Бұрынғы жедел өткен шақ, өткен шақта болған бір ісәрекет тен бұрын, оның алдында аяқталған, біткен ісәрекетті білдіреді. Ағылшын тіліндегі бұл шақ формасы қазақ тіліндегі бұрынғы өткен шақтың формасына сәйкес келеді. Бұрынғы (жедел) өткен шақтың хабарлы, сұраулы, болымсыз сөйлем түрлерінің жасалу жолы жедел өткен осы шақпен бірдей, тек «to have» көмекші етістігі өткен шақ формасында («had» етістігі) келеді. Бұрынғы
(жедел) өткен шақта ісәрекеттің мезгілі «by 5 (6, 9…) o’clock yes- terday (on Monday…), by the (that) time, by th end of…» үстеулері, үстеулі тіркестері, белгісіздік өткен шақ формасындағы екінші бір ісәрекет немесе контекст арқылы беріледі.
We had finished our experiment by the end of the month
(Айдың аяғына дейін біз тәжірибені аяқтаған едік). Gulnar had translated the text by 10 o’clock yesterday (Кеше сағат онға дейін Гүлнар мәтінді аударып болған (еді).
Marat said that somebody had phoned in his absence (Марат ол жоқта біреудің телефон соққанын айтты).
When we reached to the station the train had left (Біз бекетке келсек, пойыз кетіп қалыпты).
When had all that happened? (Оның бәрі қашан болған?) He had closed the door and went out (Ол есікті жауып, далаға шықты).
By the time mother came we had cooked the dinner (Апамыз келгенде, біз тамақты пісіріп қойғанбыз).
Unfortunately, we hadn’t had enough money even to save for study by then (Өкінішке орай, біздің ол кезде оқуға түсуге жинайтын жеткілікті ақшамыз да жоқ еді).
Жедел өткен келер шақ ісәрекет, қимылдың алдағы уақытта белгіленген не белгілі бір шектеулі уақытқа дейін аяқталатынын, орындалатынын, іске асатынын білдіреді. Жедел өткен келер шақтағы сөйлемдер, негізінен, болжалдық, мақсаттық мағынада болып келеді. Жедел өткен келер шақ жедел өткен шақ тобына жататын басқа шақ түрлері сияқты, «to have» көмекші етістігінің келер шақ формасы («shall have» – бірінші жақта, «will have» – екінші, үшінші жақтарда) мен негізгі етістіктің көсемше түрі (етістіктің үшінші формасы) арқылы жасалады. Мезгілдік үстеулер ісәрекеттің жедел өткен шақтағы мезгілін білдіретін үстеулермен ұқсас, тек олармен келер шаққа қатысты «by 10 o’clock tomorrow, by this time tomorrow, by then, by noon, by Mon- day» т.б. сөздері тіркесіп келеді.
I hope we shall have improved our English by this time next
year (Келесі жылы бұл уақытқа дейін ағылшын тілін жетік меңгеріп аламыз деп сенемін).
I think you will have completed your research by then (Сіздер оған дейін зерттеу жұмысын аяқтайсыздар деп ойлаймын). He’ll have graduated from the university by then (Оған дейін ол университетті бітіріп шығады).
Will you have finished the translation when I come? (Мен келгенше сіз аударманы бітіріп қоясыз ба?)
Will they have passed all their exams by June? (Маусымға дейін олар емтиханның бәрін тапсырып бола ма?)
We shall not (shan’t) have rebuilt the house by that time. (Біз ол уақытқа дейін үйді қайта салып бітіре алмаймыз).
They will not (won’t) have collected the necessary material for the expedition by tomorrow (Ертеңге дейін олар экспе дицияға қажетті материалдарды жинап бола алмайды).
Достарыңызбен бөлісу: |