Салалас құрмалас пен сабақтас құрмалас сөйлемдердің аралық түріне жататын аралас құрмалас сөйлем бар. Олардың формасы құрмалас сабақтас сөйлемге сәйкес келеді, ал құрамындағы жай сөйлемдердің бірбірімен байланысы салалас құрмаласпен ұқсас. Аралас құрмалас сөйлемге салыстырмалы және себепсалдар бағыныңқылы сөйлемдер жатады.
Салыстырмалы бағыныңқылы сөйлем
Мұндай сөйлемдер бірбірімен салыстырыла байланысқан екі сөйлемнен тұрады. Семантикасы жағынан екінші сөйлемнің ма ғынасы маңыздырақ. Бірінші сөйлемнің сөйлем мүшелері жарты лай орын ауысады. Егер бірінші сөйлем екіншісімен «not only ... but, hardly ... when, no sooner ... than» жалғаулықтарымен келсе, онда бірінші сөйлем мүшелері жартылай орын ауысады.
Not only could she answer the call but she couldn’t rose, when knocked at the door long (Дик есікті қаққанда, ол оның шақырғанына бармақ түгілі, орнынан да тұра алмады).
Tommy lost not only his job but his chance to get any sug gestions (Томми тек жұмысын жоғалтып қана қойған жоқ, сонымен бірге ұсыныс алатын мүмкіндігінен де айырылды).
Hardly Clifford had cut cross the lawn when a little person came rushing after him (Клифорд көгалды кесіп өтер өтпестен кішкентай әйел қуып жетті).
No sooner he came home, than a telephone rang (Ол үйіне келеркелместен телефон шылдырлады).
Егер жалғаулық сөйлемнің басында тұрса, онда сөйлем мүше лерінің орын тәртібі өзгермейді.
I hardly believed my eyes when I met her after many years (Көп жылдан кейін оны кездестіргенімде өз көзіме өзім сенбедім).
Clifford no sooner entered the room than the girl yet twenty stood before him (Клифорд бөлмеге кірмей жатып, оның алдында жиырмаға толартолмас қыз тұрды).
Сөйлемдер бірбірімен «eіther... or, the ... the» жалғаулық тарымен байланысса, сөйлем мүшелері орын ауыспайды.
Either candidates must pay fifty dollars for a permission, or you won’t be allowed into the examination (Әрбір талапкер рұқсат алу үшін елу доллар төлеуі керек, әйтпесе емтиханға жіберілмейді).
The more she listened to his story, the more she was inter ested (Оның әңгімесін тыңдаған сайын ол одан бетер қызыға түсті).
The more you read, the more you know (Неғұрлым көп оқыған сайын соғұрлым көп білесің).
Достарыңызбен бөлісу: |