірақ та екі не одан көп зат есім бір заттың күрделі атауын білдірсе, онда күрделі зат есім жекеше түр ретінде есептеліп, баяндауыш жекеше түрде келеді.

Meat and potato is a substantial meal (Ет пен картоп – жұғымды тамақ).
Orange and banana is his favourite fruit (Апельсин мен банан оның сүйікті жемісі).

  1. Көпше түр қашықтықты, биіктікті, салмақты не ақша көле­ мін бір сан ретінде білдірсе, онда ол жекеше деп есептеледі және баяндауыш та жекеше түрінде келеді.

Fifty dollars is paid for this dress (Бұл көйлекке елу доллар төледі).
Three kilos of potato costs five dollars and four pence (Үш келі картоп бес доллар және төрт пенс тұрады).
Four kilos of sugar is enough for jam (Төрт келі қант қайнатпаға жеткілікті).

  1. Егер әдеби шығарманың, газеттің, журналдың аттары (үй­ дің, қонақүйдің аты т.б.) көпше түрінде болса, олар бір ғана зат­ тың, нәрсенің атауы ретінде жекеше деп алынады да, баянда­ уышта жекеше түрінде келеді.

«Ten days that struck the world» was written by John Reed («Дүниені дүр сілкіндірген он күн» кітабын Джон Рид жазған).
«Asian Tribunes» is issued in our country (Біздің елімізде
«Азия трибунасы» шығады).
«Hide and Seek» is a game (Тығылмақ – ойын).

  1. Егер бастауыштың орнына жасанды (формальді) «there» сөзі тұрса, баяндауыш сөйлемдегі нақты бастауышпен қиылы­ сады. Егер бастауыштар омонимдес болса, онда баяндауыш бі­ рінші тұрған бастауышпен қиылысады.

There is a book on the table (Үстелдің үстінде кітап бар). There was much snow in the street (Көшеде қар көп).
There are two windows and three doors in this house (Бұл үйде екі терезе, үш есік бар).

  1. Егер «a lot of, plenty of» белгісіздік есімдіктері заттың санын білдірсе, онда баяндауыш көпше түрінде келеді, ал егер шамасын не көлемін білдірсе, онда баяндауыш жекеше түрінде келеді.

There were a lot of interesting books in the bookshop (Кітап дүкенінде көптеген қызықты кітаптар болатын).
There was a lot of noise in the streest (Көшеде қатты шу болды). There are plenty of suggestions for graduaters (Бітіруші­ лерге көп ұсыныс болды).

  1. «Half, most» сөздерінен кейін қандай конструкция екендіг­ іне байланысты баяндауыш жекеше, көпше де түрінде келе береді.

Half the task was done by students (Тапсырманың жартысын студенттер орындады).
Most of his pictures were displayed in the exhibition (Көрмеде оның суреттерінің көпшілігі қойылған).

  1. «A number of» тіркесі «көп, бірнешe» деген мағынаны білді­ ретіндіктен, одан кейін баяндауыш ылғи да көпше түрінде келеді.

A number of scientists take part in the conference (Бұл конференцияға көптеген ғалымдар қатысады).
Ал «the number of» (белгілі артикльмен келгенде) заттың ретін білдіретіндіктен, одан кейін келетін баяндауыш жекеше түрінде тұрады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   153




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет